Басқа аспаптық зерттеу әдістері
101
жоғарғы және ортаңғы үштіктің ортасында 1-2 қосымша толқын (инцизура)
болады. Дені сау жас адамда өрлемелі бөлімі төмендеуші бөлімге қарағанда
үлкендеу, ал ұшы үшкір немесе аздап дөңгеленген болып келеді. Церебральды
атеросклероз дамуына байланысты толқынның ұшы тегістеліп арка тәрізді түрге
айналады.
РЭГ-ның қисық сызығының сандық көрсеткішін талдағанда, толқынның
таралу уақытына, барлық толқындардың өрлемелі және төмендеуші бөлімдерінің
уақытына, әр деңгейдегі толқындар амплитудасына көңіл аударады, осы
көрсеткіштер бойынша әр түрлі индексті есептейді.
Толқынның негізінен шыңына дейінгі арақашықтықты РЭГ толқынының
амплитудасы дейді. Амплитуданың биіктігі бойынша қантамырдың пульстік
қанм ен толуының мөлшерін бағалайды: қан толуы күшті болған сайын
толқынның амплитудасы жоғары болады.
Амплитуданың мөлшері жүрек жиырылуының жиілігіне, қанның соққы
көлеміне, артериялық қысым көлеміне, қантамыр қабырғасының тонусына
байланысты болады. Тамырлардың локальды бұзылыстарында (инсульт, мидың
зақымдалуында, гематоманың асқынуы) реоэнцефалографияны зерттегенде
өзгеріс, зақымдалған ошаққа сәйкес келеді. Функционалды сынамалар арқасында
бұзылыстың түрін, оның орналасқан жерін, реактивтілігі мен қантамырларының
компенсаторлы мүмкіншіліктерін анықтауға болады. Функциялық сынамалар
ретінде фармакологиялық жүктемелер, гипервентиляция, бастың орналасу
жағдайын өзгерту әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: