Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет105/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Транквилизаторлар (анксиолитиктер).
Анксиолитикалык әсер деп осы топ 
препараттарыньщ үрей, ішкі кернеліс, мазасыздыкты тиімді басу кабілетін түсінеміз. 
Аталған әсер ұйкыға кетуді жеңілдеткенімен, ұйкы шакыратын әсердің синонимі 
ретінде карастырылмауы керек, өйткені наукастарды тыныштандыру әркашан 
ұнкышылл^ткпен бірге жүрмейді, кейде керісінше, белсенділік жоғарылайды.
Транквилизаторлардың әсер ету нүктесі казіргі кезде ГАМҚ-рецептордан, 
бензодиазепиндік рецептордан және хлорлы каналдан тұратын хлор-ионды 
рецепторлык кешен болып есептеледі. Транквилизаторлардың басты өкілі бен- 
зодиазепиндер болғанымен, хлор-ионды рецепторларға әсер ететін кез келген 
транквилизатор ретінде карастырылады. Транквилизаторлардың бензодиазепиндік 
рецепторларға жоғары таңдамалы троптылығы жанама әсерлерінің төмендігін, 
екінші жағынан психотропты белсенділік спектрінің аса тарлығын көрсетеді.
Бұл топка әр түрлі химиялык препараттар жатады: бензодиазепин туынды­
лары (элениум, седуксен, тазепам, рудотель, феназепам және т.б.), пропанди- 
ол карбаматтары (мепротан), дифенилметан туындылары (амизил), тағы да 
баска химиялык косылыстар.


Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
195
11.5 -кесте. Транквилизаторлардың негізгі кластары (Н.М. Ж ариков, Ю.Г. Тюль- 
пин, 2000)
¥йқы шақыратын 
заттар
Седативті эсері 
айқын заттар
Жеңіл 
белсендендіруші 
эсері бар заттар
Тырысуға қарсы 
эсері бар заттар
Бензодиазепин туындылары
• Нитразепам (ра­
дедорм, эунок- 
тин).
• Флунитразепам 
(рогипнол).
• Триазолам (халь- 
цион).
• Норальразолам 
(эстазолам).
• Мидазолам (дор- 
микум).
• Бротизолам (лен- 
дормин).
• Флуразепам.
• Темазелам (сиг- 
нопам)
• Хлордиазепоксиз 
(элениум, либракс, 
хлозепид, либриум).
• Феназепам.
• Лоразепам (ати- 
ван, тавор, мер- 
лит).
• Оксазепам (тазе- 
пам, нозепам).
• Бромазепам (лек- 
силиум, лексотан)
• Диазепам (сиба- 
зон, седуксен, ре- 
ланиум, валиум).
• Мезапам (рудо- 
тель, нобриум).
• Алпразолам (кса- 
накс, альзолам)
• Клоназепам 
(антелепсин, ри-
вотрил).
• Клобазам (фри- 
зиум).
• Клоразепат 
(транксен)
Бензодиазепиндік емес заттар
• Зопиклон (имо- 
ван).
• Золпидем (ива- 
дал).
• Мепротан (ме­
пробамат)
• Мебикар
• Грандаксин.
• Триоксазин
• Барбитураттар.
Карбамазепин
Транквилизаторлармен терапия ш екаралы психикалы к патологияны 
кұрайтын бұзылыстардың кең диапазонында тиімділік көрсетеді. Бұл препа- 
раттардың әсер ету саласы психиканың шамадан тыс және диссоцирленген 
реакциясы, стрестік ситуациялардың психопатологиялык салдары, әр түрлі 
тұлғалык декомпенсациялар, тұлғаның аномальды дамуы және де бастапкы 
және кейінгі психотикалык симптоматика, баскаша айтканда, шеткі шекарасы 
бір жағынан нормамен, екінші жағынан айкын психотикалык күймен шектел- 
ген жағдайлар болып табылады. Транквилизаторлар әсерінің бірнеше негізгі 
түрлері аныкталды: транквилизаторлык, седативті, ұйыктатын, тырысуға карсы 
(антипароксизмальды), миорелаксациялык, белсендендіруші. Әсерлерінщ 
ішінен транквилизаторлык әсер басымдылык көрсетеді, ол тынышталумен, 
стрестік жағдайларға төзімділіктің жоғарылауымен, конфликтілі жағдайларда 
адаптацияның жаксаруымен көрінеді. Ағзаға ұзак уакыт бойы транквилизатор- 
ларды енгізсе, седативті, антипароксизмальды ж әне м иорелаксациялы к 
әсерлерге толеранттылык дамуы байкалады, бірак транквилизаторлык әсерге 
әдеттену болмайды.
Транквилизаторлар транквилизаторлык әсерінің күші ж әне баска да 
эффектілері бойынша ерекшеленеді. Ең белсенді әсер көрсететіндері — фена-


196
XI Тарау. Психикалық науқастар терапиясының негіздері
зепам, лоразепам. Олардың транквилизаторлык ж әне седативті әсері анти- 
психотикалык дәрежеге дейін жетеді; әсерінің баска да эффектілері айтарлыктай 
айкын. Күші жағынан бұл препараттардан тазепам, элениум, рудотель және 
баска препараттар төмен тұрады. Триоксазиннің миорелаксациялык әсері жок, 
белсендендіру әсері күштірек, сондыктан ол күндізгі тыныштандыратын зат 
ретінде колданылады. Грандаксиннің белсендендіруші әсерінің күштілігі 
соншалык, ол өзі козу мен ұйкысыздыкка әкелуге кабілетті; осыған байланы- 
сты кейбір авторлар оны психоэнергетикалык препараттарға жаткызады. 
Нитразепамның ұйыктату әсері күшті болса, клоназепамның тырысуға карсы 
әсері басым.
Транквилизаторларды тағайындаудың басты көрсеткіші — невроздык және 
невроздар ш еңберінде өтетін астениялы к, д иссом ниялы к, обсессивті- 
фобиялык, ипохондриялык, истериялык, үрейлі-депрессивті жағдайлар, пси- 
хопатиялар, реактивті жағдайлар, циклотимия, баяу ағымды ш изофрения 
немесе шизофрениялык ремиссия, бас миының органикалык закымданулары 
сиякты невроз тәріздес бұзылыстардың кең шеңбері болып табылады. Ш и­
зоф рениям ен ауыратын наукастардағы психотикалык үрейлі синдромдар 
кезінде транквилизаторларды жеке дәрілік зат ретінде немесе нейролептик- 
термен ж әне антидепрессантармен бірлестіріп колданады. Сонымен бірге, 
транквилизаторларды дисфориялык бұзылыстары бар эпилипсиямен ауыратын 
наукастарда ж әне алкоголизмнен зардап шегетін наукастардағы абсти- 
н ен ц и ян ы ң п сихикалы к ж ән е сом атовегетативті көріністерін басуға 
тағайындалады. Транквилизаторлардың вегетативті-тұрактандырушы ж әне 
антипароксизмальды әсері жүрек ритмі бұзылған (жыбырлағыш аритмия), 
климактерикалык бұзылыстармен, гипоталамикалык криздермен ауыратын 
наукастарға пайдалы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет