Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Мұхит түбіндегі экзогендік процестер және бедер пішіндері



бет70/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

31. Мұхит түбіндегі экзогендік процестер және бедер пішіндері
Мұхит түбіндегі экзогендік процестер айтарлықтай күрделі және олар келесі түрлерге бөлінеді: олар гравитациялық, гидрогендік, және биогендік процестер.
Гравитациялық процестердің пайда болуына салмақ күші негізгі роль атқарады. Жалпы айтқанда бұл ұрлық бейткейлерінде өтіп жатқан гравитациялық процестерге тән. Сонымен қатар сумен толық қаныққан мұхит түбіндегі шөгінділер созылмалы қасиетіне ие болып, су түбіндегі заттардың қарқынды түрде ауысуын қамтамасыз етеді. Гравитациялы процестерге су түбінде жиі болып жатқан жылжымалар және лайлық ағымдары (мутьевые потоки) жатады. Лайлық ағымдар құрлықтан құйған ірі өзен арналарының (мысалы, Ганг, Гудзон, Конго) апатты ағысынан көтерілген ағынсу әсерінен немесе су түбіндегі төмен ауысқан жылжыма массаларынан пайда болады. Сөйтіп, су асты жылжымалары материк беткейлерімен төмен жылжығанда лайлы ағындарға ауысады. Лайлық ағымдар теңіз суынан ауыр болғандықтан мұхит түбінде едәуір эрозия әрекетін жүргізеді де, әр түрлі су астындағы кең каньондар мен аңғарларды құрайды. Лайлық ағымдардың жылдамдығы сағатында 120 км-ге дейін жетеді. Ені бірнеше жүздеген километр, ұзындығы 900-1880 км-ге дейін созылады. Сонымен қатар лайлы ағымдардың ысырынды конустары материк етегінде бірігіп қалың шөгінді үйіндісімен жабылған кең аумақты бұйратталған жазықтарды құрады және мұхит түбінің терең абиссальды өңірлерінде біршама тегіс келген абиссальдық жазықтар мен абиссальдық аңғарлардың қалыптасуына себептер болады.
Гидрогендік процестерге мұхит түбіндегі және мұхит бетіндегі су ағындары жатады. Жылдамдығы 5-30 см/с түпкі ағындар жүйесі шөгінділерді орнынан көшіріп, алуан геологиялық жұмыс атқарады. Арктика мен Антарктикадағы салқын судың тығыздығы жоғары болғандықтан мұхиттың түбіне қарай ығысады да, кең жолмен экваторға қарай жайылады. Бұдан басқа мұхит шарасында тік бағытта конвекциялық су алмасуы да болып тұрады. Осылардың әрекетінен мұхит түбінде кең аумақты ерекше бедер пішіндері құрылады.
Әлем мұхитының биогендік бедер түзушілердің көрнекті үлгісі - жоғарыда айтылған кедертас құрылысшыларының әрекеті. Бұлардың қаңқалары ізбестен тұратын су алаптары түбіне жабыса өсуі нәтижесінде үймеленген күйде тіршілік ететін, азба күйінде тірі кезіндегі қалпын сақтайтын организмдер жиынтығы. Органогендік шөгінділері өте тез жинақтала отырып, дербес кедертастар жасақтауына жағдай жасайды; мұндай организмдер қатарына жататындар - маржандар, строматопорлар, мшанкалар, губкалар, көкжасыл және қан-қызыл балдырлар. Бұл организмдер тек ана кедертастарды қалыптастырып қоймай, қат-қабатты ізбестастар мен доломиттердің жеке-дара қабаттары мен таташаларын түзуі де ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет