Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Бедердің пішіндері мен элементтері және оның



бет4/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Бедердің пішіндері мен элементтері және оның

морфографиясы мен морфометриясы

Бедер - эндогендік және экзогендік процестердің өзара қарым-қатынас әрекетінен қалыптасқан құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Қысқаша айтқанда, бедер - жер беті пішіндерінің жиынтығы.


Бедер жеке пішіндерден, ал пішіндер элементтерден қүралады. Бедер элементтері - жер бетінің жай категориясы, мысалы, жеке беткейлер, шындар, төбешіктің етегі және т.б. Бірнеше бедер элементтері бедер пішіндерін құрайды. Бедер пішіндері - биіктігі немесе терендігі, ұзындығы немесе ендігі бар жер бетінің көлемді табиғи құрылысы.
Бедер пішіндері - оңаша (жеке шоқы, төбешік), немесе ашық (сай, жыра), оң (дөңесті) және теріс (ойысты), жай және күрделі болып келеді. Бедер пішіндерінің элементтері көбінесе табиғат агенттерінің әсерінен өздерінің морфологиялық көрсеткіштерін жоғалтып дөңгеленіп қалады, күрделі түрлерінде беткейлердің иілу арқылы пішіндері бір-біріне ауысып тұрады. Экзогендік агенттер әрекетінен борпылдақ таужыныстар үйіліп шоғырлану арылы аккумуляциялық бедер пішіндерін (құм төбе, құмшағыл) және ұзақ уақыт үгіліп шайылу арқылы денудациялық немесе эрозиялық бедер пішіндерін (денудациялық жазықтарды, жыралар мен өзен аңғарларын) қалыптастырады.
Бедердің пішіндері мен элементтерін зерттеп білу олардың негізгі белгілерін, яғни морфометриясын, морфографиясын, қалыптасу тегін (морфогенезисін) және көнелігін (жасын) анықтауға мүмкіндік береді. Белгілі бір аумақтың бедерін зерттеу үшін ең алдымен оның морфографиялық және морфометриялық сипатын, яғни морфологиясын білу қажет.
Морфография - (гp. morphe –пішін+graphy - бейнелеу, суреттеу) бедердің сыртқы бейнесін, оның пішінін бейнелеу. Морфометрия (гр.mоrphe-пішін+metreo -өлшеу) бедерге сандық сипаттама беру. Морфометриялық тәсілмен белгілі геоморфология аймақтарының бедер пішіндерін өлшеу; олардың ұзындығын, енін, биіктігін, терендігін және бедердің тілімделу жиілігін анықтау арқылы жүзеге асады. Морфометриялық мәліметтер көбіне топографиялық және аэрофото-және ғарыш материалдарын талдау нәтижесінде алынады. Жүргізілген өлшеулер мен есептеулер негізінде арнайы морфометриялы қарталар жасалынады. Морфометриялық мәліметтер әсіресе жол құрылыстарын жобалауға, эрозия процесіне қарсы күрес шараларын белгілеуге, мұнайлы-газды тектоникалық құрылымдарды іздестіруге қажет.
Геоморфологияда жер бедерінің негізгі зерттеу нысаны жоғарыда айтылған бедердің жеке пішіндері мен элементтері және бедердің генетикалық типтері.
Бедердің генетикалық типтері (генетические типы рельфа) дегеніміз- белгілі бір табиғат әрекетінен қалыптасқан морфографиялық (сырт бейнесі), морфометриялық (мөлшері) және морфогенезисі жағынан ұқсас жер беті пішіндерінің заңды түрде үйлескең табиғат құрылыстары. Мәселен, желдің әрекетінен пайда болған бедердің эолдық типі, мұздың әрекетінен қалыптасқан биік тау өлкелердегі бедердің мұздықтың типі, теңіз әрекетінен түзелген бедердің теңіздік типі және т.б.
Жер бедер пішіндері өздерінің мөлшеріне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:
а) жер бедерінің планеталык пішіндері, 6) мегапішіндер, в) макро-пішіндер, г) мезопішіндер, д) микропішіндер, е) нанопішіндер
Планеталық пішіндер жер бетінің жүздеген мың, тіпті миллиондаған шаршы километр ауқымын қамтиды. Бұларға мынадай планеталық пішіндер жатады: 1) материктер; 2) геосинклиндік белдеулер; 3) мұхит табаны (ложе мирового океана); 4) орта мұхиттық жоталар.
Материктер жер бетінің ең ірі дөңес пішіндері. Олардың көп бөлігі құрлықтан тұрады, сонымен қатар материктердің біршама бөлігі дүние жүзі мұхиттық түбін қамтиды. Материктердің маңызды ерекшеліктерінің бірі - жер қыртысының материктік типінен құралуы.
Мұхит түбі немесе мұхит шарасы (ложе океана) дүние жүзі мұхитының негізгі бөлігі, олардың терендігі 3 километрден төмен және жер қыртысының мұхиттық түрімен сипатталған. Мұхит түбінің аса маңызды элементтері - мұхит түбінің кең ауқымды қазан-шұңқырлары мен оларды бөліп тұратын жоталар.
Қазіргі геосинклиндік белдеулер, көбінесе материктер мен мұхиттар арасындағы шеқарада және құрлық шегінде орналасады.
Орта мұхитты жоталар өздерінің ұзындығымен дүние жүзінде ең кең таралған таулар жүйесі болып саналады.
Мегапішіндер жүздеген және ондаған мың шаршы километр ауқымды қамтиды. Бұларға материктер аумағындағы таулы жүйелер және кең- байтақ жазықтар. Мысалы, Гималай, Альпі немесе Кавказ тау жүйелері, Батыс-Сібір жазығы, Орта Сібір қыраты, Тянь-Шань тау жүйесі, Тибет тау қыраты т.с.с. Мұхит өңірінде ірі-ірі суасты ойпандар мен көтерілімдер жатады.
Макропішіндер - мегапішіндердің құрамдас бөлігі. Олардың аумағы жүздеген, мыңдаған кейде он мыңдаған шаршы километрге дейін жетеді. Макропішіндерге таулы аймақтардың жеке қыраттары немесе ойыс жерлері жатады. (Іле Алатауы, Күңгей және Теріскей Алатау, Ыстықкөл ойпаңы т.б.).
Мезопішіндердің аумағы әдетте бірнеше шаршы километр немесе ондаған шаршы километр. Бұларға жотаның тарамдары, жыралар, сайлар, жеке аңғарлар, ірі аккумуляциялық пішіндер (шағыл тізбектері) жатады.
Микропішіндер - ірі пішіндердің бөлшегі болып саналатын, кішігірім кедір-бұдыр түрлері, мысалы, карст шұңқырлар, эрозиялық қазбалар, ұсақ құм төбелер, көлдеулер (степные блюдца) және т.б.
Нанопішіндер макро - мезо және микропішіндердің үстін шиелендіріп бөлшектейтін өте ұсақ кедір-бұдырлар. Бұларға шалғындық төбешіктер, ұсақ жемірілген қазындылар, кеміргіштердің індері, құм шағылдардың бетінде дамыған құм иректері (эоловая рябь) т.б. жатады (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
И.П.Герасимов пен Ю.А.Мещеряков бедердің генетикалық жіктемесінде планеталық пішіндер мен мегапішіндерді геотектура деп, макропішіндерді морфоструктура деп атаған. Олар көбінесе эндогендік процесс әрекетінен пайда болған. Ал экзогендік процестердің әрекетінен қалыптасқан мезо-және микропішіндерді олар морфоскульптура (морфомүсіндер) деп атаған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет