Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Бедер зерттеуінің әдістемелік ұстанымдары



бет8/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

7. Бедер зерттеуінің әдістемелік ұстанымдары

Жер бедер зерттеуіндегі жалпы ұстаным - материалистік философияның диалекгикалық әдістеріне негізделген. Сондытан біз бедерді екі тұрақты ажыратылмас қасиеттеріне, яғни сыртқы пішіні мен мазмұнына ие, ақиқат шындық немесе материалды болмыс ретінде қарастыруымыз керек.


Белгілі қаза географы М.Ж.Жандаевтың (1994) пікірі бойъшша, бедердің сыртқы пішіні - бұл бедердің әр түрлі категорияларының сырты түрі (сыртқы бейнесі), ал мазмүны (материалдық негізі), сол пішінді құрастырған таужыныстары және солардың ішінде жүріп жатқан әр түрлі процестер. Ескеретін бір жай, бізді оршаған материалды дүниеде сырты пішін өзінің материалдық негізіне сәйкес болуы шарт. Шын мәнінде, жер бедер пішіндерінің әр категориясын наты бір физикалық-механикалық қасиеттеріне ие болған таужыныстары құрайды. Мысалы, борпылдақ, кұм тек сусымалы материалдың табиғи құлама бұрышынан аспайтын бедер пішіндерінің (шағыл, құмды тізбектер) беткейлерін кұрады, ал төзімділеу келген қатты түп таужыныстар биік төбелі, сүйір шыңды және тік немесе қия беткейлі, кедір-бұдырлы, жарлы-құзды бейнелі бедер пішіндерін құрастырады. Мұндай қасиетке ие таужыныстары шағылдар немесе, ұмды тізбектерді құрастыра алмайды. Демек, таужыныстарының физикалық-механикалық асиеттері андай да бір жер бедерінің пішінін, сипатын және оның қалыптасу ерекшеліктерін белгілейді. Былайша айтқанда, бедердің әр категориясы таужыныстарының алуан түрлі көрініс беретінін көрсетеді.
Диалектикалы материализм материалдық дүниенің сырты пішіні мен мазмұнын диалектикалық бірлікте қарастырады, мұнда мазмұны негізі болып табылады. Бұл бірлік заттың сыртқы түрі мен мазмұны өзінің даму барысында қарама-арсы ауысып, соңында ескі түрлер жойылу жолымен шешіледі деп пайымдалады. Сонымен, заттың дамуында сыртқы бейнесінің пайда болуы әрқашан мазмұнының дамуымен басталады. Осыдан мынадай шешімге келеміз - ескі бедер элементтерінің жойылуы және жаңа бедер пішіндерінің пайда болуы, әркашан соларды құрған жер қыртысындағы заттардың, яғни таужыныстарының ауысу, араласу процестерінен басталады.
Сөйтіп, қазіргі геоморфологияның ең негізгі тұжырымы болып табылатын және осыдан шығатын материалдық дүниенің дамуындағы диалектикалық заңдылықтар – қарастырып отырған алуан түрлі бедер пішіндері-бұлар жер бетіндегі дамыған объективті аиқат болмысы. Бұл бірінші қағида.
Геоморфологияның келесі негізгі ерекшеліктерінің бірі -бедердің дамуында философияның "қарама-қайшылықтардың бірлігі және күрес" деген диалектикалы заңына бағынуы. Біздің планетамыздың ғарышта физикалық дене ретінде дамуы, бір жағынан, сыртқы ғарышты күштер немесе факторлар, екінші жағынан, жер қойнауында болып жатқан ішкі эндогендік процестер әсер етеді. Бұл күштердің сотығу аренасы - жер ыртысы, ал олардың өзара әрекеттерінен қалыптасқан морфологиялық нәтиже - жер бетінің бедер пішіндері. Жоғары тақырыпта айтылғандай, эндогендік бедер түзілу факторларға жер ыртысының тербелмелі және орогендік қозғалыстары, сейсмикалық және жанартау (вулканизм) әрекеті жатады. Сыртқы күштердің көрініс беруі негізінен күннің жылу энергиясының өзге күштерге айналуынан туындайды. Ішкі күштер мен сыртқы күштер әрдайым өзара қарама-қарсы бағытта әсер етеді. Біріншілері үздіксіз түрде жер бетінің тау қыраттары мен ойыстарын түзесе, екіншілері оларды жоюға ұмтылады. Экзогендік күштер жер қыртысы материалын гравитациялық тепе-тендікке алып келіп, жер бетіндегі кедір-бұдырларды тегістеп жазықтандырса, эндогендік күштер, керісінше, бұл тепе-теңдікті бұзады. Осындай өзара күрделі қарым-қатынас нәтижесінде жер қыртысының материалы әр уақытта ауысып, бедердің ескі түрлері жойылып, жаңалары пайда болады. Жалпы айтқанда, табиғат құбылыстарының қарама-қайшылыта дамуы - жер бетінің алуан түрлі болуының негізгі заңдылықтарының бірі.
Геоморфологияның үшінші негізгі ағидасы жер беті пішіндерінің белгілі бір кеңістікте дамуы. Бедердің өзіне тән сыртқы ерекшеліктері мен геометриялық көріністері наты кеңістікте көрініс береді. Осыдан бедер пішіндерінің даму процесін білу үшін онын. әр категориясының кеңістіктегі өзара қарым-қатынасын, яғни морфологиялы және морфометриялық ерекшеліктері зерттелуі тиіс.
Төртіншіден, жер бедерінің негізгі үғымының бірі - әр пішіндердің өз уақытына (мезгіліне) сәйкес ´згеруі. Бедердің әрбір элементтері тап осы кезде қандай тұрақты болса да келешекте өзгеріске және жойылуға ұшырайды. Сондықтан бедердің әр пішіні жер тарихының белгілі бір уақыт бөлігінде өзгеріп, басқа бір түрлердің дамуы нәтижесінде пайда болған, яғни кез келген бедер пішіндері өзінің бастапқы кезі, қалыптасқан жетілу кезеңі дамуы және соңғы кезі бар уақытша объект екеңін түсіну керек. Бедердің пайда болуы және дамуы - уақыттың функциясы болып есептелінеді. Олай болса, бедер тек мезгіл шеңберінде дамуы тиіс. Сөйтіп, бедерді тарихи категория деп санауға болады. Уақыт пен кеңістіктен тыс бедердің дамуы мүмкін емес. Сондықтан бедердің жаратылыс тегін (генезисін) дұрыс білу үшін оның дамуының тарихи дәйектілігін зерттеп, жасын анықтау қажет.
Бесіншіден, бедер табиғи ортадағы элементтердің бірі болып, ол басқа да компоненттермен бірге, яғни геологиялық құрылымын, климатпен және т.б. тығыз байланыста дамиды. Сондықтан бедерді осы қоршаған ортадан бөлмей, кешенді түрде зерттеу керек. Сонымен атар бедер өзінің даму процесінде табиғи ортаға да әсер етеді. Жер беті бедерінің кешенді әдіспен зерттеу (табиғи элементтерінің өзара байланысы) азіргі геоморфологияның маңызды әдістемелік ұстанымдарының бірі болып табылады.
Алтыншыдан, геоморфологияда бұрынғы геологиялы дәуірде болған бедер ұратын процестер қазіргі замандағы байқалып жатқан процестермен ұқсастығы бар деп негізделген актуальды қағида қолданылады. Бұл палеогеографиялық айта құрудың негізгі кілті болып саналады.
Бұл тақырыпта жер бедер пішіндерін зерттеуде жалпы әдістемелік тәсілдер қарастырылды. Олар бедердің өте күрделі алыптасу процесін аңғару үшін эндогендік және экзогендік бедер ұратын факторларды кешенді түрде талдау нәтижесінде ғана, материалдық дүниені танып білудің диалектикалы әдісі негізінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Тек осы жағдайда ғана біз табиғат ұбылыстарының объективті зерттеуін жүргіземіз және зерттеулердің нәтижесіне сенімді боламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет