психикалык
бастаулардың
тұтастығы
екендігінен,
адамның
биопсихоәлеуметтік феномен екндігінен көрінеді. Бұл фактордың кез-
келген біреуін алып тастасак, адамның өзін де жояр едік. Сондыктан да,
адамның кабілеттерінің дамуы, жэне оның бүтіндік калыптасуы
әркашанда осы негізгі факторлармен байланысты: табиғи жаратылыспен
элеуметтік ортамен жэне ішкі Менімен (ерік, ұмтылыс, мүдде т.с.с.).
Адамның өмір сүрүі мэселесі де адамның мэні мәселесі сиякты
маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмір сүруі мен
мэнділігінің тұтастығы мен кажетті байланысы туралы айтуға болады.
Адам эрқашанда, бір жағынан әуел бастапкы "нэрсе" және, екінші
жағынан, ол өзінің ізі мен шектеуін калдыратын элеуметтік ортада
дамиды. Сондыктан да индивидуалдық өмір сүру осы кажеттіліксіз,
оның мэнін кұрайтын қоғамдык катынастарының жүйесінсіз мүмкін
емес. Сонымен катар, оның мэні де оның өмір сүруінен тыс бола
алмайды.
Адамның
бойындағы
биологиялык
пен
әлеуметтіліктің
арақатынасы мэселесі де осы өмір сүру мен мэнділік мәселесімен
байланысты. Өзінің мэні жағынан адам элеуметтік жан. Сонымен бір
мезгілде ол табиғаттың жемісі жэне оның шектерінен тыс өмір сүре
алмайды, өзінің биологиялык кажеттіліктерін өтейді, ішеді, жейді, дене
кабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялык пен әлеуметтілік
ажырамас түтастыкта орналасады оның бір жағын "элеуметтік салага"
ие тұлға құраса, екінші жағын оның табиғи негізі болып табьшатын ағза
кұрайды.
Өзінің биологиялык жаратылысы жағынан эрбір индивидтің өз
ата-анасынан алатын гендер жиынтығы - белгілі бір генотипі әуел
бастан каланады. Туылысымен-ак ол нышандары генде сакталған
Достарыңызбен бөлісу: |