Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері



бет67/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

30. Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері.
Жаға туралы түсінік
Жаға - ұрлы пен теңіздің шеқарасы. Бұл шекара картада сызық арқылы көрінгенімен, шындығында ұрлық пен теңіздің өзара арым-атынасы әрекетінен пайда болған жағалы белдем.
Жағалық зона өз жағасынан, яғни оның суға дейінгі бөлігі және су түбіндегі жағалық беткейден ұрылады. Жағалық белдемінің ұрылуы алдымен теңіз толқындарының әрекетіне, ал толқын ағыстары тектоникалық қозғалыстар мен жағалық зонаның геологиялық ұрылысына, онымен бірге теңіз көтерілуі мен оның қайту құбылыстарына байланысты О.Лентьев, Г.Рычагов, 1988).
Жағалы зонаның төменгі және жоғарғы шекаралары толындардың жағамен динамикалық байланысу ықпалымен шектеледі. Оның төменгі шекарасы толқын ұзындығының жартысындай тереңдікте, немесе толқындардың деформация түзілген тереңдігінен басталады. Ал жоғары жағындағы шекара теңіздің көтерілу кезіндегі толындардың шашырау сызығына жеткенге дейін белгіленеді. Теңіз жағасында теңіз толқынының шарпуы әрекетінен пайда болған үйінділердің жиынтығын жағажай (пляж) деп атайды. Су астындағы жағалық беткейлерге қарағанда жағажай көбінесе құмдардан, өңделген иыршы тастардан және жәндіктердің қалдықтарынан құрылады.
Морфологиялық түріне қарай жағажайлар толық бейінді жағажай (пляж полного профиля) және толық бейінді емес жағажай (пляж неполного профиля) деп бөлінеді. Егер үйінді жиналатын жағаның алдыңғы жағында бос кеңістік болса бұны толық кескінді жағажай дейді. Мұндай жағажай теңізге қараған беткейі кең жайпақ, ал жағаға (құрлыққа) қараған беткейі керісінше, қысқа ұламалы болып, жағалық белес (береговой вал) түрінде көрініс береді.
Егер жағажай кемердің етегінде алыптасса, онда ол жантайған жағажай (прислоненный пляж) деп аталады.


Абразия
Абразия (лат. abrasio - қыру). Теңіздің қиратқыш әрекеті абразия деп аталады. Оның үш түрі бар - механикалы, химиялы және термиялы абразия. Механикалық абразия соқпа толқын әсерінен теңіз, көл жағаларының бұзылып үгілуі. Оны толынның шарпып-шегінуі тудырады. Теңіз толқыны жағаға жақындағанда жылдамдығы бәсеңдеп, биіктігі артады да жағаға асып кері шайма ағыс тудырғанда абразия әрекеті пайда болады. Механикалық абразияның жағалауға түсіретін динамикалық қысымы орта есеппен 10 т/м2 -ге асатын толқынның гидравликалық соысы және толқын ықпалымен кейде ішінде салмағы ондаған тоннадан асатын шомбал кесек таужыныстары бөлшектерінің соққысынан тұрады. Механикалық абразия теңіз абразиясының негізгі түрі, осыған химиялық және термиялы абразиялар қабаттасып қатысады.
Химиялық абразия судың химиялық әсері, яғни су бетіндегі және су астындағы жағалық таужыныстарының еруі нәтижесінде жүзеге асады. Әсіресе жаға жиегі карбонатты таужыныстарынан құрылса, онда химиялық абразия (карст процестері) қарқынды түрде жүреді.
Термиялық абразия - тоң таужыныстарьшан құрылған жағалардың мұзын теңіз суының жылындыруы әсерінен еріп бұзылуы.
Таужыныстарының үгілуіне теңіз хайуанаттары мен өсімдіктері де ықпал етеді.
Ал механикалық абразия туралы айтсақ, қатты дауыл кезінде толынның күші жағадағы таужыныстарына орасаң зор гидравликалық әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде жағалы зонада салынған құрылыстар көп жағдайда қирап, халық шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Толқын соысы әсіресе жағадағы құламалы жар қабаққа ықпал етіп, алдымен жарықшақты таужыныстарды бұзады. Толқынмен ілескен таужыныстары сынықтарының қиратқыш күші бірнеше есе арта түседі. Содан жар қабақтың етек тұсынан баурай шұңыр (волноприбойная ниша) түзіледі де, жоғарыдағы ұз-жары оның үстінен төніп тұрады. Баурай шұңқыр құрлыққа қарай кеңи келе үстіңгі жар қаба опырылып құлайды да қайтадан тік жар-клиф түзіледі. Осы процесс сан рет айталана келе жар құрлықа қарай шегіне береді, оның орнында теңізге қарай сәл еңкіш келген тегіс бетті абразиялық терраса бенч қалыптасады (90-сурет).


90-сурет. Абразиялы жаºаның дамуы мен оның негізгі элементтері: I, II, III жағаның кейін шегінген кезеңдері; (О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 1988). 1 - клиф; 2 - толынның жағаға шарпу әрекетінен пайда болған баурай уысы; 3 - жағажай; 4 - бенч; 5 - су асты аккумуляциялық терраса.

Бенч жар қабақ табанындағы баурай шұңырдан бастап теңіз деңгейінің төменгі сызығына дейін жалғасады. Ол негізінде түпкі таужыныстардан тұрады немесе оның бетін ірі кесекті материалдан қалыптасқан түзілімдердің жұқа қабаты жауып жатады. Бұл түзілімдерді теңіздің толқыны үнемі әрі бері сырғытып, ақырында олар уатылып, жұмырланып, малтатасқа, қиыршық тасқа, құмға және одан да ұсақ бөлшектерге айналады. Үнемі орнынан ауысып сырғуда болғандықтан, теңіздің малтатас жиынтығы ұдайы жұп-жұмыр, беттері айнадай жылтыр болады. Су толындары жағаға келіп соққанда, шайылған малтатастардан, иыршық тастардан және ұм бөлшектерден жағажай түзіледі де, жағалы зона дамыған сайын, кеңейе түседі. Домалай жылжыған кесектердің бірсыпырасын толқын шайып әкетіп, су деңгейінен төмен апарып үйеді. Сөйтіп су астында аккумуляциялық терраса пайда болады. Осы қос терраса кеңіген сайын толқынның шаю күші баяулап, жағажай кеңи береді. Ақырында жағалық зона одан әрі кеңейгеннен кейін теңіз толқынының абразиялы күші мүлдем тоқтайды.


Абразия әрекетінің жылдамдығы және жағаның шегінуі алдымен оның биіктігі мен оны құрайтын таужыныстарының беріктігіне байланысты. Ерігіш таужыныстардан құралған жарқабақтар теңіз суына оңай еріп, абразия процесі мейлінше қарқынды өтеді. Саздан, құмнан, ұмайттан құралған жаға тез бұзылып, жылдам шегінеді, оның шегіну жылдамдығы жылына бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін барады. Кристалды интрузиялық таужыныстардан түзелген жағаның бұзылу әрекеті баяу болады. Сондықтан жағаның құрамына қарай оны екі түрге ажыратуға болады: үгелімен түпкі таужыныстардан тұратын абразиялық жаға және борпылдақ шөгінділерден құрылған аккумуляциялық жаға. Қазақстандағы Каспий, Арал және Балхаш көлдерінің жағаларында аккумуляциялық және абразиялы түрлері кездеседі (91-сурет).


91-сурет. Маңғыстау. Абразия және карст процестері арылы қалыптасқан Каспий теңізінің жағасы (Суретті түсірген Э.И.Нұрмамбетов).

Егер теңіз толындары жағаға тік бағытта соса, жұмырланған кесек жиынтықтар жағаға қарай сыпырылады да, ұмдар сумен шайылып айтадан су астына төмен ығысады. Су толқынының күші баяу болса жағажай шегінде ұмнан ұралған жал түзіледі. Басқаша айтқанда теңіздің тайыз шегінде толқындар тарамдарға бөлініп, күші бәсеңдеген кезде, өзінің шайып әкелген құм-ұмайттарды тұндырады. Осының нәтижесінде су түбінің 4-6 м. терендігінде құм жалдар түзіледі. Толқындар оны жағаға қарай баяу сырғыта келе жағажайға ұштастырады. Сөйтіп аккумуляциялық жаға қалыптасады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет