Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет71/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

IV ТАРАУ






Геоморфологиялық зерттеу әдістері және геоморфологиялық картографиялау


31. Геоморфологиялық дала зерттеулерінің құрылымы мен әдістері


Геоморфологиялық зерттеулерінің құрылымы
Геоморфология ең алдымен далалы зерттеулердің деректеріне негізделеді. Дала жұмыстарымен бірге бедердің және оның даму тарихын зерттеп білу үшін әр түрлі әдістерді кеңінен қолданатын тыңғылықты өндеу жұмыстары (камеральные работы) да кіреді (О.Леонтъев, Г.Рычагов, 1988). Сонымен қатар, экспериментальдық геоморфологиялық талдаулар жөнінде де айтып кетуге болады. Олардың мақсаты табиғи геоморфологиялық процестерді дала жағдайында тұрақты зерттеу немесе оларды лабораторияларда пішіндеу (модельдеу).
Далалық геоморфологиялық зерттеулері негізінен ғылыми есепнама (научный отчет) беру тақырыбымен бірге істелген жұмыстар нәтижелерінің маңызы болып табылатын геоморфологиялық карта жасау жұмысымен аяқталады.
Жұмыстың мақсатына байланысты жалпы және жеке геоморфологиялық зерттеулерді ажыратуға болады. Жалпы зерттеулер барлық геоморфологиялық объектілерді қамтиды. Олардың зерттеу мүддесі - бедерді комплексті түрде (морфографиясын, морфометриясын, жаралу, тегін, бедердің даму тарихын және динамикасын) сипаттау. Мұндай зерттеулер жалпы геоморфологиялы карта жасауымен аяқталады. Негізінен зерттеулердің бұл түрі жалпы геоморфологиялық түсірім сипатына жатады. Ол мемлекеттік геологиялық түсірім ұрамындағы бір бөлік есебінде бұрынғы КЕҢЕС ҮКІМЕТ ОДАҒЫ Геология министрлігінің күшімен орындалған. Мұнда геоморфологиялық түсірім ұсақ масштабты (1:1000 000), орта масштабты (1:200 000) және ірі масштабты (1: 200 000-ден ірі) болып ажыратылады.
Жеке геоморфологилық зерттеулер жеке геоморфологиялық объектілерді (мысалы, карсты және жанартау бедерін) немесе жеке геоморфологиялы көрсеткіштерді (мысалы, бедердің тілімдену тереңдігін, тілімдену жиілігін және т.с.с.) білу мақсатымен жүргізіледі. Жеке зерттеулердің нәтижесі әдетте жеке геоморфологиялық карталар жасау жұмысымен бітеді. Жеке геоморфологиялық зерттеулер А.И.Спиридонов (1970) атап өткендей, негізінен анық шектелген теориялық немесе қолданбалы (практикалық) мақсаттарды шешу үшін ұйымдастырылады.
Геоморфологиялық зерттеу жұмыстары дайынды (подготовительный), далалы (полевой) және ғылыми өңдеу (камеральный) кезеңдеріне бөлінеді. Дайынды кезеңде белгіленген айма жөніндегі бұрын болып өткен (геологиялық және геоморфологиялық) зерттеулердің деректерімен танысып білу, арнайы картографиялық материалдармен бірге топографиялық карталарды және космосурет материалдарын мұқият зерттеу. Дайындық кезеңде алдын ала жинап алған материалдардың негізінде далалық зерттеу бағдарламасы құрылады, соның ішінде белгіленген маршруттардың нобайы, қазбалы орындарының шурфтары, бұрғылау орындарының орналасу сызба нұсқасы және басқа, мысалы, геодезиялы жұмыстар енгізіледі.
Далалы зерттеу кезеңі геоморфологиялық экспедиция зерттеулерінің негізгі құрайтын бөлігі болып табылады. Осы кезеңде нақтылы деректерге (фактический материал) негізделген материалдарды жан-жақтан жинау, соның ішінде таужыныстарының үлгілерін жинақтау және олармен алдын ала өндеу шараларын жүргізу, зерттелініп жатқан аумақтың геоморфологиялық құрылысы туралы алғашы тұжырымдар жасау жұмыстары жүзеге асырылады. Ақырында сол аймақтың далалық геоморфологиялық картасы жасалады.
Зерттеу мақсатына қарай және жасалатын картаның масштабына байланысты далалық жұмыстарды атқарған кезінде маршруттық зерттеулермен бірге кілттік әдіс (ключевый метод) немесе жалпы алаңды түсірім (площадная съемка) әдістері олданылады.
Кілттік әдісті қолданған кезінде сол аумақтың үлгісі болып саналатын ауқымы шамалы келген жеке бір аумақ ұқыпты тексеріліп және картаға түсіріледі. Содан кейін түсіру әдісін аумақтың қалған бөлікшелерінің барлығына қолданып жүргізіледі. Бұл кезде ірі масштабты топографиялық карталар әуесуреттер мен ғарышсуреттер кең қолданылады. Мұндай жағдайда кілттік аумақтар эталон ретінде роль атқарады. Кілттік аумақтар арасындағы алаңдардың экстраполяциясының дұрыстығын бақылау мақсатында сол алаңдарда түсіру маршруттарының сиретілген торы жүргізіледі.
Ал, жалпы алаңдық зерттеулер ірі масштабты картографиялау кезінде жүргізіледі. Бұл жағдайда маршруттар азды-көпті болса да бүкіл аумаққа біркелкі таралады. Сонымен қатар, маршруттар мен зерттеу нүктелерінің торы едәуір жиі болғандықтан кілттік аумақтардың қажеттілігі болмайды. Әрине, маршруттық жұмыстарға қарағанда аландық зерттеулерге аса көп күш, қаражат және уақыт жұмсалады.
Ғылыми өндеу кезеңі - бұл дала жұмыстары кезінде барлық жинақталған деректі материадардың жан-жақты байланысын ой елегінен өткізіп, пайымдау және орытынды шығару кезеңі. Ғылыми өндеу кезінде әр түрлі талдау жұмыстары: палинологиялық, минералогиялық, петрографиялы, микро және макро-фауналық, диатомдық, радиометриялық және даладан іріктеп алынған үлгілердің басқа да талдау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар әуе және ғарышсуреттерді де қолданылады. Ғылыми өндеу кезеңінің соңында геоморфологиялық карта жасалады да ғылыми есеп (есептеме)тақырыбтары жазылады. Ғылыми есеп – бұл нақтылы аумақтың геоморфологиялы зерттеу қорытындыларының жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет