Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет6/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2
Акимбекова А англ, 8 апта Микробиология
5. Бедердің генезисі

Қазіргі геоморфологияның негізгі анытамасының бірі -бедер эндогендік және экзогендік процестердің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан бедер пішіндері. Бұл түсінік жер бедер генезисінің жалпы ұстанымы, дегенмен жеке бедер пішіндерін зерттегенде, оларды нақты талқылап, мұқият талдау керек.


Жоғарыда айтылғандай, жер бедерінің ең ірі пішіндері -планетарлық мега- және макропішіндер, ал кейбір жағдайда бедердің мезопішіндері де өздернің гензисі жағынан эндогендік пішіндерге жатады. Ауқымы жағынан майда келген микропішіндер - көбінесе экзогендік бедер пішіндеріне жатады. Эндогендік және экзогендік процестер бедердің қалыптасуында өзара тығыз байланысты. Әдетте эндогендік процестерден қалыптасқан ірі бедер пішіндерінен экзогендік процестер арқылы одан әрі күрделеніп жаңадан мезопішіндер және микропішіндер құрылады немесе, керісінше, жер бетіндегі кедір-бұдырларды тегістеп жазытандырады.
Қазіргі ғалымдар арасындағы көзқарас бойынша эндогендік бедер ұрушы процестердің қайнар көзі жердің жылулық энергиясы. Осы табиғат күшінің әрекеті жер қойнауындағы заттардың гравитациялық дифференциясы және радиоактивтік ыдырауы нәтижесінде туындайды. Ол жер койнауындағы гравитациялы және радиоактивтік процестерден, магманың қызуы және одан кейінгі салқындауынан, жер ыртысын құрастырған заттар көлемінің өзгеруінен болады. Соның салдарынан жер қыртысы абаттарының тұтастығы айырылып-ажырауына және қалыптасқан тектоникалық жарылымдар бойымен блоктардың әр бағытта ауысуына яғни дизъюнктивтік немесе пликативтік дислокация құрылуына әкеп соғады. Кейбір тектоникалы жарылымдар жер қыртысының төменгі қабаттарын жарып өтіп, таужыныстарының балыған ошақтарына дейін жетуі ықтимал. Мұндай жарықтар жер беті мен оның ойнауларын жалғайтын түтіктер іспетті және осы каналдар бойымен жер қойнауындағы балқыған заттар жоғары қарай ұмтылады. Егер магма жердің бетіне шықпай жер қыртысының ішкі абаттарында қатып қалса онда интрузиялық шоғырлар қалыптасады. Ірі интрузиялардың (батолиттер, штоктар) пайда болуы, олардың үстінде жатқан таужыныстарының жату түрлерінің өзгеруіне және механикалы ауысуына, яғни пликативтік немесе дизъюнктивтік бұзылуына мүмкіндік туғызады. Енген магмалы шоғырлар кіріктіруші таужыныстарына динамикалы ысым, жылу және химиялы әсер ету нәтижесінде, оларды метаморфты таужыныстарына ауыстырады.
Жанартау каналымен жер қыртысындағы жарықтарды бойлап жер бетіне газ, су буымен қоса шығып төгілген магманың қатаю процесі эффузиялық магматизм, немесе вулканизм деп аталады.
Жер сілкінудің көпшілігі жер қыртысының терең қойнауларындағы тектоникалық қозғалыстардың, нақты айтқанда үзілмелі дислокацияларының нәтижесі. Жер ойнауынан босаған энергия серпінді толқындар түрінде тектоникалы жарылымдар бойымен жан-жаққа тарап, жер бетінің тербелуі түрінде сезіледі. Жер сілкіну планета қойнауындағы болып жатқан қазіргі тектоникалы процестердің айын көрінісі.
Сайып келгенде, жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстар және олармен қоса тектоникалық жарылымдардың пайда болуы, блоктардың алмасуы, атпарлы қозғалыстар, тереңгі магматизм, вулканизм әрекеті және жер сілкіну - міне осылар, жердің ішкі энергиясының көзі болып табылатын бедер түзілу процестер. Дегенмен, осы процестер әсерінен құралған бедер пішіндері жер бетінде өзгеріссіз түрде сирек кездеседі, олар өздерінің пайда болу кезеңінен бастап экзогендік процестердің әсеріне ұшырайды , және соған байланысты өзгереді.
Экзогендік процестердің негізгі қайнар көзі - жер бетіндегі су, ауа, литосфера материалының қозғалу энергиясына ауысқан күн сәулесінің энергиясы. Экзогендік процестердің қатарына жер бетінің ағын суларының, мұхиттың, теңіздің және көлдің су массаларының бедер түзілу әрекеттері, жерасты суларының, жел мен мұздың әрекеттері жатады. Аталған процестерге гравитациялық энергия (ауырлық күші) қатысады, сондықтан осы процестер таза экзогендік процестер болып саналмайды. Бұған, бедер пішіндерінің беткейлерінде жүріп жатқан бір топ беткейлік процестерді айтуға болады. Ақырында, ғылым мен техниканың қарыштай дамуына орай, адамдардың шаруашылық әрекеттерінің бедер түзілу фактор ретіндегі ролі жылдан-жылға нығайып өсіп келеді.
Жоғарыда айтылғандай бедер түзілу процестер сирек жағдайда ғана жеке өтуі ықтимал. Бедер генезисін зерттеу кезінде геоморфолог әр уақытта бедер пішіндерінің қалыптасуында геоморфологиялық процестердің қайсысы басымдау және олардың қалыптасу тегін қалай дүрыс анықтауға болады деген сұрақтарға тап келеді. Сондықтан мұндай проблеманы талдаған жағдайда төмендегідей мәселелерге көңіл аудару керек (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988):
1. Жер бетінің бедер пішіндері эндогендік және экзогендік процестердің өзара арым-атынас әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан. Бұл тұжырым жалпы дұрыс болғанмен, әр жағдайда анықтап дәлелдеуді қажет етеді. Осы проблема талдауының алғашы кезеңінде алдымен геоморфологиялық процестердің қайсысы басымдау екеңдігін анықтау керек. Бұл өте күрделі мәселе, демек тектоникалық және экзогендік процестердің аркындылығы өзара шамалас. Мысалы, тектоникалық көтерілудің орташа жылдамдығы жылына миллиметр немесе миллиметрдің оннан бірі болса, онда жер бетіндегі денудация процесінің орташа жылдамдығы, немесе шайылған материалының шоғырлануы сол қатарлы мөлшерде саналады.
2. Бұрын бір агенттердің әсерінен алыптасқан бедер пішіндері қазіргі кезде басқа агенттердің ықпалына ұшырап кетуі ықтимал.
3. Бірақ, көбінесе жер бетіндегі бедер пішіндері бірнеше табиғи процестердің атар ықпал ету әсерінен қалыптасады.
4. Әр қатарлы бедер пішіндерінің калыптасу генезисін анықтау жолында мынандай заңдылыктарды байқауға болады: бедердің ірі пішіндері жалпы эндогендік процестермен байланысты, ал оның бетінде дамыған кішігірім пішіндер экзогендік процестердің нәтижесі. Мұндай жағдайда алдымен бедер пішіндерінің мөлшеріне назар аударылуы тиіс.
Әдетте планетаның ірі пішіндері (мегабедер және макробедер) эндогендік процестер нәтижесінде қалыптасады. Мезопішіндердің морфологиясы тек сирек жағдайларда ғана тектоникалық процестерге байланысты. ¡сақ бедер пішіндердің басым көпшілігі экзогендік процестермен байланысты.
Ежелгі заманда бастаушы бедер түзілу процесс ретінде бола тұрып, қазіргі кезде оның әсері тоталса да түбінде сол процестің әсері қазіргі жер беті пішіндерінің бейнесінде сақталып, айқын көрініс беруі мүмкін. Мысалы, ежелгі (кеш плеистоцен) мұз басу аймақтарының мұзды-аккумулятияциялық пішіндерін келтіруге болады. Қазіргі кезде бұлар басқа процестерге ұшыраған, бірақ олар бұрыңғы әсер еткең процестерден қалыптасқан сол морфологиялық бейнесін айтарлықтай сақтаған.
Егер бедер пішіндерінің калыптасуында бір, екі немесе бірнеше факторлар қатынасса, онда бедердің кешенді жолмен алыптасқандығын айтуға болады.
Жер бедерінің генезисі көбінесе далалық зерттеу мәліметтері көмегімен анықталады. Бедердің аккумулятиялық пішіндерінің генезисін белгілеу үшін оларды құрайтын шөгінділерді жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Аллювийлік, пролювийлік, теңіз және тағы басқа шөгінділер көп жағдайларда ерекше өздеріне тән литологиялы, және морфологиялық асиеттерінің кешеніне ие, және олар құраған аккумулятиялық пішіндердің алыптасу тегі туралы белгілі дәрежеде мәлімет алуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет