Оқулық o p s 3 философия негіздері


дауыстардың кандайына болмасын құлак түреміз. Үнемі кино, газет



Pdf көрінісі
бет371/521
Дата21.09.2023
өлшемі13,05 Mb.
#181915
түріОқулық
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   521
дауыстардың кандайына болмасын құлак түреміз. Үнемі кино, газет,
радио, бос мылжың сөздермен толтырылған пікірлер мен идеялар
коршауындамыз. Көбіне біз өз-өзімізбен жеке калуга қорқамыз. Біз ең
жағымсыз көпшілікпен, мәнсіз-мағнасыз уакыт өткізуді қалаймыз. Біз
өз-өзімізбен бетпе-бет келу келешегінен коркатын сияктымыз. Өзіңмен
жеке калудан корку - бұл жалығу сезімі болар шамасы, бір мезгілде
өзіңе сондай таныс эрі сондай бөтен адамды көруден туындайған
қобалжу күйіне үксас, біз шатасамыз да аулаққа кашамыз.
Ар-ұят ұғымы, егер берік өмірлік сенімі болмаған жағдайда, бай
жэне игілікті адамдарда өте тайғанақ болуы мүмкін. Дәулеті енді күрала
бастаған адам мен байлыкка тойынған адамның ар-ұят туралы ұғымы эр
түрлі болуы ыктимал. Адамның ар-ұяттылыгының маңызды элементі
бала кезден басталған тәрбие болары хак- Оған оны коршаған орта, сол
ортаның психологиясы мен кұндылыктык бағдары зор ыкпал етеді.
Сондыктан да, іскер адамдар маман тандаганда бұл адамның ар-ұятына
өсер ететін факторларды ескеруі кажет.
Ар-үят ұғымына тарихи кезең, ұлттық, территориялык, климаттык
ерекшеліктер де орасан ыкпалын тигізеді. Ар-ұят ұғымының казіргі
кезең мен өндірі үдерісіне машиналар, механизмдер енді ене бастаған
XVIII-XIX ғасырлар арасында айырмашылығы бар екендігін де ескерген
жөн. Француздар мен казактардың неке қатынастарында да ар-ұят
ұғымы бір-бірінен айырықшаланады. Алғашкылары үшін бөлелер
(кузендер) арасындағы неке калыпты болып саналса, қазактар үшін
мұндай неке кан алмасушылыкка жол берген ұятсыздардың ісі. Шыгыс
халықтарына тэн ар-ұяттылык батыс елдері халыктары пікірімен үнемі
сай келе бермейді. Сондыктан да, адамгершілік катынастарда әрқашан
бұл факторларды ескеріп, эдеп-ғүрыпка күрметпен караған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет