ғ
алыстайды, сөйтіп, шексіз кете береді. Мағынасы мынадай: шексіз азая
беретін интервал нөлге ұмтылады, бірак оған жете алмайды.
Үшінші апория бойынша, ұшып келе жаткан жебе тыныштыкта
болады, себебі қозғалыстағы дене эр уакытта да өзіне пара-пар орын
алады, баскаша айтканда, сол орында эр моментте тыныштыкта болады,
сондықтан ол тіпі козғалмайды. Себебі козғалыс тыныштыктың
косындыларынан туруы мүмкін емес. Төртінші апория да осыған ұксас.
Бұл апориядан шығатын корытынды: Зенон элеаттардың ойлау
мен болмыстың тепе-тендігі туралы тезистеріне сүйене отырып, түйсіне
алатын әлемдегі заттардың козғалысын емес, тек кана ойлау элеміндегі
қозғалысты жокка шығарады. Баскаша айтканда, Зенон қозғалыстың бар
екенін күмэн келтірмейді, бірак сол козғалысты акыл-ой аркылы
бейнелеу кайшылыкты сипатта болғандықтан, козғалыс туралы сезім
мушелері берген мәліметтердің акиқаттығына күмэнданады.
Зенонның койған біртұтастык пен шексіз көптік, козғалыс пен
тыныштык сияқты мэселері ғасырлар бойы талай ғұламаларды
ойландырып, олардың философиялык ізденістеріне ой түрткі болды.
Достарыңызбен бөлісу: