Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет95/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ДИАГНОСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ
ПСИХИАТРИЯДАҒЫ ДИАГНОЗДЫҢ 
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ Н ЕГІЗД ЕРІ
Ауруды немесе дертті жағдайды диагностикалау — оны дұрыс тану болып 
табылады. Ауруды танып-білу — бұл сезімдік танымның карапайым үрдісіне 
тән тек тану болып табылмайды. Белгілі бір өмірлік тәжірибеміз бар 
болғандыктан, біз коршаған заттар мен кұбылыстарды олардың тек бір белгісі 
аркылы ғана тани аламыз. Анык тану — кұбылыстың тек сырткы табиғатын 
ғана емес, оның ішкі болмысын терең түсіну болып табылады.
Ауруды танып-білу танымның кез келген үрдісіне тән көп кырлы кызмет болып 
табылады. Таным кызметі сырткы әлем заттары мен кұбылыстарын тікелей тану- 
дан (сезімдік таным, кабылдау), таным үрдісі нәтижелерін бекітуге және сактауға 
бағытталған тікелей емес танымнан (рационалды таным, ойлау) және естен тұрады. 
Осы сатыларға сәйкес диагностикалау жолында біз белгілі бір фактілер жинактаймыз. 
Ауру жөнінде мәліметтер жинап, оның белгілерін жіктейміз, алынған акпаратты 
талдаймыз, синтездейміз, салыстырамыз, ортактастырамыз, корытынды шығарамыз 
(диагноз түземіз) және ұйымдастырушылык, емдік, профилактикалык тәжірибеде 
колданамыз. Осы нәтижелерге байланысты диагностикалык концепцияның 
дұрыстығын тексеріп отырамыз, толыктырамыз, түзетулер енгіземіз. Осылайша, 
диагноз түзумен дертті аныктау аякталмайды: ол кез-келген таным сиякты 
тәжірибеге керек және тәжірибе аркылы туындап отырады.
Диагностиканы негіздеуші фактілерді біз наукасты әр түрлі зерттеу әдістері — 
клиникалык және лабораториялык зерттеулер аркылы аламыз. Психикалык 
(соның ішінде психопатологиялык) акт жүйелі болып табылады. Ол — көптеген 
функциялык деңгейлердің күрделі интеграциясының нәтижесі ж әне жүйке 
жасушаларында жүретін биологиялык үрдістерді тікелей көрсете алмайды. 
Сондыкдан, зертханалык әдістердің (электрофизиологиялык, биохимиялык т.б.) 
психикалык ауру диагнозын кою барысында жекелеген жағдайларда клиникалык 
зерттеулермен салыстырғанда, беретін мәліметі аздау. Сұрастыру және тікелей 
бакылау әдісі аркылы аурудың белгілері — симптомдары мен синдромдарын 
аныктап, олардың пайда болу шарттары мен даму стереотиптері туралы, сырткы 
биологиялык, әлеуметтік, ем әсерлеріне сезімталдығы туралы, ауру ағымының 
типі, стадиялары туралы мәліметтер жинауға болады. Сонымен катар, әзірге 
сандыракдан жабыскакдыкты айыратын, баяу ағымды шизофренияны невроз- 
дан ажырататын зертханалык әдістер жок. Сау адамның және шизофрениямен


Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
179
немесе неврозбен ауратын наукас канының биохимиялык талдауы, жұлын 
сұйыктығын зерттеу нәтижелері, электроэнцефалограммасы бірдей көрсеткіш 
беруі мүмкін. Осыған орай, болаш ак дәрігерлердің клиникалы к ойлауын 
жетілдіру бойынша жұмыстардың маңыздылығы, осы жұмыстың жоғарғы 
деңгейін камтамасыз ету кажеттілігі көрініп тұр.
Клиникалык әдістің артыкшылығы, инструментальды әдістердің бағынышты 
жағдайы психиатрияда диагностиканы субъективизмге айыптауға түрткі бола­
ды. Психиатрияда объективті диогностиканы теріске шығару — психикалык 
ауруды және психиатрияны ілім ретінде жокка шығару болып табылады. Бұл 
антипсихиатриялык жағдай барлык заңдылыктарды бұрмалайды, диагнос- 
тикадағы субьективті және обьективті аракатынасты дұрыс көрсетпейді. Кез 
келген адамға тән таным, егер ол әлемді дұрыс бейнелейтін болса, обьективті 
болып табылады. Объективті патологиялык үрдісті тану ретінде диагностика 
формасы бойынша субьективті (өйткені, дәрігер санасына тәуелді), ал мазмұны 
бойынша объективті болып табылады. Диагностикадағы субъективизм жөнінде 
жеткіліксіз білім, біржакты ойлау, эмоционалды немкұрайлык сиякты дәрігердің 
дұрыс диагноз коюына мүмкіндік бермеген жағдайларды айтамыз. Шынайылыкты 
бұрмалайтын кате диагностика әркашан субъективті. Объективті киындыктар 
(наукасты тексеруге кажет жағдайдың болмауы, дерт көрінісінің күрделілігі 
және типті еместігі, осы ілім саласындағы дамудың жеткіліксіздігі және т.с.с.) 
тек кателікке мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті іске асыру үшін дәрігер 
тұлғасына байланысты субъективті факторлар кажет.
Зерттеу әдістерін субъективті және объективті деп бөлу дұрыс емес. Қүралдардьщ, 
биохимиялык талдаулардыщ көрсеткіштерін біз сезім мүшелерімізбен кабылдаймыз. 
Пальпация жасаушы колдар стетоскоп тәрізді зерттеу кұралы болып табылады
б.а. зерттеу каншалыкты «обьективті» болғанымен субьективті фактор катысуынсыз 
болмайды. Сонымен катар, аспаптык әдістерді колдану нәтижелері, егер зерттеу 
трафарет тәрізді массалык тәртіпте жүргізілсе, көбірек субъективизмге алып келеді. 
Инструмент дәрігерді наукастан алшактатады деген пікір бар.
Дертті зерттеу үшін, ауруларды тексеру үшін казіргі уакытта күрделі және 
жетілдірілген кұралдар колданылады, бұл ғылымның заманауи жоғары деңгейде 
дамуына және психикалык аурулардың биологиялык негізінің үдеуіне сәйкес. 
Шамадан тыс техницизм клиникалык зерттеуден бас тартуға алып келмегені 
жөн. Диагностикада фактілерді аныктау әдістері шексіз болуы мүмкін, бірак 
тану тәсілі біреу ғана — диалектикалык материализм әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет