106
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
Барлық патологоанатомиялық өзгерістер 3 топқа бөлінеді:
1) ми дамуының аномалиялары;
2) өмір сүру кезіндегі церебральды үрдіс ерекшелігін бейнелейтін өзгерістер:
жүйке тінін зақы м дайты н м езенхим аны ң ілкі немесе салдарлық
зақымдалуы нәтижесіндегі қабынулық немесе дистрофиялық үрдіс;
3) ми тініндегі тыртық, дефектіге байланысты болатын резидуальды
құбылыстар. Сонымен, патологоанатомиялық зерттеулер арқылы диа-
гнозды дәлелдеп қана қоймай, сонымен бірге аурудың даму механизмін,
үрдістің сипатын, орналасуын, тіндердің таңдамалы зақымдалуын,
жеделдік дәрежесін, фазасын, ауруға организмнің жалпы реакциясын,
ішкі органдардың жағдайын көз алдымызға елестете аламыз.
Кейбір жағдайларда патологоанатомиялық зерттеулер аурудың себеп фак-
торын табуға көмектеседі. Үдемелі салдануда, мерез ауруы кезінде мидан бозғылт
спирохеталарды көре аламыз, Кох таяқшасын таба аламыз, сәйкес патология
кезінде цистицерк немесе сәулелі саңырауқұлақты таба аламыз. мидағы жалпы
өзгерістер негізінде жарақаттар, уланулар, қан айналысы бұзылысы кездерінде
мидағы өзгерістердің жалпы суретіне сүйеніп, бұзылыс себептерін анықтауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: