Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


БАСҚА АСПАПТЫҚ ЗЕР ТТ ЕУ ӘД ІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет48/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

БАСҚА АСПАПТЫҚ ЗЕР ТТ ЕУ ӘД ІСТЕРІ
Эхоэнцефалография
— эхолокация феноменіне негізделген, миды ультра- 
дыбыс көмегімен зерттеу әдісі. Мидың орталық құрылымынан шығатын уль- 
традыбысты сигнал ұсталады: мидың алдыңғы бөлімінде мөлдір аралықтан, 
ортаңғы бөлімінде — III қарыншадан, артқы бөлімінде — эпифизден ұсталады. 
Зерттеу екі жақтан бір мезгілде жүргізіледі. Ісіктерде, қан құйылуда, іріңдегенде 
мидың медиальды бөлігі жарты шардың сау жағына қарай ығысады, ал ми 
атрофиясында жарты шардың зақымдалған жағына қарай ығысады. Бірінші 
жағдайда ультрадыбыс жолы зақымдалған жағында көбірек ұсталады және 
осцилоскоппен бейнеленген сигналдың тіркелу уақыты да өседі, ал екінші 
жағдайда ультрадыбыс зақымдалмаған жақпен салыстырғанда аздау болады. 
А ралы қ құр ы лы м н ы ң ы ғы су ш ам асы ультрады бы с с и гн ал ы н ы ң
арақашықтығымен анықталады, қалыпты жағдайда ығысу 12 мм-ден аспауы 
керек. Бұл әдіс мидың органикалық ауруларын зерттеу және диагностикасы 
үшін қажет.
Миды рентгенографиялъщ зерттеу
әдісіне краниография, пневмоэнцефа­
лография, ангиография және компьютерлі томография кіреді.
Краниографияда бастың рентген суретін контрасты заттарды жібермей-ақ 
алуға болады. Рентген суретінде бас сүйегі, ондағы өзгерістер мен қалыңдаулар 
және жарақаттан кейінгі ми қабығындағы әктенуді, бөгде денелерді көруге 
болады. Бас сүйегінің өсіп келе жатқан ісікпен жанасуының нәтижесінде бас


102
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
қысымының өсуіне байланысты ісік жіңішкеріп, ми иіріміне «басылған саусақ 
белгісін» түсіреді.
Бас ішілік қысым көтерілгенде, веналық қан ағысы төмендейді де, ми 
тамырларының суреті күшейеді. Бұл әдіс мидың органикалық зақымдалуын 
анықтауға мүмкіндік береді.
Пневмоэнцефалография
— бұл жұлын сұйықтығының бір бөлігін ауа не- 
месе оттегімен толтырғаннан кейінгі миды рентгенографиялық зерттеу әдісі 
болып табылады. Ми қарыншалары және субарахноидальды кеңістік пнев- 
м атизациясы қабы нулы қ ж ән е сп ай калы қ үрдістер, ісіктер, туа біткен 
ауытқулар кезіндегі патологияны, олардың орналасу аймағын анықтауға 
мүмкіндік береді.
Ангиография
— қан тамыр жүйесіне контрастылы немесе радиоактивті затты 
енгізу арқылы жүргізілетін мидың рентгенографиялық әдісі. Бұл әдіс ми 
тамырларының зақымдалуын, әр түрлі жаңа түзілістер — ми қан айналысын 
бұзатын ісіктерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік томография
— мидың барлық бөліктеріне қатысты патоло- 
гиялық өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік беретін қабатты, рентгенографиялық, 
рентгеноскопиялық зерттеу.
ЭВМ көмегімен бір уақытта алынған мәліметтерді өңдеу өлшем нәтижелерін 
бірден алуға мүмкіндік береді. Ми ісіктері, киста, гуммалары, селдіреуі және 
бас миының семуі диагностикаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет