Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет108/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Үйцысыздыцтың дәрілік емі.
¥й кы бұзылысы психиатриялык және жалпы 
соматикалык тәжірибеде ең жиі кездесетін шағым болып табылады. ¥йкысыздык 
себебі және түзілу механизмі әркилы. Терапияға дифференциалды көзкарас 
дәрігердің дәрілік заттар тағайындауы кезінде негізгі дерт сипатын, ұйкы 
бұзылысының накты ерекшеліктерін ж әне препараттың фармакологиялык 
ерекшеліктерін ескеруін білдіреді.
¥йкысыздык емінде транквилизаторлар жиі колданылады. Олар кауіпсіз, 
түнгі ұйкы кұрылымына әсері аз, жылдам және сенімді әсер береді. Кейбір 
транквилизаторлардың метаболизмінің өте баяулығын, кумуляцияға бейімділігін 
ескеру кажет (нитрозепам, феназепам, рогипнол), бұл күндізгі уакытта да 
ұйкышылдык пен әлсіздіктің бакылануына алып келеді. Осыған байланысты 
соңғы кезде жартылай шығу кезеңі кыска заттар жиі колданылады (триазолам, 
ивидал, имован, мидазолам, эстазолам). Невроз жағдайындағы наукастарда 
ұйкысыздыктың себебі күні бойы жинакталып калған мазасыздык екенін еске­
ру керек, әсіресе, үрей таңғы уакыттарда күшейеді. Сондыктан ұйкы шакыратын 
заттарды түнге беріп, күннің бірінші жартысында ынталандырушы транквили- 
заторларды олармен үйлестіріп тағайындау керек. Кейбір наукастар транкви- 
лизаторлар колданғанда ұйкы сипатының өзгергендігін айтады, түс көрулер 
жиілейді, бұл ұйкыдан кейін шаршау сезімін шакырады.
¥йкысыздык депрессия фонында дамыса, седативті антидепрессанттарды 
уакытылы тағайындау маңызды (амитриптилин, миансерин, тразодон, флю- 
воксамин, коаксил). Көптеген наукастар бұл заттардың ұйкы шакыратын әсері 
алғашкы күндерде ғана бакыланды деп айтуы мүмкін, бірак, кейін келе депрес- 
сияны басу түнгі ұйкыны жаксартканын байкаймыз.
Басталы п келе ж аткан жедел психоз жағдайындағы наукастардағы 
ұйкысыздык транквилизаторлармен емдеуге көне бермейді. Бұл жағдайда күшті 
седативті нейролептиктер колданылады (аминазин, тизерцин, лепонекс, хло- 
протиксен), нейролептиктерді ұйкысыздык және жеңіл невроздык бұзылыстар 
кезінде кешенді емде колдануға болады. Жеңіл нейролептиктер (сонапакс, 
пипольфен, терален, хлорпротиксен, неулептил, этаперазин) транквилизатор­
лар әсерін күшейтеді, ұйкыға кетуге кедергі болатын жабыскак ойлардан арыл-


Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
201
тады. Жеңіл нейролептиктерді дәрігер ұйкы шакыратын заттарға тәуелділік 
пайда болуына кауіптенген жағдайларда да колдануға болады.
Жалпы соматикалык тәжірибеде ұйыктаткыш заттар ретінде 
антигистаминдік
заттар
жиі колданылады (димедрол, донормил). Оларды тағайындауда да 
сактык кажет. Оларды ұзак уакыт колдануға болмайды: тәуелділік түзілуі мүмкін.
Ноотроптардың көпшілігі тікелей ұйкыға әсер етпегенімен, олардың ішіндегі 
кейбірі (фенибут, натрий оксибутираты) кажу, зорығу, интоксикация жағ- 
дайларында ұйкы шакыратын зат ретінде колданылуы мүмкін. Сонымен катар, 
ноотроптарды және психостимуляторларды таңғы сағаттарда кабылдау еңбекке 
кабілеттілікті арттыратынын және кешке жаксы ұйкыға кетуге көмектесетінін 
ескеру керек.
Барбитураттар — ұйкы шакыратын заттардың ішіндегі ескісі. Соңғы жыл- 
дарда оларды жиі жанама әсер туғызуларына байланысты сирек колданады 
(жылдам ұйкы фазасын тежеу, кумуляция, ж әне күндізгі ұйкыш ылдык, 
ұйкысыздык үдеуімен токтату синдромы, дәрілік тәуелділік тудыру). Жылдам 
метаболизмді препараттардың бензодиазепинмен біріктірілуі бұл катарға 
кірмейді (мысалы, диазепам мен циклобарбитал реладорм препаратында 
біріктірілген). Алкогольді абстинентті синдромды басу кезінде бұл наукастардың 
ұйкы шакыратын препараттарға толеранттылығын ескеру керек. Стандартты 
транквилизаторларды колдану бұл жағдайда тиімсіз, және жиі салыстырмалы 
жоғары дозаларда барбитураттармен (0,3 г дейін) кыска курс колданылады. 
Наркологиялык тәжірибеде кеңінен колданылатын баска препарат геминеврин 
болып табылады (хлорметиазол).
Соматикалык тәжірибеде кейде жеңіл ұйкысыздыкты емдеуде өсімдіктерден 
алынған табиғи седативті заттарды колданумен шектелуге болады: валерьяна, 
пустырник, пассифлора (новопассит).
Ноотроптар.
Ноотропты заттар тобы тек шартты түрлі психотропты заттарға 
жаткызылады, өйткені көп жағдайда ноотроптар колданғанда, адамның 
психикалык күйінің тікелей өзгерісі байкалмайды. Бұл заттардың әсері баяу 
болады, ойлау ж әне жады үрдістерінің кызметін жаксартады. Қазіргі кезде 
ноотроптарға миға әр түрлі механизмдермен әсер ететін препараттардың кең 
шеңберін жаткызамыз. Олар медиаторлар ізашарлары, дәрумендер дериватта- 
ры, алмастырылмайтын амин кышкылдары, антиоксиданттар, эссенциальды 
липидтер, мидың канмен камтамасыз етілуін жаксартатын заттар және т.б. 
Баскаларынан жиі ГАМҚ туындылары колданылады — аминалон, пирацетам 
(ноотропил), фенибут, натрий оксибутираты, пантогам, пикамилон. Пириди- 
тол пиридоксин (В6 дәрумені) туындысы болып табылады. Церебролизин (ми 
тінінің гидролизаты) алмастырылмайтын амин кышкылдары кешенінен тұрады. 
Альцгеймер ауруының бастапкы сатысында жады кызметін жаксарту үшін 
холинэстераза (прозерин, амиридин) колданылады.
Ноотроптарды тағайындауға көрсеткіштер: жады және интеллект бұзылысы, 
астениялык күйлер, алкогольді абстиненция, мидың кан тамырлык аурулары
интоксикациялар болып табылады. Кейде ноотроптарды дені сау адамдар ұзак 
мерзімдік жүктемеге дайындалғанда кабылдайды. Олардың әсері баяу дамиды 
(препарат тағайындалғаннан кейін бірнеше апта ішінде). Кейбір ГАМКергиялык




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет