Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Шөл аймақтарының аридтық-денудациялық бедер пішіндері



бет66/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Шөл аймақтарының аридтық-денудациялық бедер пішіндері
Қуаңшылы және жартылай қуаңшылық аймақтарда құмды шөлмен қатар тасты және сазды шөлдерде кең тараған. Оларда бедердің әр түрлі дефляциялық пішіндері дамыған. Бүкіл тасты шөл аймақтарында бытырай шашылып жатан таужыныстары сынықтарының сыртқы беті, сондай-ақ жартастар мен таужынысы ашылымдарының беткі жазықтығы күнге күйген қоңыр қошқыл немесе қара түсті жылтыр жұқа қабықшамен қапталған. Бұл ылғалға тапшы айматардағы таужыныстарының ылғалдану және қақталу процестері алма-кезек ауысуы нәтижесінде және капиллярлық тартылуымен байланысты таужыныстарының өзінен шыққан тұз алдықтары. Бұны ш´л тотығы (пустынный загар) дейді. Бұлар негізінен темір және марганец тотықтарынан тұрады, немесе, М.А. Глазовскаяның пікірі бойынша, оксидты және гигрооксидтық марганецке, темір және басқа элементтеріне байланысты микрорганизмдердің биохимиялық реакциясы.
Сазды шөлдердің үсті әдетте лесстен және лесске ұқсас борпылдақ таужыныстардан құрылған. Бұл өлкелерді негізінде судың жетіспеуіне байланысты ғана шөлді дала деп атайды. Суарған кезде, әр түрлі өсімдіктердін, өсуі арқылы бұл топырақ өзінің ұнарлығын тез арада арттырып, гүлденген алқапа айналуы мүмкін. Сазды және шөлейт аймақтарда таыр деген ерекше пішіндер ұшырасады. Тақырлар (түріктес - тақыр - тегіс, жалаңаш) түбі теп-тегіс өсімдік өспейтін, мезгіл-мезгіл кеуіп қалып отыратын саз көлшіктердің жазық түбі. Олар cy іркілетін ойпаң жерлерде пайда болады. Түбінің беріктігі сондай, аттың тағасы да із қалдыра алмайды. Тақырлардың аумағы бірнеше шаршы метрден 10-12 км2 -ге дейін жетеді. Көктемде қар еріген кезде немесе нөсер жауғанда сазды даланың үстінде көптеген кішігірім ойпандардың түбінде саз балшық топыраққа қанықан су жиналады. Жазда су буланып кеткеңнен соң сазды материал тұнбаға айналып, құрғап және тығыздалып қатты тегіс жылтыраған жазықтыққа - тақырға айналады. Сонан соң тақырдың беті тобарсып, айұш-ұйқыш жарықтармен шимайлана шатынап, көп бұрышты бөлшектерге бөлініп кетеді (87, 88-суреттер).


87-сурет. Көп бұрышты бөлшектерге бөлінген таырдың беті (Суретті түсірген В.П.Бондарчук).


88-сурет. Таырдың көпбұрышты бөлшектерінің беті (Суретті түсірген В.П.Бондарчук).
Тақырдың беткі қабаты тығыздалып, берік болуына эфемерді су қоймасында өсетін микроскопиялы көкжасыл балдырлардың қатысы бар деген тұжырым бар. Тақырлар сорлардың эволюциялы процесінің нәтижесінде құрылуы да ықтимал.
Жылдық жауын-шашынның аз болуына қарамастан, саз-топырақты далаларда біртұтас өсімдіктер жамылғысы болмағандықтан, қарқынды эрозиялық пішіндердің дамуына алып келеді. Әсіресе нөсерлі жауын-шашын сазды топырақтарды шайып кетіп, әр түрлі эрозиялық бедер пішіндердің құрылуына қолайлы жағдай жасайды. Нәтижесінде өте жиі тілімделген бедленд (ағылш. bad land - "жарамсыз жер", "дурные земли") деген эрозиялы ландшафт пайда болады (89-сурет). Мұнда жүруге олайсыз, өсімдік жамылғысы жо, ауыл шаруашылығына пайдалануға келмейтін жерлер Орта Азия мен Қазақстанның тау бөктерлерінде жиі кездеседі.


89-сурет. Белденд (геологиялы сөздік, Пекин, 1983).

Әдетте бедленд борпылда немесе шамалы дәнекерленеген сазды таужыныстардан кұралған, әбден тілімделген, егін шаруашылығына жарамсыз алқап. Сай торларының тереңдігі мен жиілігі соншама, олардың тік қабырғалы жағаларының бірімен-бірі шектесіп, тұтасып, ақырында үшкір тістерге ұқсаған неше түрлі иірімделген қырқаларды жасайды. Осы тектес бедер тау етегінде әр түрлі биіктіктерде таралады. Классикалы бедленд Солтүстік Америкадағы Сеңгір тауларының (Скалистые горы) шығыс етегінде және Орта Азияның тау бөктерінде, Түркмениядағы Копетдаг тауының кейбір жоталарында және Маңғыстау түбегінде кең тараған.


Адырлар - Орта Азияда және Қазастанның оңтүстігінде шөл және шөлейт аймақтарда дәнекерленіп қалған борпылдақ таужыныстардан тұратын аласа тау қапталдарында немесе тау аралық ойпандар өңірінде ұшырасатын сай-саламен тілімделген дөңесті және белесті шағын жалаң қыраттар шоғыры. Ежелгі ысырынды конустар шлейфтердің көтерілуі және өзгерілуі нәтижесінде пайда болған. Айналасынан жүздеген метр биік болады. Көбіне ошауланып қалған сайлы-жыралы төбелі-жонды тау бөктерлерін де адырға қосады.
Климаты қуаң шөлді аймақтарда, жоғары тақырыптарда айтылып кеткеңдей, құрға өзен аңғарлары, ысырынды конустар және теңізге жетпей кеуіп қалған өзен аңғарларының ішкі контенттік атыраулары сияқты флювийлік пішіндер кең тараған.
Шөл және шөлейт аймақтарда ерекше дамыған пішіндердің бірі - айнала тұйық жеке ойпандар. Олардың ені ондаған метрден ондаған километрге, тереңдігі бірнеше метрден 200 м-re дейін жетеді. Ірі ойпандардың құламалы жағалары жыралармен тілімделген, түбінде көбінесе cop және тұзды көлдер орын тепкен. Олар алғашқы болған көлшіктердің қалдығы немесе жер астындағы тұзды сулармен байланысты болуы ықтимал. Ылғалды мерзім кезінде ойпандар суға толып көлдеп жатады, құрғақ кезінде сорға айналады. Кейбір сорлар кристалды тұздардың қабатымен жаппай көмкерілген. Мұндай алқаптар тұзды жазықтар деп аталады. Тұз қабаттары кристалдану кезінде көпбұрышты бөлшектерге жарылады. Кейін тұз кристалдары өсе бере көп бұрышты бөлшектердің шетін жоғары қарай бүгіп ойпандтар түбінде ерекше микропішіндер - тұз шоғырларын (соляные торосы) құрайды. Мұндай микробедерді Каспий жағасындағы Қара-Бұғаз көл шығанағының бұрынғы түбінен көруге болады.
Сорлар (солончаки) шөлді ландшафта жиі кездесетін бедер элементтері. Олар терригенді материалмен толған сайын және капиллярлық судың көтерілуіне байланысты түбі ылғалды, батпақты немесе абыршықты сорларға айналады. Қабыршыты сорлардың пайда болуы терригенді материал тұзбен жымдаса дәнекерленуі нәтижесінде құралады. Қабыршықтың беті ұрғаған кезде олар бұзылып ұсатылады да, тұз кристалдары терригенді бөлшектермен араласып іркілдек сорларды (пухлые солончаки) түзеді. Кейін іркілдек сорлардың ұрғақ топырағы жел әрекетіне ұшырып әкетіледі, сондықтан ойпаттардың түбі әрі қарай тереңдей түседі. Егер жер астындағы сулардың деңгейі төмендей берсе тереңдеу процесі одан әрі жалғасады. Осылайша, сорлы-дефляциялы ойпаттар қалыптасады. Бұл қатарға жоғарыда айтылып кеткең Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен төмен (-132 м), Ливия шөліндегі Каттар ойпаты (-134 м) және Қытайдағы Турфан ойпаты (-154 м) жатады. Үстіртте әр ірі тұйық ойпаттардың сырты ық жағында басымды желдің бағытына қарай үйілген құмдарды байқауға болады. Осындай тұйық ойпаттардың жаратылысын кешенді түрде зерттеу керек. Олардың пайда болуына желдің әрекетінен басқа геологиялы ұрылымының маңызы зор. Мысалы, олар кейде антиклин күмбездерінің иілу орындарында, яғни екі қапталынын жапсарласу жерінде немесе опырықтардың орта бөлігінде орналасқан және карст немесе суффозиялық процестерге мүмкіндік туғызатын икемді литологиялық жағдайларда қалыптасады.
Желдің дефляциялық процесімен байланысты, басымды желдердің бағытына сәйкес Каспий маңындағы жазыта, көбінесе Құма және Жем өзендері сағаларының аралғында ерекше төбелер бэр төбелері (бэровские бугры) таралған. Бұлар - биіктігі 10 м-ден 45-м-ге дейін, ұзындығы 25 км-гe дейін, ені 200-300 м. сопа пішінді, бір-біріне параллел келген ендік бағытта орналасқан тізбектер және төбелер. Жоталарының аралығы 1-2 км. Мұндай төбелерді алғашқы рет XIX ғасырдың ортасында орыс академигі К.М.Бэр зерттеген. Бэр төбелері Қазақстан шөлді аймағынан басқа Түркменстанның батыс жағында да кездеседі.
Эолдық процестермен кейбір пайдалы қазбалар байланысты. Мысалы, эолдық шашылымдар әдетте аллювийлік және теңіз жағалауындағы құмдардың желмен қайта ұшырып електенуінен түзіледі. Мұнда ауыр минералдардың шоғырлануы ұсақ ұмдар мен құмайт және шаң-тозаң материалының желмен үрленіп кетуінен, орнында іріктелген ауыр фракциялар қалып, шашылымдар ұрылуы ықтимал.
Мысалы, дефляциялы процестеріне байланысты Оңтүстік-Батыс Африкадағы Намиб шөліндегі алмас шашылымдары кең дамыған. Мұндай шашылымдар Монголия мен Австралияның шөлді аймақтарында да етек алған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет