деген такырыпты философ-постмодернистер өздерінше түсіндіруге тырысты. 4.3 Постмодернизм және болмыстың жаңа стратегиясы Өзгермелілікке, белгісіздікке, тұраксыздықка талдау жасау — XX ғасырдың ортасындағы философиялык ізденістерге тэн нэрсе. Қалыптасу ретіндегі болмыс жорамалының өзін-өзі актауы болмыстың «жаңа» стратегиясы мен ол жүзеге аса бастаған ойлаудың жаңа формасының қалыптасу жолындағы алғашқы кадамы болды. Бірак болмыстың мұндай стратегиясын негіздеу үшін жаңа терминология, ұғымдык формалар дайындап алу кажет болды. Егер болмысты калыптасу ретінде түсінсек, онда бұрынғы логика мен оның категориялык аппаратының жарамайтыны анык, өйткені ол логика болмыстың тұракты жэне өзгермейтін деп түсіндірілетін бағдарламасына орай жасалынған еді. «Жаңа» категориалдык тіл мен интеллектуалдык эрекеттің жаңа ережесін дайындау болмыстың жаңа стратегиясын калыптастырудағы негізгі міндеттер саналады жэне бұл міндетті постмодернизм философиясы шешуге ұмтылады. Болмыстың «жаңа» стратегиясын шешудің басы, постмодерн философтарының пікірінше, классикалық философияның негізгі жағдайларын сынаудан басталады: ең алдымен, идеалдар мен кұндылыктар иерархиясының абсолюттігін камтамасыз ететін тұрактылықтың абсолютті кепілі ретіндегі акыл-ойдың билігін сынаудан бастау кажет. Ең алдымен, эрбір кұбылыстың артында барлығының шартын