Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Далалық геоморфологиялық зерттеу әдістері



бет72/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Далалық геоморфологиялық зерттеу әдістері
Далалы геоморфологиялық бақылаулар - көзбен шолып визуальный және аспаптық бақылауларға бөлінеді. Мұның ішіндегі ең бастысы - адамның көзбен шолып бақылау әдісі. Бұл әдіс бедер пішіндерінің құрылысын, жаратылу тегін, динамикасын оларды құрайтын таужыныстарын зерттеуге негізделген. Көзбен шолып бақылау жұмыстарын жүргізген кезде әдетте анероид, тау құбылнамасы (горный компас), геологиялық балға, рулетка сияқты қарапайым дала аспаптары кеңінен қолданылады. Кейде көзбен шолып бақылаулар вертолет және кіші авиациялық самолеттермен бірге жүргізіледі. Әуеден көзбен шолып бақылаулар жүргізілген кезде зерттеліп жатқан аймақтар алдын-ала айқындалған маршруттар бойынша ұшып жүріп тексеріледі, ал алынған мәліметтер топографиялы карталарға белгіленіп, арнайы күнделікке жазылады. Әуеден көзбен шолып бақылауда жеке объектілердің үстінде тоқтап немесе ызыты геологиялы және геоморфологиялық объектілердің асында жерге қонып зерттеуге вертолеттер ыңғайлы.
Жер бетіндегі көзбен шолып бақылау жұмыстары негізінен сол баылау нүктелерінде жүргізіледі. Бақылау нүктелері аумақтың кездейсоқ орындары емес, олар бедердің қандай да болса белгілі бір элементтерін, пішіндерін немесе пішіндер кешендерін сипаттайтын нүкте. Бақылау нүктелерінде зерттелген бедер пішіндердің морфографиялық және морфометриялық сипаттамасы пайымдалады: олардың сырты бейнесі, кеңістіктегі орналасуы, орналасу бағыты жеке пішіндердің бір-бірімен өзара жалғасуы және т.б. Онымен бірге мұнда ерекше бедердің морфометриялық көрсеткіштеріне, яғни пішіндерінің салыстырма биіктіктерін, элементтердің еңіс бұрыштарын, ұзындығын, тереңдігін және енін өлшеуге назар аударылады. Мұндай жұмыстардың ажеттілігі бедер пішіндерінің ұсақ элементтері, мысалы, нано - және микропішіндер негізінен ірі масштабты топографиялық картаға да түспейді, ал мезопішіндері айтарлықтай әрқашан анық көрсетіле бермейді, немесе ол да картаға мүлдем түспеуі ықтимал. Осылайша топографиялық картаға өзен аңғарларының террасалары немесе жайылмалары сияқты маңызды бедер элементтері түспей қалады.
Әйтсе де, бедер пішіндерін сипаттау үшін, оның морфометриялық және морфографиялық көрсеткіштері жеткіліксіз. Геоморфологиялық бақылаулардың маңызды бір мақсаты - зерттеліп жатқан бедер пішіндерінің немесе бедер кешендерінің жаратылыс тегін анықтап білу. Осы мақсатпен пішіндердің ұрамын анықтайтын таужыныстары әсіресе жер бетінде көрініп жатқан табиғи ашылымдар жан-жақты мұқият зерттеледі. Егер мұндай жағдайлар болмаса шурфтар салынады (азылады), немесе шамалы бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Барлық жағдайларда, жаңағы геологиялы қабаттарды баяндап зерттеген кезде мынадай тәртіппен, дәйектеп суреттеу керек: геологиялық қиманың нақты пландық географиялық орнын, геоморфологиялы жағдайын, биіктіктегі орнын (высотная привязка) және иманың жалпы сипаттамасын. Содан кейін таужыныстардың әр қабатына бейнелеп сипаттама беру, мәселен, оның атауын, түсін, қалыңдығына, қабатталу сипатын, құрамын және ірі бөлшектердің (түйірлердің) бейнесін, құрылымын, жұмырлану көрсеткіштерін анықтау, жаңадан пайда болған заттарды (егер мұндайлар болса) көрсету, қабаттар арасындағы өзара қарым-қатынастың сипаттамасын беру, әр қабат қалындығын мұқият өлшеу керек болады.
Әрине дала жағдайларында бедер пішіндерін және оларды ұрайтын таужыныстар қабаттарын зерттеген кезде, олардың жаратылыс тегін және көнелігі (жасы) туралы қорытындыларды біржолата толық беру мүмкін емес. Сондықтан таужыныстарының қабаттарын зерттеген кезде, оларды жан-жақты талдау үшін топырақ үлгілерін алады. Ал, осы талдаулардың нәтижесін геоморфологиялық карталарды жасауға және ғылыми есептама жұмыстарын жазуға толық пайдаланылады.
Бақылау нүктелерінде қазіргі геоморфологиялық процестерге ерекше назар аудару қажет. Бақылау нүктелерінің жиілігі геоморфологиялық түсіру масштабына, зерттелетін аума бедерінің күрделілігіне, сапалы топографиялық карталар мен әуесуреті материалдарымен қамтамасыз етілуіне мен және сол аумақтың геологиялық және геоморфологиялық обектілерінің жер бетінде көрініс беру көрсеткіштеріне байланысты. Сонымен қатар, бақылау нүктелерінің арасындағы бақылау жұмыстары маршрут бойымен жүргізілген жүре шолу жұмыстарымен жалғасып отырады.
Геологиялық-геоморфологиялық объектілерде далада зерттеліп алынған барлы мәліметтерін арнайы дала күнделіктеріне жазып түсіреді. Күнделікте зерттеуді жүргізудің күні, яғни мезгілі, бақылау нүктелерінің реттік номері және оның адресі (географиялық орны) және геоморфологиялық жағдайы жазылады.
Кейбір бақылау нүктелерінде бедер пішіндерін немесе геологиялық ашылымдарды сипаттаумен қатар, оларды суретке салу немесе суретке түсіру және геологиялық-геоморфологиялық кескіндерді сызу жұмыстары жалғаса береді. Мұндай жағдайларда дала зерттеушілерінің аспапты әдістері нивелирлік және теодолиттық әдістер қолданылады. Топографиялық және геодезиялық аспаптарды қолдану көп жағдайда толық геологиялы геоморфологиялық кескіндер сызу үшін, мысалы, өзен немесе теңіз террасаларының биіктігін анық білу үшін, беткейлердің еңіс бұрыштары туралы мөлшерін анықтау және тағы осындай деректер алу үшін өте қажет.
Көптеген жағдайларда далалық геоморфологиялық зерттеулер жүргізген кезде гидрометеорологиялық аспаптық бақылау әдістері де қолданылады. Олар қазіргі геологаялық-геоморфологиялық процестердің (жазықтық шаю, арналық эрозия, су толқынының режимі және т.б.) сипатын және қарқындылы жағдайларын зерттеу үшін қажет. Мұндай мәселелерді шешу үшін тұрғылықты гидрометеостанция материалдарының деректері жеткіліксіз.
Сайып келгенде, далалық геоморфологиялық зерттеулердің әдістері өте көп, өйткені шектес ºылыми пәндерінің зерттеу әдістерін толық олданады. Сонымен қатар, далалы бақылау әдістері геоморфологиялық зерттеулердің алдына қойған мәселелерімен және зерттелу объектілерінің сипатымен белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет