182
X Тарау. Психикалық аурулар кезіндегі
диагностика мәселелері
Қазіргі уакытта 10-шы кайта карау АХЖ — 10 колданыста, мұнда психикалык
және жүріс-тұрыс бұзылыстары 5-ші (F) тарауда көрсетілген.
Бұл жіктеудің негізін калаушылар бірінші кезекте тәжірибелік колайлылыкка
ж әне накты маман-дәрігердің тәжірибесі мен теориялык көзкарастарына
тәуелсіз нәтиженің өнімділігінің максималды деңгейде болуына бағытталды.
Бұл
накты аныктамасы жок, әр елде бірдей кабылданбайтын түсініктерді
колданудан бас тартуға мәжбүр етті. Сондыктан, «эндогенді», «экзогенді», «не
вроз» және «психоз» тәрізді терминдер бұл жіктеуде колданылмайды. «Ауру»
термині кең мағыналы «бұзылыс» деген терминмен ауыстырылды. Жіктеудің
әлеуметтік және тәжірибелік бағыты психоактивті
заттарды және ішімдікті
колдануға байланысты пайда болған бұзылыстарды, олардың симптомдары өзге
де органикалык аурулардан айырмашылығы аз болғанымен де жеке топка бөлуді
талап етті.
АХЖ — 10 нозологиялы к жіктеу идеяларын, жалпы алғанда, ж окка
шығармайды:
соны ң ішінде, калыптаскан «шизофрения», «органикалык
бұзылыстар», «стреске реакция» тәрізді нозологиялык бірліктер колданылады.
Бірак этиопатогенетикалык принцип айтарлыктай келіспеушіліктер шакырмаған
жағдайда ғана есепке алынады. Осылайша, олигофрения диагностикасында
органикалык акау есепке алынбайды, өйткені көп жағдайда оны аныктау киынға
соғады. Тек АХЖ — 10-ң кейбір тарауларында бұзылыстар динамикасы (мы
салы, шизофрения ағымының типі) келтіріледі.
Көп жағдайда, диагноз негізгі
симптом мен синдромға негізделе отырып койылады. Өйткені, бір наукаста
бірнеше психикалык сфера бұзылыстары болуы мүмкін, сондыктан бір уакытта
бірнеше шифр колдану мүмкіндігі бар. Бұлар жіктеудің толык текстінде болуы
мүмкін және болмайтын белгілер критерийлері толык сипатталған, олар карама-
кайшылык тудырмайды.
Жіктемеге енген әрбір диагноз латын әріптерінен тұратын шифр түрінде
(психикалык бұзылыстар тарауында ол «Ғ» әрпімен белгіленген) және бірнеше
сандармен (4-ке дейін) белгілене алады. Осылайша, 10 000-ға дейін психикалык
бұзылыстарды шифрлауға болады. Кейбір психиатрияда жиі
кездесетін диа-
гноздар Ғ класына енгізілмеген [мысалы, эпилепсия (G 40), нейросифилис
(A 52.1), интоксикациялар (T36—T65)].
Д Д ¥ АХЖ — 10-ды теориялык жүйе ретінде карастырмайды,
сондыктан
АХЖ — 10-ң кайта өңдеуі белгілі бір психиатриялык мектептердің ғылыми
білімі мен дәстүрінің даму дәрежесін көрсететін концептуалды жіктеудің орнын
алмастырмайды.
Төменде АХЖ-10-ның негізгі тарауларының кыскаша тізімі келтіріледі.
Кейбір шифрлардағы жұлдызша (*) сәйкес санмен алмастырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: