Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Бедер туралы жалпы түсінік



бет2/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Бедер туралы жалпы түсінік



  1. Геоморфология пәні, оның зерттеу нысаны,

бедер туралы ұғым

Геоморфология (гр.gе-жер, mогрhе-бедер, пішін, logos-білу, тану), - бедердің құрылысын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалык жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі нысаны - бедер (француз тілінде reliev - дөңестілік) -құрылық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сырткы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге таужаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалы құбылыстар т.б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан куат алады; бұған таужыныстарының үгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан бедер пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын таужыныстарының құрамын, қасиетін және оларға әсер ететін процестерді анық қажет.


Эндогендік күштердің әсерінен жердің бір түсы көтеріліп, тау мен қыраттар түзіледі, ал екінші түсында төмен майысып, ойпаттар пайда болады. Экзогендік күштер тауды бұзады, ойпат жерлерді борпылда материалмен толтырып тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет жасайды және олар әр жерде, әр қарқында ұдайы болып жатады. Нәтижесінде осы екі күштер өзара қатынасы әсерінен жер бетінде қазіргі бедер пішіндерінің алуан түрін көреміз. Бедер пішіндерінің қай бағытта дамуы (көтеріле дамуы немесе керісінше, төмендей дамуы) - мұның бәрі сол жер қыртысының қасиетіне байланысты. Геоморфологияның негізгі ұстанымдарының бірі - бедердің географиялық құрамбөліктерінің бірі бола тұра, бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы, ол өзі ғана өзгеріліп қоймай, жалпы табиғаттың дамуына әсер етеді. Жер қыртысы, атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы қатынасты аныктайтын болғандықтан, геоморфология геология, геоботаника, гляциология, топырақтану ғылымдарымен де тығыз байланысты.
Соңғы кездері жер туралы ғылыми зерттеулерде «биосфера» деген түсінік кең таралған. Биосфераны жердің бүкіл органикалық тіршілігінің жиынтығы деуге болады. Бұл қабат атмосфераның төменгі 10-12 км бөлігін (тропосфераны), гидросфераны, жер бетін және литосфераның беткі қабатын қамтиды. Осы қабатты құрайтын тірі және өлі организмдер бедер қалыптасуында тікелей ерекше биогендік бедер пішіндерді және геологиялы шоғырларды түзеді немесе жанама түрде таужыныстарының химиялық, физикалы қасиеттеріне және планетамыздың ауа, су қабаттарының өзгеруіне әсерін тигізеді.
Жоғарыдағы айтылатын түсініктерге негіздей отырып, бедер ұғымын қосымша анықтауға болады. Геоморфологиялық зерттеулердің нысаны бола тұра, бедер планетамыздың жер ыртысы, су, ауа және биологиялы қабаттарының күрделі сипатты өзара қарым-атынастар нәтижесінде пайда болған.
Жер құрылысында бедер туралы айта кететін ерекшеліктердің бірі: жер шарының әр қабаттарын бөле түра, ол сонымен қатар жердің беті, литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен өзара әрекеттесетін ортасы.
Бедер географиялық ландшафттың және географиялық ортаның негізгі бөліктерінің бірі. Сондықтан бедер географиялық ортаның өзге құрамбөліктерімен бірге зерттелуі тиіс. Мұның өзі геоморфологияның физикалық географиямен және басқа географиялы ғылымдармен тығыз байланысты екеңдігін көрсетеді.
Геоморфология жалпы геоморфология және аймақты геоморфология болып екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология - бедердің пайда болуы мен дамуын геоморфологиялық кешен ретінде кең көлемде алып қарайды. Айматық геоморфология - ұрлық, мүхит, теңіз т.б. бедерінің нақтылы бір немесе бірнеше бөлігін зерттейді. Геоморфологияның тағы да бірнеше салалары бар. Олар қолданбалы (прикладная) геоморфология - бедерді өндіріс-шаруашылық қажетіне пайдалану жолдарын зерттеумен ідүғылданады; палеогеоморфология өткен дәуірлердегі бедер пішіндерінің даму жолдарын зерттейді; құрылымдық геоморфология (структурная геоморфология) бедер түрінің морфоқұрылымын (морфоструктурасын) анықтайды; климаттық геоморфология көбінесе сыртқы күштердің әсерінен пайда болған бедер түрлерін, яғни морфомүсінін (морфоскульптурасын) зерттеумен шұғылданады. Геоморфологиялық зерттеу экспедициялары ең алдымен геоморфологиялы қартаға түсіру жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде жалпы және арнайы қарталар жасайды. Дала жағдайындағы геоморфологиялық жұмыстар геология, геотектоника, гидродинамика, климатология, қартография әдістерін қолданумен бірге аэрофото және ғарышсуреттерін және тағы басқа құралдарды да пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет