2. Геоморфологияның даму тарихы жайлы қысқаша мәліметтер
Ең алғаш бедердің даму заңдылытары XVIII ғасырдың орта шенінде белгілі орыс ғалымы М.В.Ломоносовтың еңбектерінде қаралған. 1763 жылы жарык көрген «Жер қабаттары» деген еңбегінде ол геологиялы ұрылымдар және жер қыртысы мен бедердің дамуы туралы өз тұжырымдарын келтірген.
М.В.Ломоносов бедердің дамуы ішкі және сыртқы күштердің әсерінен болатындығын атап көрсетті, бұл анықтама бүгінге шейін басты ұстанымдардың бірі ретінде түсініледі. Автор бұл жұмысында жердің ішкі күштердің әсерінен пайда болған бедер пішіндеріне көбірек көңіл бөлген.
М.В.Ломоносов тербелмелі қозғалысгардан теңіздердің трансгрессиясы мен регрессиясы және теңіз жағаларының бедер пішіндерінің пайда болуын, ал көтерілу мен иіліп төмен түсуі нәтижесінде таулар мен ойыстардың пайда болғанын түсіндірді. Сыртқы күштерге жоғарыда аталғандай, жел, жаңбыр, өзен сулары, теңіз толқындары, мұзды т.б. енгізілді. Мүнда ағын судың эрозиялық және аккумуляциялы әрекеті бедердің өзгеруіне үлкең әсерін тигізетіндігі айтылған. Сонымен, М.В.Ломоносовтың еңбектеріне қарап оны геоморфологияның негізін алаушы деп толығымен айтуға болады. Бірақ ол кезде оған ешкім көңіл аудармады, мұның өзі аталған саланың әрі арай дамуына олбайлау жасады.
XIX ғасырдың орта кезінде Ш.Уәлиханов пен П.П. Семенов-Тянь-Шанский алғаш рет Іле Алатауының орографиялық сипаттамасын берді.
Геоморфология XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында дербес ғылым болып қалыптаса бастады. Ол кезде геоморфологияда екі бағыт болды: бірі американ ғалымы В.Дэвис бастаған геоморфология заңдарын географиялық оралымдарға (циклдерге) бағындыру теориясы; екіншісі - неміс ғалымы В.Пенк ұсынған тау беткейлеріне морфологиялы талдау жасау арылы жер ыртысы озғалыстарының заңдылытарын анытау теориясы.
Жер ыртысының әр бөлігінің ең алдымен биіктеп жоғары көтерілуінен тау пайда болуын және оның кейін бірқалыпты төмендеуіне сәйкес жазыққа айналуын В.Дэвис географиялык оралым (цикл) деп атайды. Дэвистін айтуы бойынша, әр оралым бір пішіндерден екіншісіне жүйелі түрде алмасып тұрады. Бұл оралымның ерте кезеңін В.Дэвис жастық кезеңі (стадия юности), орта кезеңін – қалыптасқан жетілу кезеңі, ал соңғысын шөгу кезеңі (стадия дряхлости) деп атайды. Соңғы көзенді автор пенеплен (жазыққа ұқсас) деп атаған (1-сурет).
В.Дэвис жер беті бедеріне әр түрлі факторлардың әсер ететіндігін дәлелдеді, олар - тектониканың, ағын судың, мұздықтың, желдің, тағы басқа әрекеттердің әсері.
В.Дэвистің теориясы геоморфологияның ғылыми пән болып қалыптасуындағы алғашқы кезең болып табылады. Дүние жүзіндегі көп елдердің геологтары мен географтарына осы теория үлкең әсерін тигізді, ол осы уақытқа дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Дей тұрғанмен, оның зерттеулерінің кейбір кемшіліктері де болғандығын ескерген жөн. Олардың алғашқысы, бедердің оралымды дамуы табиғатта болмайтын пішіндердің екіншісіне қайта-қайта тұйы түрде қайталанып отыруы. Дэвис еңбегінің екінші кемшілігі - тектоника мен бедер арасындағы өзара қарым-қатынастың мүлдем сөз болмауы. Ал шынында, бұл екі процесс әр жерде, ұдайы қосарласа жүретіні белгілі. Дэвис еңбегінің тағы бір кемшін тұсы - ол бедер дамуының күрделі процестерін мейлінше жеңілдетіп, жай ғана нобайылы (схема) түрінде келтірілген.
Басқа ғалымдардың ішінде геоморфология ғылымының дамуына өзінің едәуір үлесін қосқан неміс ғалымы Вальтер Пенк. Ол жер бедерінің кескіні (профилі) бойынша жер қыртысы озғалысын сипаттау үшін тектоникалы қозғалыс және денудация арасындағы қарым-қатынас әрекеті нәтижесінде қалыптасқан тау беткейлерінің дамуын толық қарастырды. Ол тау беткейлерін үш түрге бөлді: тік беткей (прямой склон), ойыңқы иілген беткей (вогнутый склон) және дөңестене иілген беткей (выпуклый склон). Егер де жер қыртысының көтерілуі сыртқы күштердің әсерімен, яғни денудация процесіне теңбе-тең болса, онда тік беткейлер қалыптасады, егер де үгілу процесі тектоникалық көтерілуден басым болса, онда ойыңқы иілген беткейлер болуы мүмкін, ал керісінше жағдайда, яғни денудация процесі тектоникалық көтерілуден артта қалып отырса дөңестене иілген беткейлер алыптасады. Әдетте табиғатта көбінесе ойыңқы иілген және дөңестене иілген беткейлер жиі кездеседі.
В.Пенк ғылымға бірнеше жаңа үғымдарды енгізді. Олар беткейлер экспозициясының жаңаруы, жергілікті базис, эрозия т.б. Ол құрлы бедерінің денудациялық даму тұжырымдамасын ұсынды. Мұнда таулы аймақтардағы жазытану процестерінің әсері В.Дэвис айтқандай «жоғары» жағынан емес, «бүйір» жағынан жазы бағытта жүзеге асады. Тегістелу процестері тау беткейлерінің ағын су мен атмосфера агенттерінің әсерінен параллельді кейін шегіну арқылы, яғни өзендердің су алабын бөліп тұратын суайры қыраттар жан-жағынан жуылып-шайылып, аласарыңқырап, сонымен атар аңғарлардың біртіндеп кеңеюі нәтижесінде пайда болады. Сөйтіп, тау етегінде гипсометриялық төмен деңгейде сәл еңкіш келген жазы - педиплен қалыптасады.
В.Пенк жер қыртысының көтерілуі мен тау беткейлерінің шайылу процестерінің бір мезгілде болып жатқан құбылыс екеңіне анық сипаттама берді. Және ол өзара байланысты шөгінділерді зерттеу арқылы бедердің көнелігін (жасын) анықтауды да дұрыс тұжырымдады.
В.Пенктің зерттеуінде кемшіліктер де болды. Ол бедерді толық қарастырмай, тек беткей процестерін зерттеумен канағаттанды. Одан басқа ол тау етегінің сатылар идеясын ойлап шығарып, бірақ олардың пайда болуына дұрыс түсінік бере алмады. Оның ойынша, тау етегінің сатылары үнемі таудың к´терілуі нәтижесінде ғана пайда болады. Ал шынына келсек, мұндай жағдайда ешқандай сатылар түзілмеуі керек.
XX ғасырдың ортасында өнеркәсіптің өзіндік маңызы өскең сайын, геоморфология қарқынды дами бастады. Халық шаруашылы мұқтаждығы үшін арнайы экспедициялар үйымдастырылды, мамандар даярлана бастады, геоморфологиялық қарталар жасалды, жаңа зерттеу әдістері мен тәсілдері (аэрофотосуреттер т.б.) олданыла басталды. И.С.Шукиннің «ұрлықтың жалпы геоморфологиясы» (1936-1964) мен Я.С.Эдельштейннің «Геоморфология негіздері» атты монографиялық еңбектері бұрынғы Совет Одағында геоморфологиялық көзарастардың алыптасуына әсерін тигізді.
Нақтылы ғылыми мәліметтер жиналғаннан соң геоморфологияда жаңа бағыттар пайда бола бастады. 1948 жылы белгілі орыс ғалымы геолог В.А.Обручев «жаңатектоника» (неотектоника) деген үғымды үсынды. Автордың айтуынша, казіргі жер беті бедерінің қалыптасуы жер қыртысы тарихының ең соңғы кезеңінде, яғни неоген-төрттік кезеңінде жүзеге асты. Осьшайша геотектониканың арнайы жаңа саласы «жаңатектоника» деген ұғым қалыптасты.
К.К. Марковтың 1948 ж. шыққан «Геоморфологияның негізгі проблемалары» деген еңбегінде бедердің пайда болуына эндогендік және экзогендік процестер өзара әсер етті деген ұстаным негізделген. Автордың тұжырымы бойынша, бедердің қалыптасуында бұл екі фактордың маңызы бірдей. Бедер талдауын К.К.Марков төрт геоморфологиялы деңгейлер арқылы қарастырды: абразиялық-аккумуляциялық мұхит жағалау деңгейі, эрозиялық пенеплендік деңгей, таудағы қар шеқарасы деңгейі және биік (заңғар) таулардың шыңдар деңгейі.
И.П.Герасимов 1946-1967 жылдары жазған еңбектерінде морфоструктура (морфоқұрылым) деген үғымды алғашқы рет қолданды. Морфоұрылым деп ол геологиялы ұрылымның бір түріне сәйкес келген, негізінде эндогендік әрекеттерден түзілген бедер пішіндерін атайды (жоталар, ойпаттар). Басқаша айтанда, жер бетіндегі эндогендік және экзогендік процестердің қарым-катынас нәтижесінде басты ролді эндогендік процесс әсерінен құрылған пішіндерді морфоқұрылым деп аталады. Ал экзогендік әрекеттен қалыптасқан бедер пішіндерін «морфоскульптура» (морфомүсін) деп атаған (өзеннің арнасы, шағыл құмдар), карст шұңқырлары және т.б.).
Педиплендіру процесін зерттеу жолында аса зор еңбек сіңірген ағылшын ғалымы Л.Кинг. Ол педипленді пенепленге қарсы кояды, өйткеңі пенеплен өңірінде жазықталу процестері жер бетінің жоғары жағынан тегістелсе, педипленның қалыптасуы, В.Пенк айтқандай, беткейлердің «параллельді шегіну» жағдайында жүзеге асады.
Кейінгі кездердегі іздестіру жүмыстары - геоморфологияның жаңа бағыттарын белгіледі, оларға жататындар: құрылымдық-геоморфологиялық зерттеу арқылы мұнай мен газды іздестіру (В.Е.Хаин, Ю.А.Мещеряков, Л.Б.Аристархова), мұнай-газ құрылымдарын іздестіру барысында морфометрия әдістерін қолдану (В.П.Философов), кең іздеу және шашылымдарды іздестіру мақсатында бедерге талдау жұмыстарын жасау (М.В.Пиотровский, О.В.Кашменская, З.М.Хворостова), геоморфологиялы қарталар жасау (Н.В.Башенина, Г.С.Ганешин, А.И.Спиридонов), антропогендік мұз басу процестерін зерттеу (А.А.Асеев, Б.Ж.Әубәкіров), эрозиялық зандылықтардың дамуын зерттеу (Н.И.Маккавеев, М.Ж.Жандаев), бедердің карстық пішіндерін зерттеу (И.А.Гвоздецкий), шөл айматарын зерттеу (Б.Федорович), теңіз бен мұхит түбін, қайраң аймақтарын зерттеу (О.К.Леонтьеф, Г.И.Рычагов) және т.б.
Қазақстан аумағының бедер пішіндері алғашқы рет зерттеген ғалымдар И.В.Мушкетов, В.А.Обручев, Л.С.Берг және т.б. 1940 жылдардан бастап Казақстанның геологиясы мен геоморфологиясын, бедердің даму тарихын, тектоникасын, соның ішінде жаңатектоникасын, төрттік шөгінділер сипатын белгілі орыс ғалымдары зерттеді, олар: И.П.Герасимов, Н.Г.Кассин, Д.И.Яковлев, И.С.Яговкин, Б.А.Петрушевский, С.С.Шульц, М.П.Русаков, Б.А.Федорович, В.П.Нехорошев, Н.И.Николаев, А.А.Григоръев, Н.И.Тихонович, А.Л.Яншин, Г.Ц.Медоев, Б.А.Беспалов, Н.Н.Костенко, Е.В.Шанцер, З.А.Сваричевская, К.В.Никифорова, В.В.Галицкий және т.б.
1947 ж. Н.Г.Кассинның «Материалы по палеогеографии Қазақстана» деген еңбегі шықты, 1941 ж. Д.И.Яковлевтің «Голодная степь Казахстана», 1953 ж. А.Л.Яншиннің «Геология Северного Приаралья», 1960 ж. К.В.Никифорованың «Кайнозой Голодной степи Центрального Казахстана», 1965 ж. З.А.Сваричевскаяның «Геоморфология Казахстана и Средней Азии» және 1961 ж. «Древний пенеплен Казахстана» деген кітаптары жарық көрді.
Ленинград университеті, Ломоносов атындағы Москва университеті, ВСЕГЕИ, Қазақстанның геологиялық басқармалары, Қ.И.Сәтпаев атындағы геологиялы ғылымдар институты ғалымдарының көпжылдық жоспарлы геологиялы түсірімдері мен зерттеулері нәтижесінде Қазақстан аумағының әр масштабтағы геологиялық және геоморфологиялық қарталары жасалды.
1950 жылдардан бастап Г.Ц.Медоевтың басшылығымен Қаза ССР Ғылым Академиясының К.И.Сәтпаев атындағы геологиялы ғылымдар институтының геоморфология бөлімінде бір топ Қазақстан ғалымдары жұмыс істеді. Осының нәтижесінде бүкіл Орталық, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстанның әр масштабтағы геоморфологиялық және төрттік шөгінділерінің қарталары жасалынып шықты. Солардың ішінде Солтүстік Қазақстанды А.С.Сарсеков, Н.А.Горбунов, Ертіс алабындағы жазықтарды Б.Ж.Әубәкіров, Орталық Қазақстанның суайырық аймақтарын А.И.Гуськова, А.С.Сарсеков, С.А.Құсайынов, Ш.З.Қауламбаев, Д.П.Позднышева, Е.Г.Малышев, Г.М.Козловский, Л.И.Платонова, Г.М.Потапова, ¡лытауды Э.И.Нұрмамбетов, Шу-Іле суайырығын Н.М.Владимиров, Н.А.Берқалиев, Л.В.Иванов, П.Ф.Кандауров, Т.Н.ДЖуркашев, Шу-Сарысу ойпатын Г.М.Козловский, С.А.Құсайынов, Оңтүстік Балхаш маңы ойпатын П.Ф.Кандауров, Мұғалжар тауын Е.Д.Тапалов, Л.Д.Кудерина, М.С.Тэн, Маңғыстау өлкесін В.И.Гохштеин, В.П.Олексенко, Солтүстік Арал және Үстірт аймақтарьгн Ж.Д.Дүйсебаев және т.б. зерттеді.
Сонымен қатар, институт ғалымдары тақырыптық зерттеу жұмыстарын жүргізді, олар - карст проблемаларын зерттеу (Г.М.Потапова,Э.И.Нұрмамбетов), эолдық массивтерді зерттеу (П.Ф.Кандауров), геоморфологиялық әдістер арқылы мұнай мен газды зерттеу (Ж.Д.Дүйсебаев), антропогендік процестер (Д.П.Позднышева), таулы аймақтардағы апатты процестерді зерттеу (А.М.Медеуов), Амангелді бокситті аймақтарын зерттеу (А.И.Гуськова).
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағындағы тауларды зерттеген ғалымдар И.П.Герасимов, С.С.Шульц, Г.А.Авсюк, В.В.Галицкий, В.П.Нехорошов, Н.Н.Костенко, Е.И.Селиванов, Д.Н.Казанли, М.Ж.Жандаев, М.И.Ломонович, Н.Ф.Колотилин, К.Т.Куликовский, Н.М.Чабдаров, А.П.Горбунов, Л.Н.Диденко-Кислицина, Л.К.Шупарская.
50-ші - 70-ші жылдарда жүргізілген ғылыми - зерттеу еңбектерінің көбі Қазақстанның тектоникасына, мұнай және газ туралы проблемаларға арналды. Бүл еңбектердің авторлары П.А.Авров, Н.Я.Кунин, В.И.Дитмар, А.Б.Ли, Ф.Е.Синицин, М.М.Майлыбаев, Р.А.Шахов, В.А.Шурыгин және т.б.
30-шы жылдардан бастап Іле Алатауындағы мұздықтарды Н.Н.Пальгов зерттеген, кейін П.А.Черкасов, Г.АТокмагамбетов, Г.К.Мақаревич осы жүмыстарды жалғастырды. Қазақстан тауларының қар көшкін проблемаларын көп жылдардан бері И.В.Северский мен В.П.Благовещенский зерттеп келеді. Соңғы жылдары география институтының ғалымдары (Г.В.Гельдыева) Арал проблемаларымен шүғылданды.
1972 жылы Қазақстанның Оңтүстік бөлігіндегі таулардың геоморфологиясын зерттеген география ғылымының докторы М.Ж.Жандаевтың «Іле Алатауының геоморфологиясы және өзен аңғарларының пайда болу проблемалары» атты күрделі ғылыми еңбегі жары көрді. 1983 жылы оның «Өзен аңғарларының пайда болу теориясы» деген тағы бір еңбегі шықты.
1991 жылы 1:1500 000 масштабты геоморфологиялық қарта және бұған қосымша «Рельеф Казахстана» деген кітап «Ғылым» баспасынан басылып шықты (авторлары: А.В.Вислогузова, Н.М.Владимиров, А.Гуськова, А.М.Медеуов, Э.И.Нұрмамбетов, Г.М.Потапова, А.С.Сарсеков). Бұл бүкіл Қазақстан аумағының геоморфологиялық құрылысы туралы бірінші ұрастырылып шыққан еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: |