Теңіз террасалары
Тектоникалық қозғалыстар әсерінен толассыз жоғары көтерілуімен, климат өзгерістерінің және су деңгейі тербелістерінің ұдайы көрініс беруінен толқындар әрекетінің нәтижесінде теңіз жағалауында сатыланып қалыптасқан жазық жер бедерін теңіз террасалар дейді. Мұндай террасалар казіргі кезде жаға бойымен созылған баспалдақтар ретінде айқын көрініс береді. Әр террасада төменгі морфологиялық элементтерді кездестіруге болады, олар: терраса үсті, терраса кемері, терраса жарқабағы және терраса етегі (92-сурет). Геологиялық
92-сурет. Теңіз террасаларының типтері: A - аккумуляциялық; Б -аралас; В - абразиялы (О. К.Леонтьев, Г. И. Рычагов, 1988).
Террасалардың морфологиялы элементтері: 1 -терраса үсті, 2 - терраса кемері; 3 - терраса жаркабағы; 4 - ежелгі теңіз жағасы сызығының деңгейін белгілейтін террасалардың сыртқы жапсар сызығы.
ұрылысына байланысты теңіздік террасалар аккумуляциялық, абразиялық және аралас террасаларға ажыратылады. Аккумуляциялық террасалар теңіз шөгінділерінен (құмдар, малтатастар, гравийлер) құралған. Абразиялық террасалар түгел түпкі таужыныстардан тұрады, аралас террасаларының жоғарғы жағы теңіз материалынан құрылса, іргетасы түпкі таужыныстардан тұрады. Теңіз жағалаулардың тарихи дамуын білу үшін террасалардың спектралары деп аталатын далалық зерттеу арқылы нивелирлеу әдіспен, әуе суреттерін талдау арқылы жағалаудың әр бөлікшелерде анықталған террасалардың сұлбасы (схемасын) сызылады. Сонымен қатар жаңа тектоникалық қозғалыстарының сипаты мен қарқындылығы туралы мәліметтер де алынады. Сайып келгенде, теңіз террасалары спектрін талдау - теңіз жағалауында неотектоникалық және қазіргі тік бағыттағы тектоникалық қозғалыстарды зерттеу барысындағы сенімді әдістердің бірі болып табылады.
Теңіз жағалауларының бедер пішіндері
Жағалық сызық-құрлық пен су алқабы (теңіз, көл-бөген) арасындағы шартты шекара. Су бетінің құрлыққа жанасатын жерінде пайда болатын сызық түрінде жүргізіледі. Судың деңгейі үнемі өзгеріп тұратындықтан жағалық сызық тұрақты болмайды. Сондықтан оның көп жылдық орташа деңгейін алып белгілейді.
Қазіргі заманның жағалық сызығы төрттік кезеңінің жамылғы мұздығының еруі себебінен дүние жүзі мұхит деңгейінің көтеріліп, ұрлыты басу нәтижесінде қалыптасқан. Мұндай жағдайда қалыптаскан жағаларды ингрессиялық жағалар деп атайды. Төменде ингрессиялық жағаларының бірнеше түрлерін келтіреміз.
Фиордтык жағалар - тіп-тік, әрі жартасты, құрлыққа қарай ондаған км-ге иірімделіп созылған, жіңішке, терең теңіз шығанағының жағалары. Олар өзен аңғарын мұздық жырып кеңіткеңнен кейін оны теңіз басуы нәтижесінде түзілген. Мұндай генезисті жағалар Норвегия, Гренландия, Канада, Жаңа Жер (Новая Земля) жағалауындағы таулы өлкелерде кең таралған.
Шхерлы жағалар - мұздық - денудациялық жазықтарды теңіз басқан кезде қалыптасқан жағалар. Теңіздер мен көлдердің жағаларына таяу орналасқан шағын жартасты аралдар. Олар қазіргі кезде жартылай су астында қалған морена қалдықтары мен ежелгі друмлиндер. Шхерлерді құрайтын ежелгі кристалды таужыныстарын материктікте мұз басу кезінде мұз көшкіні қырнап өңдеген. Финляндия, Швеция, Исландияда, ТМД-да Онега және Ладога көлдерінің жағаларында кездестіруге болады.
Эстуарий (лат. aestuarium - өзеннің су басатын сағасы) - теңіз шығанағына ұқсас өзен сағасының кеңейген бөлігі, немесе өзен сағасының арнасына кірген ұзын шығанақ. Эстуарий тек өзеннің теңізге құяр бөлігінде байқалады. Ол теңіз деңгейі көтеріліп, өзен аңғарының төменгі бөлігін басып кетуінен пайда болады. Өзен суымен келген тасынды теңіз ағысы немесе қайту толыны үнемі шайып алып кететіндіктен, оның түбінде шөгінді жиналмайды. Эстуарий құрлықтың тез шөгуінен де пайда болады. Эстуарийдің мысалын Енисей, Темза, Эльба, Әулие Лаврентий, Конго өзендерінің сағасынан байқауға болады. Обь пен Енисей сағаларын жергілікті түрғындар "кірме" (губа) дейді.
Лимандық жағалар - қолтабан (гректің limen- қойнау) -көлтабандық жағалар - жағалай ойпаң жазықтардың өзен аңғарларын теңіз суы басуынан таяз шығанақтар мен көлшіктерге айналып кеңейген өзен сағасы. Ашық көлтабан емін-еркін, кедергісіз тікелей теңізбен жалғасса, тұйық көлтабан теңізден құм айырмен бөлінеді. Көлтабан құрлық төмен шөгетін теңіз жағалауында болады. Лиман Қара және Азов теңіздері жағалауында таралған. Мысалы Днепр, Днестр лимандары. Лиманның теңіз жағасынан жиектеген құм қайыры өсе берсе, ол бір кезде теңізден бөлініп қалады да, лиман көлі пайда болады. Олардың көбінің шипалық қасиеттері бар.
Маржандық кедертастар мен атоллдар
Маржандық кедертастар (коралловые рифы) - тропиктік жылы теңіздердің тайыз жерлерінде үймелелерді құрып тіршілік ететін маржандардың қаңқаларынан түзілген аралдар және су бетінде және су астында тараған қырқалар. Негізінен алғанда, маржан үймелерді ұрып тіршілік етуі үшін мынандай жағдайлар керек: еріген кальций карбонатына аныан, тереңдігі 50-60 м-ден аспайтын, тұздылығы біркелкі, температурасы 18-20°-тан төмендемейтін, оттегі мол, мөлдір теңіздің таза суларының болуы. Мұндай қолайлы жағдайларда маржан жабыспалары теңіз астынан бастап теңіз бетіне дейін бір-бірінің үстіне жалғаса өрмелеп, өрбіп өсіп әк тасты қаңаларынан тұратын жарлар ұрайды. Оларды құрайтын маржандар мен балдырлар, сонымен қатар арасында басқа да әктасты қаңқалы мүк тәрізділердің, моллюскалардың, фораминиферлердің бентондық жәндіктердің қалдықтары кездеседі. Осы ұрылыстардың көлемі мұхит түбінің едәуір бөлігін амтиды. Мысалы, Австралияның шығыс жағалауындағы Үлкен тосқауыл кедертасының ұзындығы 2000 км, ені 200 км, алындығы 400 метрден артық.
Маржан құрылымы қалыптасқан орнына және сыртқы морфологиясына байланысты үш түрге бөлінеді: 1) материк пен аралдардың жағаларына тіреліп ұрылатын кедертастар; 2) жағадан бірнеше, кейде ондаған км қашықтыта бой тіккен және одан бұғаз арқылы бөлінген тосауыл кедертастар. Мысалы, Австралияның Үлкен тосқауыл кедертасы жағадан ені 10-40 км, тереңдігі 20-50 м., бұºазбен бөлінген. Осы табиғи құрылыстың маңында теңізге жүзіп жүрген талай кемелер ауіпке ұшыраған; 3) атолл (малайша - тұйық) - мұхиттың ортасындағы білезік немесе ішкі өңірі табақшаға ұқсас ойпаң түрінде қалыптасқан маржан аралы (93-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |