Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері



бет60/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

27. Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері


Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
Қыстық температурасы төмен елдерде жер бетінің топырағы мұзданып қатып қалады. Бүл құбылыс мерзімдік немесе маусымдық тоң деп аталады. Алайда, жердің кең аумағын (ұрлықтың 25%) мәңгі тоң басып жатыр. Таужыныстарының температура мөлшері ұзақ уақыт теріс күйде болуын мәңгі тоң дейді. Мәңгі тоң ғасырлар бойына тіпті мыңдаған жылдар бойына сақталуы мүмкін. Жоғары ендіктерде мәңгі тоң дамыған аймақтарда тоңазыған грунт қазіргі климаттық жағдайларда ешашан да ерімейді. Мәңгі тоңның едәуір аумағы Канада да және Ресейде кездеседі. Ал, Ресейдің 50%-тен аса аумағын мәңгі тоң алып жатыр. Тоң қабаттарының қалындығы бірнеше метрден жүздеген, ал кейбір өлкелерде, мысалы, Якутияда мындаған метрге дейін жетеді (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
Жаз мезгілінде мәңгі тоңның ең жоғарғы қабаты ериді де, қыс кезінде қайтадан қатып тоңға айналады. Судың бір тарамнан (фазадан) екінші фазаға бірнеше рет өтуі, мәңгі тоңның беткі қабатына тұрақсыздық, құбылмалық және жылжымалы қасиет береді. Нәтижесінде тек мәңгі тоң аймақтарына тән топыра қозғалысының және бедердің әр пішіндері пайда болады. Қалыңдығы 1-ден 4 м-ге дейін жететін ұдайы өзгеріп тұратын мерзімді мұзданып және еритін қабатты-құбылмалы қабат (деятельный слой) деп аталған. Одан төмен жатқан қабат нағыз мәңгі тоң қабаты. Жаз мезгілінде осы қабаттар бір-бірінен ерекшеленеді, ал қыста қабат шекарасы айқын ажыратылмайды. Тоң аймағында пайда болған мұздар, қатан грунта әсер етіп, олар жаңа қасиеттерге ие болады: 1) таужыныстары ішіндегі кеуекті және капилляр суларының атысуына байланысты, грунт бөлшектерінің және агрегаттарының арасындағы ілінісі өсіп, грунттың керіштенуі (цементация); 2) судың сұйық күйден қатты күйге ауысуына байланысты ылғал грунттардың көлемі едәуір өсуі, 3) тоң грунттарының ұрамында мұздың кірікпелерінің (ледяные включения) және әр көлемді мұз линзалары мен желілерінің дамуы.
Мәңгі тоң бүкіл табиғат құрамбөліктерінің сипатына ықпал жасайды. Мәңгі тоң таралған айматарда ерекше бедер пішіндері түзіледі. Мұнда топырақ құрылу процесі баяу жүреді, ағаш өсімдігі тамырын тереңге жая алмайтындықтан орман сирек өседі. Мәңгі тоңның әсерін үй құрылысында, жол салуда, пайдалы қазбалар, әсіресе мұнай мен газ өндіруде, бұрғылау жұмыстарын жүргізуге, егін егуде есепке алу тиіс. Сондықтан мәңгі тоң аймақтарында қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманда ең актуальді проблемалардың бірі больш түр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет