Гераклит
(шамамен б.д.д. 544-483 жж.) болды. Оны іліміндегі
терең ойлары үшін “тұңғиык” деп атаған. Негізгі еңбегі: “Табиғат
туралы”. Бұл еңбектің 130-дай фрагменттері ғана сакталып, бізге дейін
жеткен.
Гераклит заттардың түпнегіздік-генетикалык бастамасын от деп
есептеген. От мэңгі жэне кұдай тектес. Әлемді кұдай да, адам да
жараткан жок, ол өз заңдылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп
тұратын, эр уақытга болтан, бар жэне болатын тірі от. Оттан ғарынпың
лайда болуын Гераклит оттың жетіспеушілігінен болатын томен карай
жол десе, оттың молдығынан ғарыштың кері отка айналуын, өзінің
түпнегізіне кайтып келуін жоғарыға карай жол деп атаған. Сөйтіп,
төмен-жоғары карай мэңгі қозғалыстың нәтижесінде жалқыдан барлык
заттар, керісінніе, заттардан жалкы жаратылады. Әлемнің өзгеру тэртібі
мен өлшемі, оның объективті заңы - логоска байланысты. Логостың өзі
от сиякты. Бірак, сезім үшін - от сияқты болып көрінсе, ақыл-ой үшін -
ол логос, объективті зандылык- Логос тек кана ғарышқа ғана тэн
зандылык емес, ол адам жанына да тэн. Адамның жанына тэн логос
24
ылғалдың булануынан пайда болады, ал, керісінше, жан өлгенде, ол суға
айналады. Жан тек ылғалды ғана емес, сонымен бірге, кұрғак та болуы
мүмкін. Сонымен, жан карама-карсы екі кұбылысты - ылғалды жэне
кұрғак жаннан түрады. Ылғалдык жаман жандарға тэн. Мысалы,
ылғалды жан маскүнемдерге, ауруларға, күнделікті лэззат іздеген
адамдарда кездеседі. Ал кұрғак жан - данышпан, ақылды адамдарда
кездеседі. Жанның күрғактығы - оның логосы. Мұндай логос ғарышты
билейтін объективтік логос сиякты шексіз, терең келеді. Сондыктан
жанның шегіне жетемін деп талпынсақ, жан логостың тереңдігі соншама
- оған жете алмайсың.
Қарама-карсы кұбылыстар тек жан логикасына ғана тэн емес, ол
жалпы ғарыштык кұбылыс. Мысалы, теңіз суы балыктар үшін таза
болса, адамдар үшін - арам, сондыктан балыктар ол сумей коректеніп
өмір сүрсе, адам оны ішсе, ауруға шалдығады. Сол сиякты, ең эдемі
деген маймьш адаммен салыстырғанда ұсқынсыз болып көрінеді.
Гераклиттің
салқын
жылынады,
ыстык
салкындайды,
немесе
денсаулыктың кадірін ауырғанда білерсің деген пікірлері, жоғарыда
көрсетілгендей, затгардың карама-карсылыкта жэне үздіксіз өзгерісте
болып түратындыгын көрсетеді. Осыдан келіп, ол барлық денелер өзен
сиякты ағып жатады, ал бір өзенге екі рет түсуге болмайды деген
корытынды жасайды.
Гераклиттің пікірінше, карама-карсылықтар тепе-тең жагдайда
болады, бірақ ол тепе-тендік карама-қарсылыктардың күресі аркылы
бұзылады да, дүниеге жаңа затгардың пайда болуына мүмкіндік туады.
Қарама-карсылыктардың күресі - әлемде өзгерістердің болуының негізгі
зандылығы. Күрес - жалпыға бірдей,
барлыгы
күрестің
жэне
кажеттіліктің аркасында пайда болады.
Осындай карама-карсылыктардың күресін Гераклит үндестік
ретінде қарастырады. Бірак, мұндай үндестік көрінбейді, айкын емес,
онысымен де ол өте күшті және әлемдегі барлық денелерге тән. Осындай
үндестікте жамандык, ұскынсыздык сияқты келеңсіз күбылыстар,
тұрақсыз
келеді
де,
жаксылык,
көркемдік
сиякты
абсолютгі
кұбылыстармен араласып, жойылып кетеді. Бірак, бұларды көру мүмкін
емес, оларды кору тек кұдайларға тэн. Сондыктан да адамдардығ мынау
- эділеттілік, мынау - әділетсіздік, мынау - жаман, мынау - жаксы деп
жатқандардың бэрі кұдай үшін эділетті, жаксы, көркем.
Осыдан келіп, Гераклит адамдар логоспен күнде кездесіп жатса да,
оны танып біле алмайды деген қорытындыға келеді. Оның себептері
эртүрлі. Бір жағынан, табиғаттың өзі сырын көп аша бермейді,
екіншіден, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сондыктан олар
табиғат сырын түсінуге талпынбайды. Оған коса, осы көпшіліктін талап-
мүддесін корғаштаған халык ақындары да, ұстаздар да (Гомер, Гесиод
т.б) табиғат сырын түсінуге мүмкіндік бермейді, себебі, олардың
жырлары, ілімдері логосты түсінуге бағытталмаған. Үшіншіден, көп
25
білгендік
те
логосты
түсінетіндей
ақылға
акыл
коспайды.
Данышпандыктың белгісі - дүниенің бірлігін мойындап, логосты танып-
білуге кедергі кұбылыстардан өзін алшак ұстап, сол дүниенің даму
заңдылыктарына бағынуы.
Гераклит адамдар табиғатынан бір-бірімен тең десе де, шын
мәнінде олардың тең еместігін мойындайды. Олардьщ теңсіздігі -
талғам-мүдделерінің эртүрлігінің салдары. Көп адамдар логос заңымен
өмір сүрмейді, өз түсінігімен өмір сүреді. Ондай адамдар өз
ынтызарлығының билігінде болады. Бірақ, олар бір нәрсені түсінбейді.
Мысалы, олардың барлық тілектері орындалса да, олардың жағдайлары
соншалыкты жаксармас еді. Жалпы, адам мемлекеттік кұрылымның да,
табиғаттыңда негізін калайтын логос заңына мойынсұну аркасында өз
жанын тыныштыкка бөлеп, айкындайды, сөйтіп бакытка кенеледі.
Гераклиттің ілімі ежелгі грек, эсіресе, стоиктер философиясына
үлкен эсер етті, солардың аркасында бүкіл батыска тарады. Гегель,
Лассаль, Ницше сиякты гүламалардың еңбектерінде Гераклиттің
көптеген идеялары одан эрі дамытылып, жалғастырылды. Гераклиттің
іліміне марксистер де көп көңіл бөлді.
Достарыңызбен бөлісу: |