катаң жазасы екенін, осыны түсінген адамның, баска біреудің жасаған
ұятты қылығын, қайталамайтындығына көз жеткізеді. Бұл ретте бірінші
коятын талабы-мораль жағынан ұстамды таза болу. Адам баскаға үлгі
болу үшін, баскаға тәрбие беру үшін, ең алдымен моральдық жағынан
өнеге көрсетерліктей болу керек. Бұл тұрғыдан акын ал дымен, сыпайы
мінезді, жаксы кұлыкты, әділетшіл, шыншыл болуды ұсынады. Жаман
мінездер мен эдеттерден, «эдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұраншак, өсекші,
өтірікші, алдамшы, кеселді осындай жарамсыз кьілыктардан сактанып»
өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды басына лайықсыз көрсе ғана
адам парасатты болады,- дейді. Мұндай мінездер, «ақылдылардың,
арлылардың, артыктардың мінезі». Бұл мінезді бойына тұтқан жақсылар
мактанғаннан аулақ, өзімді жаман дегізбесем деп азаптанады, соңынан
сөз ерітпейді. Ал мактан сүйгіштер: Демесін демейді, десін дейді. Бай
десін, батыр десін, ку десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да
десін деп, азаптанып жүріп, демесінді ұмытып кетеді.
Жақсы мінез, жаксы кылык кандай болу керек дегенде Абайдың
коятын екінші талабы - тұрақтылык. «Қьшам дегенін кыларлык, турам
дегенінде тұрарлык, мінезде азғырылмайтын акылды, арды сактарлык
беріктігі, кайраты бар болсын».
Қазактың дэстүрлі эдеп жүйесіндегі келесі бір маңызды түсінік - ар.
Жоғарыда аталып өткендей, ұят - арға апаратын төте жол. Қазак
халкының ар туралы түсінігінің түйіні «Малым жанымнын садағасы,
жаным арымның садағасы» деген макалында берілген. Шэкэрім жалпы
этиканы «ар ілімі» деп атаған.
Халык - ұяла біл, бірак ынжык болма деп үйретеді. Ал ұятсыздык
ел ұғымында адамгершілік калыпты бұзудың ең
дөрекі түрі,
имансыздыктың бір көрінісі. Ол арсыздыкпен астарласып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |