Бедердің морфография және морфометриясына байланысты жіктелуі
Гипсометриялық сипаттама, яғни жер беті биіктігін өлшеп зерттеу жер бедерінің ең маңызды морфометриялық сипаттамасының бірі. Құрлы беті мұхит деңгейінен көтерілу мөлшеріне байланысты ойпатты (низменный) 0 м-ден 200 м-ге дейін, қыратты (возвышенный) 200 м-ден жоғары бедерге бөлінеді.
Ойпатты бедер көбінесе жазық бағытта жайласқан жас борпылда тау жыныс абаттарынан тұратын тегіс, жазық алқабы. Жер шарындағы аса ірілері - Амазонка, Батыс Сібір, Үнді-Ганг, Каспий маңы және т.б. ойпаттар. Қыратты бедер нақты биіктігіне, геологиялық құрылымына және тілімделу сипатына байланысты кыраттарға, кыратты жазықтарға, үстірттерге, таулы үстірттерге, таулы қыраттар мен тауларға ажыратылады.
Қыраттар және қыратты жазықтарға нақты биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жер бетінің кейбір үлкең бөліктері жатады. Олардың үсті тегіс, енкіш, ойынқы және дөңесті иілген болып келеді. Морфология жағынан осы екі аймақтардың ішкі өңірі жазықты, ойлы-қырлы, жонды-төбелі немесе белесті, қырқалы және сатылы болады. Геологиялық құрылысына қарай - аккумулятиялық және денудациялы жазытар деп жіктеледі.
Аккумулятиялық жазытар - жер қыртысының ойысып (иіліп) төмен түскең тұстарында борпылдақ шөгінділердің ұзақ уақыт жиналуының нәтижесінде құралған. Басқаша айтқанда, егер қарастырған бедер пішінінің топографиялық беті оны құратын таужыныстар геологиялық сипатына сәйкес келсе бұны аккумуляциялық бедер пішіні дейді.
Жаратылыс тегіне (генезисіне) қарай теңіздік, аллювийлік, пролювийлік, эолдық, флювиогляциялдық жазықтарға бөлінеді.
Денудациялы жазықтар - таужыныстарының сыртқы күштердің әсерінен ұзақ уақыт үгіліп немесе су эрозиясына ұшырап тегістелуінен пайда болады. Мұндай жазықтытарда кішігірім таулардың жұрнақтары (останцы) жиі кездеседі. Мысалы, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылы Сарыарқа даласы. Осы тұрғыдан В.Дэвистің Сарыарқаны кәдімгі пенепленмен тендестіргені де тегін емес.
2-сурет. Арал теңізінің батыс жағында дамыған кең ауқымды үстірт жазығы. Алдыңғы қатарда Арал теңізінің жағасы (Суретті түсірген Ж.Д.Дүйсебаев).
Ү с т і р т (плато) франциялық plateau деген сөзінен шыққан-жазық бағытта жатқан таужыныстар қабаттарынан ұралған, тегіс бетті қыратты жазықтар (2-сурет). Бұлар төмендеу жатқан ойпатты жазықтардан кертпештер арқылы шектеледі.
Геологиялы кұрылысына қарай кұрылымды және жанартаулық үстірттерді ажыратуға болады. Жанартаулық үстірт деп магмалық таужыныстардың берік қабаттарымен тысталып қашалған түрін айтады. Жанартаулық үстірт аса зор көлемді магмалық массалардың жер бетіне шығып, төгілуі нәтижесінде пайда болған. Индиядағы Декан үстірті, Америкадағы Колумбия үстірті, Кавказ сыртындағы кейбір үстірттер осыған жатады.
Ал, құрылымдық үстірттің көрнекті үлгісі Арал және Каспий теңіздерінің аралығын алып жатқан кең байтақ үстірт жазықтығы. Оның солтүстік-батыс бөлігі - Қазақстанға қарайды, ал шығыс бөлігі Өзбекстанның Қарақалпақстан территориясына кіреді. Үстірт теңіз деңгейінен орта есеппен 200 метрден жоғары биіктікте жатқан жазық. Оның оңтүстік батыс бөлігі едәуір көтеріңкі. Үстірттің үстінде жазда кеуіп кететін ащы көлді жайпа, ойыстар кездеседі. Геологиялық құрылымында үстірттің астыңғы бөлігінде - палеоген кезеңінің, ал үстіңгі жағында неоген кезеңіндегі әктас, құмтас және солардан құралған шөгінді қабаттар бар.
Жайпақ таулар (плоскогорье) - кең ауқымды, біршама тегіс немесе белесті келген жайпақ жатқан немесе сәл-пәл деформацияға ұшыраған таужыныстардан құралған биік өлкелер. Таулы үстірттердің жәй үстірттерден айырмашылығы нақты биіктігі 1000 м-re дейін, немесе одан да жоғары болуы және осыған байланысты терең тілімделуі. Қыратты өлкелердің ішкі жағы тегіс емес, олардың бірқатар бөлігін ойпаттар мен жоталар алып жатады. Таулы үстірттер ежелгі таулы аймақтың ұзақ уақыт тегістеліп, кейін қайта көтерілуі нәтижесінде түзілген. Бұлардың мысалы - Орта Сібір, Иран, Анатолий, Шығыс Памир тау үстірттері.
Кейбір зерттеушілер таулы үстіртке жоғары көтерілген және тегістелген, деформацияланған таужыныстарынан құралған денудациялы жазықтарды жатызады. Мұндай кең ауымды 3000 м-ден биіктіктегі ежелгі пенепленнің қалдықтарын Тянь-Шань тауларында "сырт" деп атайды.
Беті төзімді платформалық қабаттармен көмкерілген, жазық бағытта астасып жататын, таужыныстарынан құралған таулы үстірттер мен жай үстірттер жер бетінде өздерінің жазықтық сипатын сақтайды. Ал үсті берік қабаттармен көмкерілмеген, жазы бағытта жатан палеоген- неоген кезеңінің атаймаған таужыныстарымен жамылған жазықтықтарды қабатты жазытар (пластовые равнины) дейді. Мұндай жазықтар Торғай өңірінде кең тараған және Батыс Қазақстанның едәуір бөлігін қамтиды.
Т а у л ы қ ы р а т (нагорье) - мегапішіндердің ерекше түрі, оның ішкі биіктік өлкесінде жоталар мен таулы үстірттер, ойыстар мен кемерлер күрделі түрде астасып, аралас кездесетін таулы аймақтарын құрайды. Таулы ыраттар кең тараған, олардың мысалдары - Памир, Кіші Азия, Армения, Иран, Тибет, Цайдам таулы қыраттары.
Т a y л a p дегеніміз жоғары биіктікке (8000 м-ге және одан да жоғары) көтерілген жер қыртысының қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымдармен күрделіленген теңіз деңгейімен және қоршаған жазықтармен салыстырғанда биіктік көрсеткіштері өте жиі және күрт өзгеріп отыратын жер бетінің біршама көтеріңкі аймақтары. Таулардың ұзындығы ондаған, жүздеген және мыңдаған километрге дейін иіріліп созылып жатады. Өздері алып жатқан аймақтардың жалпылама аумағына орай тау сілемдері, таулы белдеу, таулы өлке, таулы жүйе, таулы алқап және таулы жота деген атаулар арқылы дараланады. Таулардың пайда болуын қамтамасыз ететін бірден-бір шарт - жоғары бағытталған тектоникалы қозғалыстардың сол таулардың денудациялық процесіне қарағанда әлдеқайда қарынды болуы. Гипсометрия бойынша биіктігіне қарай олар - аласа (1000 м-ге дейін), орта (1000-3000 м) және биік (3000 м) тауларға бөлінеді. Биік тауларға-Гималай, Памир, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай (3-сурет), Альпі, Андье, Кордильері және басқалар жатады.
3-сурет. Алтай тауының шыңдары (Суретті түсірген В.П.Бондарчук).
Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңдары - Гималайдағы Жомолунгма (8848 м), Қарақорымдағы Чогори (8611 м), Памирдегі Коммунизм (7495 м), Тянь-Шаньдағы Жеңіс (7439 м) шыңдары. Биік таулардың морфологиялық түрі нақты биіктігімен, ойдым-ойдымдылығымен, бедер пішіндерінің күрт өзгеруімен үшкір басты шыңдармен және айдар тұрқылас жалдармен, құлама құздардың және мұздық әрекеті арқылы қалыптасқан пішіндердің көптігімен сипатталады; кейде альпілік бедер терминінің синонимі ретінде түсіндіріледі. Биік тауларда тік белдеулік (вертикальная поясность), яғни климаттың, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлардың биіктікке қарай біртіндеп алмасуы байқалады. Әсіресе Тянь-Шань және Алтай сияқты биік тауларда табиғаттың ландшафт белдеулері мен сатылы бедер айқын көрінеді. XIX ғасырдың орта кезінде Ш.Уәлиханов пен П.П.Семенов - Тянь-Шанский Іле Алатауының орографиялық сипаттамасын бейнелеп түсірген кезде, осы таудың биіктік белдеулерін алғашы рет ашқан.
Аласа таулы бедер биігірек таулардың бірте-бірте шайлып жойылуы нәтижесінде қалыптасқандықтан, бұлардың беткі жазықтықтары жұмырланған суайырытармен, жайпақ беткейлі тау-төбелермен аңғарлардың терең тілімделуімен сипатталады. Мұнда вертикалды ландшафты белдеулері аса айқын білінбеуімен, немесе мүлде болмауымен ерекшеленеді. Аласа тауларға Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның Баянауыл (4-сурет),
4-сурет.Баянауыл тауы. (Суретті түсірген Б.Ж.Әубәкіров).
Қарқаралы,Кеңт, Қу, Көкшетау, Семей тауы, Жасы Абралы, Жаман Абралы, Қызыл- Рай, Бектау - Ата, Шыңғыстау және Шу -Іле таулары жатады.
Орташа биік тауларда айқын байқалатын биіктік белдеулер дамыған. Орташа биік тауларға Туркменстандағы Копет - Даг тауы, Ресейдегі Орта және Солтүстік Орал тауы, Қазақстандағы Тарбағатай тауы, Украиындағы Қарпат тауларының бір бөлігі жатады. Мұндай өлкелерде тегістелу жазықтықтар кеңінен етек алған, сондықтан бұларда суайрық қырлары біршама тегістеле жұмырланған.
Таулар жаратылу тегі (генезис) жағынан тектоникалық, эрозиялы және жанартаулық болып үш түрге бөлінеді. Қазақстанда әдетте тектоникалы және эрозиялық -тектоникалық таулар жиі кездеседі. Жанартаулы таулар Камчатка түкпірінде, Жапон аралында (Фудзияма тауы) және жер бетінің қозғалмалы белдеулерінде дамыған.
Теңіз және мұхит түбінің гипсометриясын батиметрия дейді (гр. bathus - терең+mеtгео-өлшеу). Батиметрия айырмашылығы бойынша мұхит түбі - неритті (0-200 м), батиалды (200-3000 м), абиссалды (3000-6000 м) және гипабиссалды (6000 м-ден терең) тереңдік зонадеріне бөлінеді. Неритті зонаі теңіз (мұхит) суының жарық сәулелерімен жақсы қаныққан. Бұл органикалық тіршілікке мейілінше бай біршама саяз өңірлерін біріктіретін, жағалауға жақын орналасқан, яки шеқарасы шамамен шельф жиегіне сәйкес келетін зона. Батиалды зонаі материктік қайран мен теңіз түбі, (төсеніші) аралығын қамтитын, яқи негізінен материктік беткейге жапсарлас орналасқан батиальды фаунаның тіршілік етуіне олайлы теңіз (мұхит) деңгейі. Абиссалды зонаі мұхиттар мен терең теңіздердің абиссалдық фауна тіршілік ететін терең ойыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |