өзіндік бекітілудің кұндылыктық кұрылымы айкындайды. Адамдардың, дэуірлердің, мэдениеттердің, адам коғамдарының арасында каншалыкты айырмашылық болғанымен, олардың барлығы құңдылықты-мәнді диспозициялардың жекелеген жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалдайды. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық жэне ұжымдық бейсаналылыктан дүниетаным жүйелерінің ішкі мэнді ұйымдасқан күрделілігі мен 248
институционалданган этностык нормалар мен ерекшеліктеріне дейін. Құндылыктар мэселесі коғамның идеологиялық трырлары дискредитацияға ұшырап, мэдени дэстүрлері кұнсызданған кезде, әрбір халык өзін мазалаған сансыз сұрактың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстык кезеңдерінде өткір қойылады. Өткен ғасырдың өзінде ғылымда "аномия" түсінігі қалыптасты. Бұл - өмірлік идеалдар түбірімен өзгеріп, кальштасқан кундылыктар жүйесі қайта пайымдалатын өзгермелі ахуалда сананың шарасыздык жағдайын білдіретін түсінік. Бұл тек жекелеген адам үшін ғана емес, бүкіл қоғамға да ауыр сын. Афины демократиясының дағдарысы Сократқа мынадай сұракты қоюга мэжбүр етті: "Игілік дегеніміз не?" Бұл жалпы кундылыктык теорияның негізгі сұрағы болып табылады. Антикалык жэне ортағасырлык философияда ойшылдар кұндылықгык сипаттамаларды, дәлірек айтканда этикалық, эстетикалык, діни сипаттамаларды нактылык, шынайы болмыс ұғымының өзіне енгізді.