Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Геоморфологиялық карталар



бет73/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

32. Геоморфологиялық карталар
Далалы геоморфологиялық зерттеу материалын толығымен анық, қорытып, графикалы тәсілмен көрсететін құрал -геоморфологиялық карта болып саналады. Ол бедердің уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтарын және бедер мен геологиялық ұрылысын, бедер мен тектоникалық жағдайын, бедер мен басқа да географиялық ландшафт компоненттерінің арасындағы байланысын белгілейді. Геоморфологиялық карталардың басты ерекшеліктерінің бірі - бедер элементтерінің морфологиясын, жасын және қалыптасу тарихын бейнелеу. Сайып келгенде, геоморфологиялық карта - геоморфологиялық зерттеулердің қажетті және маңызды нәтижесі, бедер туралы графикалы түрде жиналып алынған толық мәліметтер мен практикалық қолданылуының негізгісі.
Геоморфологиялық карталар өздерінің масштабына, мазмұнына және койылған масатына қарай әр түрлі болып келеді.
Геоморфологиялық карталардың дәлдік дәрежесі олардың масштабына байланысты. Масштаб ірі болған сайын, картадағы мәліметтер де толығырақ көрсетіледі. Әдетте геоморфологиялық карталар геологиялы және топографиялық карталар сияқты стандартты масштабта жасалады. Карталардың масштабы бойынша: үлкен ауматардың (мысалы, бүкіл Қазақстан аумағын) геоморфологиялық ұрылысын жалпы көрсетуге арналған ұсақ масштабты (1:1000 000 ұса), жеке облыстардың геоморфологиялық құрылысын көрсететін орта масштабты (1:1000 000-нан 1:200 000 дейін) аймақтық карта және шаруашылық мақсатында игерілетін жеке аудандардың геоморфологиялық және геологиялы жағдайларын көрсететін ірі масштабы (1:200 000 және одан да ірі) карталарға болып ажыратылады. Шолу және ұсақ масштабты карталар әдетте тыңғылықты өндеу тәсілмен, орта және ірі масштабты карталар дала геоморфологиялық зерттеу жолымен жасалады.
Мазмұны бойынша геоморфологиялы карталар жеке және жалпы геоморфологиялық карталарға бөлінеді. Жеке геоморфологиялық карталар тек бедердің морфография, морфометрия, қалыптасу тегі немесе жасы жайлы және тағы сондайларға байланысты жеке көрсеткіштер негізінде ұрастырылады. Мұндай карталарда бедердің жазық бағыттағы тілімдену жиілігінің картасы (карта густоты горизонтального расчленения рельфа), бедер тілімденуінің жалпы көрсеткіш картасы (карта общего показателя расчленения рельфа), жер беті еңістігінің картасы (карта крутизны земной поверхности) және тағы басқа мысалдар бола алады.
Жалпы геоморфологиялық карталар жеке көрсеткіштердің жиынтығы ретінде бедердің жалпы сипаттамасын, оның ішінде маңыздылары болып табылатын: морфографиясын, мофрометриясын, қалыптасу тегін және бедердің жасын бейнелеп береді.
Карталардың мазмұны олардың алдына қойылған мақсатын анытайды. Жеке геоморфологиялық карталар жеке мәселелерді: практикалы, ғылыми-зерттеу және тағы басқаларды шешу үшін жасалады. Осылайша, мысалы, бедердің тілімдену жиілігінің картасы (карта густоты расчленения рельфа) мен тілімдену теренділігінің картасы (карта глубины расчленения рельфа) жол салу қажеттігінде кең қолдау табады. Бұл екі карта да жер бетінің еңістік картасымен қоса, аумақты территорияны ауылшарушылық жағынан ұйымдастырудың қажеттілігі үшін және т.б. қолданылуы мүмкін.
Жалпы геоморфологиялық карталар халық шаруашылығы мен ғылымның әр салаларының әр жатарынан туындаған қажеттілігін қанағаттандырады. Олардың негізінде кез келген арнаулы геоморфологиялы карталар жасалуы мүмкін.
Жалпы геоморфологиялық карталардың маңыздылығын ескере отырып, біз мұндай карталардың мазмұны мен шартты белгілерін (легендалардың) құрылуына басты назар аудара отырып тоқталамыз. Әйтсе де осы уақытқа дейін бүкіл әлемде ғана, мысалы, көпшілік мақұлдаған геологиялық карта сияқты геоморфологиялық картаның бірыңғай шартты белгілері әлі күнге дейін жо екендігін атап өту қажет. Геоморфологиялық карта түсіру жөнінен едәуір деңгейге жетіп дамыған ТМД елдерінде де түсірім масштабты геоморфологиялы карталардың бірынғай құрастырылған шартты белгілері жоқ.
Сонда да, әр түрлі ғылыми зерттеу, өндірістік, геологиялық және географиялық мекемелер жұмыстарының тәжірибесіне негіздей отырып, жалпы геоморфологиялық карталардың шартты белгілерін жасау туралы ұстанымдар жөнінде белгілі пікірлер айтуға тура келеді.
Жалпы геоморфологиялық картада бедердің мынадай негізгі сипаттамалары: оның морфографиясы мен морфометриясы, жаралу тегі (генезисі) мен жасы болуы тиіс. Бұл сипаттамаларды бейнелеу үшін сапалы немесе түрлі-түсті фонының әдістері (методы качественного или цветного фона), изосызықтар (изолиний), сызаттар (штриховки) түрлі белгілер (значки), индекстер олданылуы мүмкін. Аса нақтылы және көрнекті картографиялық тәсілі фонды бояу (фоновая закраска). Осы фонды бояумен бедердің ең маңызды сипаттамасының бірі -генезисін бояйды. Осылайша қағаз бетінде әр генезистік бедер пішіндері әр түрлі түспен боялады, мысалы, теңіз тектік бедер пішіндерін картада көк түспен, эолдық - сары, аллювийлік -жасыл, делювийлік - ызғылт-сары, көлдік-көгілдір түспен.
Дегенмен, бедер генезисін анықтаған кезде едәуір қиындықтар туады. Жоғары тақырыптарда айтылып кеткендей, жер бетіндегі бедер пішіндері эндогендік және экзогендік өзара қарым-қатынас әрекетінен қалыптасқан. Сонда геоморфологиялық картографиялау жүргізу кезінде зерттеушінің алдында бедер түзу процесінің ай тобына эвдогендік басымдау екен деген сұрақтар пайда болады. Бұл сұрақтарды шешу үшін мына тәртіпті нұсқау етіп қолдану қажет: топографиялық картаның масштабына және жүргізіліп жатқан геоморфологиялық түсірім масштабына сәйкес картаға арнайы осымша геоморфологиялық мәліметтерді енгізу керек. Мәселен, әр түрлі, бедер пішіндерінің генезисін анықтау кезінде мына заңдылықтарды байқауға болады: Бедердің кең ауқымды қамтып жатқан ірі пішіндері негізінде біркелкі өтетін эндогендік процестермен байланысты, ал кішігірім элементтер - экзогендік процестердің нәтижесі. Сондықтан геоморфологиялық карта түсіруі жүргізген кезде алдымен бедер пішіндерінің мөлшеріне назар аудару тиіс. Әдетте түсірім масштабта бедердің экзогендік түрлері жиі кездеседі. Бірақ, кейбір жағдайларда эндогендік бедердің кішігірім пішіндері кездесуі ықтимал. Мысалы, жанартау немесе лайлық жанартау төбешіктері, немесе жер бетінде кертпештер түрінде көрініс беретін терең тектоникалы жаралымдар. Тағы бір еске түсіретін жай: жалпы, аккумуляциялық және өңделген (выработанный), бедерді картаға түсірген жағдайларда аккумуляциялық бедер түрлерін нүктелі, таңбалы әдіспен (точечный методом) белгілеп ажыратуға болады.
Бедердің морфографиялық мен морфометриялық сипаттамасының ең тиімді әдістер, оларды топографиялық карталарда горизонталды болып табылатын изосызықтар жүргізу әдістерімен бейнелеу. Жақсы топографиялық карта онымен ешқандай салыстыруға болмайтын ең нақты және ең суреттеп салынған бейнелеулермен тең келмейтін бедер туралы мәліметтерді толы береді.
Бедердің морфографиялық және морфометриялық сипаттамасының маңыздылығы осы бедер пішіндерінің морфологиясы туралы деректерден басқа генетикалық информация, эндогендік және экзогендік процестер әрекеттерінің арақатынасы жөніндегі пайымдау мүмкінділігі мен олардың " қарқындылығы жөнінде мәліметтер алуға болатынында. Шынында да әр табиғат агентінің әрекеті олар құрған бедердің пішіндері немесе пішіндер кешендерінің бейнесінде жүзеге асады. Эндогендік және экзогендік процестердің ара қатынасы сол немесе басқа жердің нақты биіктігінде, тілімдену жиілігі мен тереңділігінде білінеді. Осы факторлардың барлығы жер бетінің еңістелу бұрышымен қоса сол жердің қазіргі кездегі экзогендік процестері әрекетінің жиынтықтылығын және қарқындылығын анықтайды.
Карта масштабында горизонталь арқылы түспей қалған бедер пішіндерін шартты белгілер арқылы көрсетеді, ал мұндай шартты белгілердің әрқайсысы өзінің суреттелген бейнесімен сол немесе басқа пішіндердің сыртқы түрін ғана сипаттайды, ал шартты белгілердің түсі - олардың генезисін білдіреді.
Геоморфологиялық картада бедердің жасын белгілеу өте маңызды роль атқарады. Мысалы геологиялы карталарда таужыныстарының жасын көрсету үшін нақты тәсіл - фонды бояу (фоновая закраска) болып табылатыны баршамызға аян. Ал, геоморфологиялық картада мұндай бейнелеу әдісі картаның көрнектілігін жойып, түрін кедейлендіруге әкеп соқтырады. Сондықтан геоморфологиялы карталарда бедердің жасын басқа тәсілмен : фонның түрлі-түстілігімен (сол немесе басқа генезисті топтың шегінде ғана), индекстермен (белгіленгеннен контурдың ішінде) бедерсызатпен (штриховкамен) бейнелейді. Әйтсе де бедерсызаттарды бедердің қалыптасуында үлкен роль атқаратын геологиялық ұрылымдарын (мысалы, жер бетінде айқын білініп көрініс беретін бранхиантиклинальдық құрылымдарды, тұзды күмбездерді) көрсету үшін олдану тиімді.
Геоморфологиялық карталарда арнайы шартты белгілермен көптеген қазіргі заманда өтіп жатқан табиғи және антропогендік процестерді, яғни жазықтық шаю, флювийлік эрозиялық, эолдық және т.б. процестерді көрсетуге болады.
Сөйтіп, түсірім масштаб бойынша геоморфологиялық карталарды жасау үшін, шартты белгілер жүйесін құру ұстанымдарының кейбіреулері осындай. Мұнда кейбіреулері ғана деп айтып отырған себебіміз, өйткені геоморфологиялық карталар ұрылысының шартты белгілері туралы әр түрлі басқа да пікірлер бар.
Барлық жағдайда геоморфологиялық карталардың шартты белгілерінің жүйесі кез келген аумақ туралы бедердің сипатын көз алдымызға елестете алатын, оның жасы мен дамуы тенденциясы мен қалыптасу тарихы туралы мағлұмат бере алатындай болуы тиіс.
Морфогенетикалық ұстаным бойынша жасалған ірі масштабты геоморфологиялық карта. Морфогенетикалық ұстанымы бойынша жасалған ірі масштабты геоморфологиялы карталардың негізгі түсіру нысаны - бедердің жеке пішіндерімен элементтері және олардың генезисі. Жоғары тақырыптарда айтылып кеткендей, бедер элементтері жер беті бедерінің ең жай категориясы, бұған жеке беткейлер, кертпештер, шыңдар, төбелер, төбешік етектері, өзен жағалары және т.б. жатады. Бедер пішіндері - көлемді келген табиғат құрылымының алуан түрлері. Олардың биіктігі (не болмаса тереңдігі), ұзындығы және ендігі бар, оң немесе дөңес және ойыс пішіндер болады. Аумақтың биіктігі жер бетінің орташа гипсометриялық деңгейден жоғары болса бұларды оң (дөңес) бедерлер дейді, ал жер бетінің орташа гипсометриялық деңгейден төмен болса - ойпаң, теріс пішіндер делінеді.
Орта масштабты геоморфологиялық картаның негізгі түсіру нысаны – бедердің генетикалық типтері (генетические типы рельфа). Бедердің генетикалы типтері (генетические типы бедера) - белгілі бір табиғат әрекетінен қалыптасқан, морфологиялық, морфометриялық және генезис жағынан ұқсас жер беті пішіндерінің заңды түрде үйлескен табиғат құрылыстары. Мәселен, жел әрекетінен пайда болған бедердің эолдық типі, мұздық әрекетінен қалыптасқан бедердің мұздық типі, теңіз әрекетінен түзілген бедердің теңіздік типі және т.б. Геоморфологиялы карта жасау үшін оған сәйкес геоморфологиялық шартты белгілер жасалады. Геоморфологиялық шартты белгілер дегеніміз - бұл карта бетіндегі бедердің әр түрлі таксонометриялық жиынтығының шартты белгілер жүйесі. Ол геоморфологиялық картаны құрайтын негізгі және қажетті бөлігінің бірі. Шартты белгілерсіз геоморфологиялық карта өзінің мазмұнды сипаттамасын толық түсіндіре алмайды.
Әр аумақтың бедер пішіндері негізінде олардың морфология, генезис және жасы жағынан ажыратылады. Бедердің осындай морфогенетикалық принциппен жүйелі түрде топтастырылуы басқа әдістермен құрастырылған шартты белгілермен салыстырғанда ең қолайлысының бірі деп санауға болады, өйткені ол бедер туралы мәліметтерді картаның бетіне едәуір толық бере алады.
Мұндай жағдайда бедердің әр генетикалық типіне картаның шартты белгілерінде көрсетілген түсі сәйкес келуі тиіс: аллювийлік генезисіне - жасыл, денудацияланған бедерлеріне -оныр, эолдық пішіндеріне - сары бояу. Ал жеке бедер пішіндері мен элементтері (жыралар, сайлар, төбешіктер, шұңқырлар, арналар, террасалар, кертпештер, беткейлер және т.б. арнайы белгіленген шартты белгілермен көрсетіледі. Сөйтіп, морфогенетикалы принциппен жасалған геоморфологиялық картаның шартты белгілерін сапалы (түрлі-түсті) фонымен, әр түрлі бедерсызаттармен, сызық белгілермен және әріп индекстерімен дайындап жасау қажет.
Ірі масштабты геоморфологиялы картаны жасау үшін мынадай орындау тәртіпті қолдану керек:
1. Географиялық негізін дайындау. Аумағы топографиялық картаға сәйкес келген калька бетіне топографиялы картадан бүкіл гидрография торын, негізгі тұрғын мекендерді, градус торларын және жолдарды түсіру. Осылардың жиынтығы картаның географиялық негізін құрады.
2. Алдын-ала жасалып қойған геоморфологиялық шартты белгілер бойынша даярланған калька бетіне бедердің негізгі генетикалы түрін (типін), пішіндерін және элементтерін белгілеу. Олар бірімен-бірі геоморфологиялық шекаралармен қара түсті сызықтармен бөлінеді. Бұдан басқа бедердің жеке пішіндері мен элементтері арнайы белгілермен көрсетіледі.
3. Шартты белгілермен сәйкес бедердің генетикалық типтерін сапалы (түрлі-түсті) фонмен бояу.
4. Түрлі түсті фонмен немесе индекстермен бедер пішіндерінің жасын көрсету.
5. Арнайы шартты белгілермен азіргі геоморфологиялық процестерді (үгілу, жыралық эрозия, гравитациялық процестер, өзеннің эрозия мен аккумуляция процестері, эолдық және антропогендік процестерді) бейнелеу.
6. Картадағы рамкадан тыс шартты белгілерді безеңдіру (зарамочные оформление карты):
а) рамканың жоғарғы жағына картаның атын жазу, масштабын көрсету;
б) рамканың төмен немесе оң жағында геоморфологиялы шартты белгілерін жазу;
в) картаның төмен оң жағында карта жасаушылардың аты-жөнін және картаның жасалған жылын көрсету.


Áåäåðäi» íåãiçãi ãåíåòèêàëûº êàòåãîðèÿñû æ¸íå îëàðäû æàëïû ãåîìîðôîëãèÿëûº êàðòàäà áåéíåëåó (À.È. Ñïèðèäîíîâ áîéûíøà)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет