Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
197
жиі колданылады. Бұл препараттар интеллектуалды-мнестикалык төмендеуі
бар егде жастағы адамдардар реабилитациясы үшін тиімді.
Психофармакологиялык, терапияның жанама әсері мен аскынулары
үнемі
кездеседі. Жанама әсер — препарат әсерінің негізгі механизмінің көрінісі, ал
аскынулары — жанама әсерлердің жайсыз салдары. Мысалы, аминазиннің
адренолитикалык әсері бар. Егер осы әсері мида ретикулярлы формация
деңгейінде өтсе, онда импульсацияның бір бөлігі тежеліп, наукас тыныштана-
ды (негізгі психофармакологиялык әсері, егер ол кан тамыр деңгейінде болса,
ортостатикалык кұбылыс дамиды (жанама фармакологиялык әсері). Бұл кезде
наукас кұлап, бас-ми жаракатын алуы мүмкін (аскынуы). Жанама әсерлер мен
аскынулар соматикалык, неврологиялык және психикалык болуы мүмкін.
Соматикалык жанама әсер ретінде ауыз куысы мен мұрындағы кұрғауды,
әсіресе, нейролептиктермен емдеудің бастапкы сатысында мүшелердің канмен
камтамасыз етілуінің жеткіліксіздігіне компенсаторлы реакция ретіндегі
ортостатикалык коллапс, артериальды гипотония, тахикардия және т.б. атауға
болады (бұлар аминазин және тизерцинмен емдегенде айкын көрініс береді).
Аталған кұбылыстардың барлығы дәрі мөлшерін азайткан кезде төмендейді.
Ж иі сұйыктык кабылдау (бір-екі жұтым),
ауызды ж әне мұрын кілегей
кабыктарын шабдалы не зәйтүн майымен жалату, ауызды сумен шаю ұсынылады.
Ортостатикалык кұбылыстар кезінде кофеин, кордиаминді енгізіп, төсектен
тұрғызбайды. МАО ингибиторлары немесе баска антидепрессантарды мөлшерден
көп кабылдаған кезде артериалды кысым көтеріліп, жүректің жиі соғуы, бас
айналу байкалады. Мұндайда антидепресантарды кабылдауды токтатып, 2—3 күн
төсектік тәртіп, тәулігіне 25—50 мг аминазин инъекциясы, витаминді терапия
жүргізілуі керек. Психотропты дәрілер асказан-ішек жүйесіне де кері әсер етіп,
гастрит, энтерит, колит, тәбеттің бұзылуы, гингивит, стоматит байкалады. Бұл
аталғандар аллергиялык негізде дамуы мүмкін. Егер аллергиялык немесе
токсико-аллергиялык
гепатит байкалса, психофармакологиялык терапияны
токтату керек. Аллергиялык реакциялар терідегі бөртпелер (есекжем, дерматит,
экзема және т.б.), ісінулер, артриттер түрінде көрініс береді. Барлык аллергиялык
реакциялар дәрігердің катаң бакылауын талап етеді. Ф енотиазиннің
алиф атикалы к туындыларын тағайындағанда тромбоздарға бейімділік
байкалады, ал нейролептиктермен, антидепрессанттармен ұзак уакыт емдеу
кандағы өзгерістерге әкеледі: анемия, лейкопения, агранулоцитоз, тромбо-
цитопения. Мұндай патология емге салыстырмалы
немесе абсолютті карсы
көрсеткіш болып табылады. Эндокринді өзгерістер (етеккір циклі, либидо
өзгерісі, аменорея, гинекомастия, лакторея), көру мүшелері тарапынан өзгерістер
(аминазин немесе тизерцинді ұзак колданғанда миоз, мидриаз, аккомодация
бұзылысы, мүйізді кабат пигментациясы, тиоридазинмен емдегенде ретинопа
тия) болуы мүмкін.
Неврологиялык жанама эсерлер
экстрапирамидалык кұбылыстарға байланы
сты. Бұл гипокинетикалы к, гиперкинетикалы к немесе дискинетикалы к
бұзылыстар болуы мүмкін. Гипокинетикалык бұзылыстар паркинсонизм
кұбылыстарымен байланысты
ж әне бұлшыкет ригидтілігімен, сіресумен,
кимылдың баяулауымен байланысты көрінеді. Наукастардың бет-бейнесі маска
198
XI Тарау. Психикалық науқастар терапиясының негіздері
тәріздес, көз жыпылыктауы сирек, көзі кеңінен ашылған, карашыктары
тарылған, саливация жоғары,
беті майланған, тремор, куы рш ак жүрісі
бакыланады. Гиперкинез бүкіл дененің бұлшыкеттерін немесе жеке бұлшыкет
топтарын, мысалы, тіл, мойын, көз айналысындағы және т.б. камтуы мүмкін.
Акатизияларда бір орында отыра алмау жиі байкалады. Дискинезия моторлы
криздермен жүреді (экситомоторлы криздер, торсионды спазм ж әне т.б.).
Экстрапирамидалык бұзылыстар кезінде негізгі емді корректорларды —
антипаркинсондык заттарды, ноотроптарды бірге тағайындаумен жүргізеді,
криздер кезінде коф еин, В тобы дәрумендері, седуксен инъекциясы
тағайындалады.
Психикалык жанама әсерлер психотропты дәрі-дәрмектердің көп мөлшерін
колданғанда пайда болады. Нейролептиктермен емдеу барысында нейро-
лептикалык депрессия жиі байкалады. Дәрінің мөлшерін азайту, ноотроптар
мен антидепресанттарды тағайындау наукас жағдайын жеңілдетеді. Ынталан
дырушы антидепрессанттарды, әсіресе, МАО ингибиторларын колдану кезінде
депрессия жағдайынан маниакальды күйге ауысу орын алады, сондыктан ней-
ролептиктер немесе литий препараттарын тағайындау кажет болады.
Нейро-
лептиктерді антидепрессанттармен, стимуляторлармен және антипаркинсондык
дәрілермен (барлығын үлкен дозада) біріктіруде дәрілік делирий дамиды.
Емдеуді токтатып, дезинтоксикациялык терапия өткізу кажет, транквилиза-
торлар тағайындау көрсетілген.
Психодизлептиктер
(баскаша айтканда психотомиметикалык заттар, галлю-
циногендер). Оған лизергин кышкылының диэтиламиді — ЛҚД (ЛСД), меска
лин, псилоцибин және т.б. жатады. Дәрілер ғылыми максатта, психотикалык
жағдайлардың моделін жасау үшін колданылады, наукастарды емдеуге пайда-
ланылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: