тұрғыда Акиқаттың ашылуы маңызды емес, ал «Мен» жэне «Өзгенің» катар болмысындағы «эр түрлі жорамалдарды» тындау маңызды. Күнделікті ойлау аурасына, тіршілік аурасына бет бүру болмыстың постмодернистік стратегиясына тэн сипат болып табылады. Тіршіліктің нағыз аурасы, Дерриданың пікірінше, сұхбат, ал философияның нағыз болу саласы Абсолюттік Ақикат туралы білімнің легитимділігі емес, мэтіндердің, жорамалдардың түсіндірілулері (интерпретация). Әрбір мэтін (текст) эр түрлі түсіндірілуі мүмкін, мэтінді түсіндірудің міндеті оның мэнін ашу емес, кеңейтуде. Мұндай жағдайда түсіндіру рәсімінің өзі таусылмас шексіз болуы мүмкін, ал өзге баламалардың барлығын теріске шығарып, бір ғана концептпен шектелуге ұмтылудың мән- мағынасы жоқ. Демек, болмыстың классикалык стратегиясы категориясында жүмыс істеудің кажетгілігі жоқ. Постмодернистік стратегияның міндеті презентивтілік белгісі бар күнделікті тіршілік такырыбымен жұмыс істеу болып табылады. Бұл тақырыпты сипаттау үшін мэнділік, негізділік, себеп, объективтілік, логицизм және объективизм принциптерін қолданудың кажеттілігі жок. Бұл онтология үшін гетерогенділік, плюрализм, көріністің эр түрлі ракурстары, белгісіздік, калыптасу, окиғалар мен үдерістерді түп-түзу емес түрде сипатгау пайдаланылады, ал жеткізудің негізгі тәсілі рационалды емес сөз ағымы болып табылады. Болмыстың постмодернистік стратегиясында түсіндіруші концепт ретінде ешкандай центризм болмағандықтан коммуникацияның, сұхбаттың, мәтіннің кайнар көзін белгілеудің де кажетгілігі жок. Мұндай бастауды орнату мүмкін емес, өйткені ол белгісіз өткеннің, уақыттың, белгісіз окиғаның арасына сіңіп