өйткені ол авторитет еркіне қарсы әрекет жазалану қауіпіне әкеледі. Бағынбау басты күнэ, ал тіл алғыштык басты ізгілікке айналады. Бас іщшгушылык авторитеттің жоғары билігі мен данышпандығын, оны өз еркі бойынша бүйыру, марапаттау және жазалау күкыгын мойындауды білдіреді. Авторитет өз бұйрыктары мен тыйымдарын, марапаттаулары мен жазалауларын түсіндіруге дейін томен түрсе алады, бірак индивидтің авторитетке еш сын айтуға кұкығы жок. Индивидтің сын айтуға батылы жеткендігінің өзі айғак ретінде оның кінэлілігінің дәлелі болып табылады. Авторитеттің прерогативі кандай болмасын, мейлі ол Ғаламның билеушісі немесе тағдыр жіберген халыктың әкесі болсын, олардың жэне адамдардың кез келгені арасындағы түбірлі теңсіздік - міне, авторитарлы ар-ұяттың негізгі догматы осы. Авторитарлы ар-ұятпен салыстырғанда гуманистік ар-ұят - бұл сырткы санкциялар мен колдауларға бағынбайтын жэне эрбір адамға берілген біздің өзіміздің жеке дауысымыз. Ол ар-ұяттың дүрыс кызмет етуі немесе оның бұзылуына біздің бүкіл түлға-тұркымыздың жауабы. Ар-ұят адам максатының орындалуын бағалайды, ол өмір өнеріндегі табыстарымыз бен шалыстарымыз туралы хабар беріп отыратын біздін бойымыздағы аппарат. Сонымен, ар-үят - бүл біздің өзімізге беретін жауабымыз. Бұл бізден жемісті өмір сүруден, толык жэне үйлесімді дамуды талап ететін біздің нағыз «Меніміздің» дауысы. Бұл біздің адалдығымыздың корғаны, 243
өзімізге тұра алу кабілеті, тіпті өзімізге «Иә!» деп тәкапарлыкпен айтуға мүмкіндік беретін кабілет. Жеке ар-ұятымыздың дауысын есту үшін, біз өзімізді тыңцауымыз керек, ал бүл біздегі мәдениет адамдарының көпшілігі үшін киынға соғуда. Біз өз дауысымыздан гөрі, өзге