101
1. Аудан туралы ұғым.
Пішіндердің ауданын анықтау мәселесі өте ерте замандарға барып
тіреледі. Бұл мәселенің дүниеге келуін адамдардың практикалық қызметі
талап еткен. Әрқайсысымыздың күнделікті өмірімізде аудан жөнінде
азды-көпті ұғымымыз бар. Мәселен, Сен тік төртбұрыштың (айталық,
өзің тұратын бөлменің) және квадраттың ауданын таба аласың. Біз енді
пішіндердің ауданы туралы ұғымдарды анықтаумен және оларды өлшеудің
әдіс-амалдарын табумен шұғылданамыз.
Егер геометриялық пішінді шекті сандағы үшбұрыштарға бөлу мүмкін
болса,
бұл пішін
қарапайым пішін
деп аталады.
Біз үшбұрыш деп жазықтықтың үшбұрышпен шекараланған шекті
бөлігін айтамыз. Дөңес көпбұрыш өзінің бірер төбесінен шыққан диа-
гональдарымен үшбұрыштарға бөлінеді (1-
а
сурет).
Аудан
оң мөлшер (шама) болып саналады, оның сандық мәні
төмендегі негізгі қасиеттерге (аксиомаларға) ие.
Достарыңызбен бөлісу: