93-сурет. Атоллдардың қалыптасу сұлбасы. (Edward J. Tatbuk, Frederick K.Lutdens, 1990).
Мұндай табиғи білезіктің ені 100-200 м., ал атоллдың диаметрі 200 м-ден, 50-60 км-ге дейін жетеді. Қырқаланған аралдың ортасын тереңдігі 100 м-ден аспайтын лагуна алып жатады. Лагуна әдетте мұхитпен бірнеше бұғаздар арқылы жалғасады, кейде тіпті тұйық та болуы ықтимал. Атолдардың сырты беткейі ия, мұхит түбіне қарай күрт бірнеше жүз, кейде мың метрден артық тереңге кетеді. Лагунаға қараған ішкі беткейі түйетайлы келеді де, онда түрлі организмдер оныстанады. Атоллды ұрайтын жартастар су бетінен бірнеше м-ге көтеріліп тұрады.
Жоғарыда айтылғандай, маржан үймелерінің тек 50-60 м. терендіктен аспайтын судың түбінде ғана тіршілік ететінін ескерсек, сонда алындығы 1000 м-ден астам маржан қаңаларының қалыптасқанын қалай түсінуге болады? Осыны еткең ғасырда белгілі ағылшын ғалымы Ч.Дарвин түсіндірді. Егер кедертас астындағы мұхит түбі үнемі бірыңғай және баяу төмен иілсе, сол мөлшерге маржандар колониясы өрмелеп өссе, сонда ғана қалың маржанды кедертастар қалыптасады. Алғашында сенген су асты жанартау конусының айналасында маржандар жиналып кедертастарды түзе бастайды. Мұхит түбі төмен иілген сайын кедертас үймелері бір-біріне жалғасып жоғары өсіп, нәтижесінде судың бетінде жіңішке, ортасында лагунасы бар, аралдар тізбегін құрады.
Кедертастар көне геологиялық дәуірлерде де қалыптасқан. Мұндай кедертас массивтері қабатталған көне шөгінділер арасында төбешік түрінде керініс береді. Мысалы, Балқаш көлінің жағасынан Бетпадалаға дейін созылып жатқан силур кезеңіндегі ақ түсті кедертастар қырқасы. Көне кедертастар құрылысының халы шаруашылығында зор маңызы бар. Демек, олар жаралған кезде кедертастың әктастары қуыс-кеуекті болғандытан мұнай мен газды бойына сіңіреді. Башқұртстанда жоғарғы таскөмір қабаттарының арасында кедертастар қазіргі заманда жер бетінде ерекше төбешіктерді ұрады. Солардың көбінде мұнай кеңдері бар. Соңғы кезде геологтар осы кедертас төбешіктерді іздестіру жолында талай рет мұнай кең орындарын бұрғылап тапқан.
Мұнай мен газ кең орындарынан басқа теңіз жағалауларында металл шашылымдар мен асыл тас шашылымдары кең тараған. Теңіз жағалауларының шашылымдары судың толысуы мен қайтуынан теңіз ағыстарының және соқпа толқынның әрекетінен қалыптасады. Осы шашылымдардың ерекшеліктерінің бірі - материалдың өте жасы іріктелуі және металл бөлшектерінің ш´гінділері арасында мол шоғырлануы. Тіпті аллювий шашылымдармен салыстырғанда олардың металды ұрамы өте жоғары, әдетте олар құмның салмағының 10-30% кейде 80%-не дейін жетеді. Жағалау шашылымдарына рутил, ильменит, циркон, кейде алмас, сирек кездесетіні алтын мен платина жатады. Бұл шашылымдардың қоректену көзі өзен ағындысымен келген, абразиялы жағалардағы түпкі немесе делювийлік кеңтас орындары, көне теңіз және аллювийлік шашылымдар болып табылады. Қазіргі жағалау шашылымдардың қалыптасуына жағалаудың геологиялы ұрылысы, жел, су ағысы, климат, жаңатектоника қозғалыстарының ырғақтылығы, толқындар әрекетін белгілейтін су айдынының көлемі және тереңдігі, жағалаулардың морфологиясы мен динамикасы әсер етеді. Теңіз шашылымдардың негізгі ерекшеліктері - жағалау бойымен ұзыннан ұзаққа (жүздеген километрге дейін) созылуы, ені шамалы ондаған метрден аспауы, алыңдығы 1 м-дің шамасында, әбден жұмырланып өңделген ұсақ түйірлерден құралған, әдетте жағалау түзілімдердің үстіңгі қабатында орналасуы және кезекті күшті теңіз дауылынан кейін мүлде сарқылмайтын айта жаңарып тұратын шашылымдар.
Қазіргі кезде теңіз жағалық шашылымдары Австралия, Индонезия, Үнді, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка ұрлытарын жағалай дамыған. Оңтүстік Батыс Африкада, жағалық алмас шашылымдары Оранжевая өзеннің теңізге ұятын жерінен бастап Атлант мұхитының жағалық бойымен 300 км-ге созылып жатыр. ТМД елдерінде жағалық шашылымдар Сібірдің солтүстік-шығыс жағында, Батыс Сібір жазығында, Қазастанда және Украинада белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |