Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Қабылдау бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет61/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Қабылдау бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері
Қабылдау бұзылыстары балаларда жиі кездеседі ж әне олардың бірқатар 
ерекшеліктері болады. Балаларда ең алдымен, көру иллюзиялары жиі пайда 
болады. Олар ұйқыға кетер алдында, қорқы ны ш жағдайында (оқылған 
ертегілерден немесе ұйықтар алдында тыңдалған «қорқынышты» оқиғалардан), 
дене температурасының жоғарылауы кезінде жеңіл пайда болады. Бұл жағдайда


Ес бүзылысы
123
қоршаған ортадағы заттар қорқынышты көрінеді, фантастикалық формаларға 
енеді, балалар бөлмеде жалғыз қалуға қорқады.
Егер галлюцинациялар пайда болса, соның ішінде, көру галлюцинациялары 
басым болып келеді, олар ашық, бейнелі сипатта болады және әдетте, кешкі 
уақытта пайда болады. Галлю цинациялар өзгерген сана фонында жиі 
бақыланады.
Психосенсорлық бұзылыстар — балалардағы инфекциялық және органикалық 
аурулардың жиі симптомы.
Жасөспірімдердегі қабылдау бұзылыстары ересектердікіне ұқсас болып 
келеді. Дегенмен, ересектермен салыстырғанда жасөспірімдерде көру галлю­
цинациялары, қиял елестері айқын болып келеді. Жасөспірімдердегі галлюци­
нациялар мен псевдогаллюцинациялардың ерекшеліктері оқылған кітаптар 
мазмұнын, қызығушылықтарын бейнелейді. Жасөспірімдерде дереализация 
мен деперсонализация жиі бақыланады. Бұл бұзылыстар шаршау немесе эмо- 
ционалды күйзелістер кезінде эпизодты түрде пайда болуы мүмкін.
Зерттеу әдістері
Қабылдау бұзылыстары клиникалық, экспериментальды-психологиялық 
әдістермен анықталады.
Сұрау әдісі науқастағы қандай да бұзылысты мақсатты анықтауға негізделген. 
Мысалы: «Сізде денеңіз ұлғайып немесе кішірейген, ауырлаған немесе 
жеңілдеген тәрізді сезім болады ма?» Бақылау әдістері науқастың жүріс-тұрысын 
бақылаудан тұрады, жүріс-тұрысқа аффективті және вербальды иллюзиялар
парейдолиялар, галлюцинациялар әсер етуі мүмкін. Қауіп төндіруші, кінәлаушы 
галлюцинациялары бар науқас палатадағы науқастардан «олар менің соңыма 
неге түсіп жүр, менен кек алғысы келеді ме?» деп сұрауы мүмкін. Императивті 
галлюцинациясы сырқаты бар науқас тағамнан мүлдем бас тартуы мүмкін, 
өйткені, «дауыстар солай бұйыруда».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет