Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87



бет1/9
Дата22.02.2018
өлшемі1,4 Mb.
#38151
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті



Қ.Д.ТҮСІПОВА 


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ

(жазба жұмыстары)

Оқулық


Павлодар

ЄОЖ 372.881.151. 212.2(075)

БКК 81. 2 Ќаз

Т 87


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған


Пікір жазғандар: 

Жұматаева Еңлік Өсербайқызы – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «Этнопедагогика және білімдік технологиялар» ғылыми-практикалық орталығының директоры.

Бақраденова Алтын Бақраденқызы- педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ПМПИ-ның оқытушысы.


Т 87

Түсіпова Қ.Д. 

Қазақ тілін оқыту. (Жазба жұмыстар). Оқулық.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.

Павлодар-2006, 119 бет


Бұл еңбек үш тараудан тұрады. Қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері әр тарауда сараланып, оларды тиімді жүргізуге қолданылатын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Жазба жұмыстарға қойылатын талаптар, мәтін көлемі және жазба жұмыстардың мақсаты ашылып отырылады. Бұл - университет қабырғасындағы студенттерге, әдіскер ұстаздарға және мектеп ұстаздарына қажет құрал.


Т 4602020400

00(05)-04


ISBN 9965-539-98 ЄОЖ 372. 881.151.212.2(075)

ББК 81.2 Ќаз

© Т‰сіпова Ќ.Д., 2006

© С.Торайѓыров атындаѓы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2006



КІРІСПЕ


Қазақ тілін оқыту методикасы - мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы.

Қазақ тілін, әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938 жылы «Грамматиканы оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.

1940 жылы Ғали Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы» деген, 1950 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген кітабы жарық көрді.

1944 жылы «Жаттығу, емле мен тіл дамыту», 1946 жылы «Қазақ тілі методикасы» (екінші басылым) деген еңбектері жарық көрді. 

1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» (1- бөлім, фонетика мен морфология) деген кітабы шықты.

Қазақ тілі оқулықтары мен программаларын жақсарту жөнінде, методикалық еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға қойып, қазақ тілін оқытуды жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым- профессор Ахмеди Ысқақов болды. 

Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою міндеттелді. Озат мұғалімдерді, методистерді, ғалымдарды қазақ тілін оқыту мәселесімен айналысуға жұмылдырды, оларға ғылыми басшылық жасап, жөн сілтеді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде-ақ қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері зерттеліп, бірсыпыра еңбектер жарық көрді. 

Бұл салада зерттеуші-мұғалімдер Иманбек Ұйықбаев Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі болып танылды. И.Ұйықбаевтың 1957 жылы «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші құрал», ал 1962 жылы «Қазақ тілі методикасының очерктері» деген еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектерде морфологияны оқытуға жан-жақты талдаулар жасалынды. Оны қазір ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданып жүр.

Синтаксисті оқыту да назардан тыс қалмады. Әмеди Хасенов қазақ тілі программалары мен оқулықтарын жетілдіріп, жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірді. 1957 жылы «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуацияны оқыту жолдары» деген методикалық еңбектері жарық көрді.

Бұдан кейін методиканың басқа да мәселелері зерттеле бастады. Әсіресе қазақ тілінің орфографиясы ғылыми әрі методикалық жағынан терең зерттеу тапты. Бұл салада көп еңбек еткен, орфография жөнінде күрделі методикалық еңбек жазған Кәшен Жолымбетов болды. К.Жолымбетовтың методикалық еңбектерінде қазақ орфографиясын оқытудағы негізгі принциптер мен тәсілдер сараланып берілді.

Қазақ тіліндегі тыныс белгілерін оқытудың методикасын жан-жақты зерттеген – Шәріп Әуелбаев. Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар», «Пунктуацияның қиын мәселелері», «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» деген монографиялық еңбектерін мұғалімдер, студенттер кеңінен қолданып жүр.

Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965 жылы «Қазақ тілін оқыту методикасы» деген еңбегінде қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері, тәрбиелік мәні, оның ғылыми негіздері, басқа пәндермен байланысы, білім берудің методтары мен жолдары деген мәселелерге тоқталды. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушыларға берілетін білім көлемі де ұлғайды. Осыған орай оқу пәндерінің ғылыми-теориялық дәрежесін көтеру, оқыту тәсілдерін жетілдіру, оқушыларға кең көлемде білім беру жолдарын қарастыру, оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, әр мұғалімді оқытудың тиімді әдісімен қаруландыру, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіп, техникалық құралдарды кеңінен қолдануды ұйымдастыру, сабақты тартымды әрі мазмұнды жүргізу талап етілді.

Бұл игі істерді ұйымдастыруда, оны дұрыс жолға қоюда Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының қазақ тілі методика бөлімі біраз еңбек атқарды.

Балғаным Құлмағамбетова 1956 жылдардан бастап қазақ тілі методикасының көптеген мәселелеріне ғылыми әрі практикалық жағынан зерттеу жүргізіп, «Қазақ тіліндегі етістік категориясын оқыту» (1957), «Құрмалас сөйлемдерді оқытудың кейбір мәселелері» (монография, 1963), «6-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1965), «5-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1966), т.б. еңбектерін дүниеге әкелді.

1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасының даму тарихына үлес қосушылардың бірі- Бибігүл Кәтенбаева. Оның «Сөз құрамын оқыту» (1968), «4-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1984), «5-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1982-1984), «Еліктеуіш сөздер» (1974), «Морфологияны оқытудың методикасы» (1975), «Қазақ тілі оқулығы» (5-класқа арналған, 1982, 1983, 1986), т.б. көптеген еңбектері мұғалімдер кітапханасынан берік орын алды.

1978 жылдан бастап қазақ тілі методикасының лексика бөлімі де бірсыпыра зерттелінді. Бұл салада Айтбай Айғабыловтың «Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері» (1980), 6-класқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (1982, 1984), «6-класс қазақ тілі оқулығының методикалық нұсқауы» (1983), «Морфологияға байланысты грамматикалық таблица» (1984), «Қазақ тілінің программасы» (1983, 1984) сияқты еңбектері жарық көрді. 

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінді. Құрмалас сөйлем синтаксисін теориялық жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы» (1957 ), «Қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту методикасында алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі методикасының педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқу методикасы сияқты мәселелерге тоқталған. Еңбектердің барлығында да жасалатын тұжырым: «Мұғалім сабақты беруді көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба»,- дейді [1, 12]. 

Методиканы зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді. 

Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді. 

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. 

Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті. Жазба жұмыстарының түрлері көп, соның ішінде біз тоқталмақшы түрлері: жаттығу жұмыстары (талдау жұмыстары), диктанттар (жатжазу), творчестволық жазба жұмыстары.


І. ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫ


Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі- оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі. 

Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы, ең әуелі, оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі. 

Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы, оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады. 

Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.


Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:



1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.

2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс.

3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек.

4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.

5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.

Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай талаптар қамтылуы тиіс:1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек.

Бұл талап-тілектердің орындалу, орындалмауы мұғалімнің қабілетіне және оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. Сыныптағы жаттығулар көбіне бірге талданады, түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Жаңа тапсырмаға байланысты жаттығулардың біразы сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі.

Үйге берілетін жаттығулар мазмұн мен сипаты жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жөн.

Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тәжірибеде кездеседі. Ол көбінесе, қатыстырып сөйлем жаз... көркем шығармадан теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя мүшелерінен сұхбат ал, мәтін ішінен керекті сөзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын. 

Құрастыру, салыстыру, талдау, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың әр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне, табандылығына байланысты. Мұның бәрі мұғалім үшін жаңалық емес, қайта «Нені үйреттім?», «Қандай дағды мен іскерлік қалыптастырдым?», «Жаттығудың орны мен қызметі қаншалықты?» деген, сұрақтарға байланысты пікірді ортаға салады. 

Әрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады. Оқушылар жаттығу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстыру, абстракциялау, жалпылау жұмыстарын жүргізеді.

Соңғы жылдары шыққан оқулықтардағы жаттығуларды саралап көрсек, жоғарыдағы қарастырылған мәселелер , талаптар қаншалықты ескерілгенін байқауға болады. 

4- сынып, «Қазақ тілі» оқулығы, авторы – Г.И.Уәйісова, Ұ.Ә.Асылов.

Алматы, «Атамұра» 2000 жыл.

1. Сөйлем, дыбыс, әріп- 24 жаттығу берілген.

2. Дауысты дыбыстар- 4 жаттығу.

3. Ашық және қысаң дауыстылар- 17 жаттығу.

4. Дауысыз дыбыстардың түрлері- 32 жаттығу.

5. Буын- 13 жаттығу.

6. Тасымал- 4 жаттығу.

7.Үндестік заңы- 14 жаттығу.

8. Дыбыс үндестігі-27 жаттығу.

5-сынып, «Қазақ тілі» оқулығы, авторы – Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова.

Алматы, «Атамұра» 2001 жыл.

1.Кіріспе «Ана тілінің қызметі» тақырыбы беріліп, өз ұлтымыздың саны аздығы және бұл тілде таза сөйлей алатын адамдардың аздығына байланысты ана тіліне қамқорлықтың қажеттігін ескергендіктен, тіл мәселесіне байланысты жаттығулар көп берілген- 28 жаттығу.

2. Лексика (сөз бен мағына) – 9 жаттығу, (сөздіктер) - 7 жаттығу, сөздің тура, (ауыспалы мағынасы) – 10 жаттығу, (көпмағыналы сөздер) – 10 жаттығу, (омонимдер)- 7 жаттығу, (синонимдер)- 18 жаттығу, (антонимдер)- 13 жаттығу, (табу)- 2 жаттығу, эвфемизм- дисфемизм- 5 жаттығу, (тұрақты тіркестер)- 14 жаттығу, (мақал-мәтелдер)- 13 жаттығу, (сөздік қор)- 8 жаттығу, (сөздік құрам)-3 жаттығу, (көнерген сөздер)- 16 жаттығу, (жаңа сөздер- неологизм) – 5 жаттығу, (жалпылама лексика) -2 жаттығу, (кірме сөздер) -2 жаттығу, (диалект сөздер)- 7 жаттығу, (кәсіби сөздер) -19 жаттығу.

3. Лексикадан өткенді қайталау- 24 жаттығу.

8-сынып, «Қазақ тілі» оқулығы, авторы –С.Аманжолов, А.Аманжолов, Т.Қасымова. 

Алматы, «Мектеп» 2004 жыл.

Мазмұны: 

1. Қазақ тілі- ұлттық мәдени, рухани асыл мұра- 8 жаттығу.

2. Сөйлем, сөйлем түрлері - 24 жаттығу.

3. Сөйлемнің құрамы (сөйлем мүшелері)- 34 жаттығу.

4. Жай сөйлемнің түрлері- 33 жаттығу.

5. Құрмалас сөйлем(салалас, сабақтас, аралас)- 62 жаттығу.

6. Төл сөз бен төлеу сөз – 15 жаттығу.


9- сынып, «Қазақ тілі» оқулығы, авторы – С.Аманжолов, Ә.Хасенов, И.Ұйықбаев.



Алматы, «Мектеп» 2002 жыл.

Мазмұны: 

1. Өткенді қайталау (3-5 беттер)- 4 тапсырма берілген.

2. Құрмалас сөйлем (5-58 беттер)- құрмалас сөйлем туралы түсінік -3 жаттығу, салалас құрамалас- 20 жаттығу, сабақтас құрмалас- 31 жаттығу, аралас құрмалас- 2 жаттығу (ауызша орындалады).

3. Төл сөз бен төлеу сөз (58-75- беттер) - 2 жаттығу

4. Тіл ұстарту-(75-96 беттер)- 2 тапсырма (мақала).

5. Өткенді жинақтап, жүйелеу (116-148 беттер)- (сұрақтар мен тапсырмалар берілген).

10-11 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулығы, авторы- Ж.Т.Дәулетбекова, К,М.Раев, Ө.Н.Қыдырбай. Алматы, «Мектеп» 2003 жыл.

Мазмұны:

1. Сөз мәдениеті (3-13 бет)- 2 тапсырма

2. Қарым-қатынас және сөз мәдениеті (13-29 бет)- 3 тапсырма

3. Қарым—қатынас түрлері(29-49 бет)- 4 тапсырма

Практикалық бөлімінда тапсырмалар берілген:

1. Қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен айырмашылығын тауып, ауызша баяндаңдар- ана тілі туралы өз ойларыңды айтыңдар


- сөзжарыс: тіл, сөз өнері туралы кім көп мақал-мәтел айтады, дәйектеме сөздерге тиісті сөз немесе сөз тіркесін қойыңдар



- пысықтау сұрақтар: түркі тілдер тобына қандай тілдер жатады, қазақтар өз тарихында қандай алфавиттерді пайдаланған, т.б.?

2. «Мәдениет мәйегі» деген сөзге түсініктеме беріңдер, 

- «ар», «ұждан», «ұят», «әдептілік» деген сөздерге түсінік беріп, осы сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айтыңдар

- сөйлемдердегі ойды жазбаша, ауызша баяндаңдар

- «дос сыры», «үлкендер өмірінен», т.б. тақырыптың біріне адамдар арасындағы қарым-қатынас ұғымына байланысты шағын шығарма жазыңдар.

- топтық жұмыс: көп нүктенің орнына тиісті сөз қойыңдар, қанатты сөздердің «сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар, бір қанатты сөзді тақырып етіп шағын шығарма жазыңдар

- екі мәтінді салыстырып, қандай стильде жазылғанын анықтаңдар

- шығармашылық тапсырма: оқыған шығармаларыңнан ауызекі сөйлеу тіліне, әдеби жазба тілге мысалдар келтіріп талдаңдар

- пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: сөйлеу әдебіне не жатады, жазба тіл мәдениетін игеруде қандай нәрселерді есте ұстау керек?

3. «Қарым-қатынас түрлері» тақырыбында 17 тапсырма берілген.

- қазіргі жастардың арасындағы сәлемдесуді бейнелейтін шағын оқиғалы шығарма жазыңдар

- мәтінді пайдаланып, «Баланың ата-ана алдындағы парызы» дегенге өз пікірлеріңді айтыңдар.

- рөлдік ойын түрінде: қажет деген жағдайда әңгімелесіңдер

- халықаралық қатынастағы іскерлік әдеп, этикаға, телефонмен әңгімелесудегі сөз әдебіне назар аударыңдар

4. Қорытынды сынақ- тапсырмалар

- «Қазақ тілі, оның: өткені, қазіргісі, болашағы» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырып , өз ойларыңды айтыңдар

- «Іскерлік қарым-қатынастағы әдеп талаптары», «Қоғам мен Мен» т.б. тақырыптардың біріне реферат дайындап, сыныпта талдаңдар

- «Сөз анасы- құлақ» деген мақал төңірегінде тыңдай білу мәдениеті жөнінде ой толғаңдар. 

І бөлімде – 5- тапсырма

ІІ бөлімде- 12 тапсырма

ІІІ бөлімде- 17 тапсырма

IV бөлімде- творчестволық жұмыстар.

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай сауаттандырып, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге лайықты қылуын қажет етіп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарауға тиіс. Бұл- жазба жұмыстарына да қатысты талап.

Күні бүгінге дейін көп көңіл аударылмай келе жатқан жазба жұмыстарының бірізділігін, жүйелілігін, әртүрлі дағды қалыптастыратындай, түрлі творчестволық ізденістерге апаратындай болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан оқулықтардағы жаттығуларға жаңа талаптар деңгейінен қарап, жаңа технологиялық тұрғыдан орындап, жаттығуларды орындау тәсілдерін өзгертіп отыруға зер салсақ, қателіктерге жол берілмес еді. 

Жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында оқушының сезім- түйсігін, қабылдауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау, қиялдау, болжау қабілетін, ерік-қайратын, дағды машықтарын, жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін дамытамыз.

Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Түсіндірмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар бойынша және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді. 

Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша талдау және жазбаша талдау болып. Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады:

а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс;

ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет;

б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек;

в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.

Бұндай жаттығуларды төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады.

Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді. 

Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.

Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынандай дағдылар қалыптасады:

1. Оқушылардың білімі бекітіледі.

2. Есту қабілеті қалыптасады.

3. Сенімділік қабілеті нығаяды.

4. Байқау қабілеті дамиды.

Ауызша және жазбаша өтілетін талдау жаттығуларды жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдаланылады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады. 

Жаттығудағы талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:

1. Жаттығудың нөмірі жазылады, орындау үлгісі көрсетіледі.

2. Объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі.

Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді. 

Ауызша талдау көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігі белгілі, сондықтан балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. 

Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды. 

Жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді. Бұл жұмыстардың мақсаты- балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйретеді. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады: 


  1. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болу керек. 


  2. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы қажет.




Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулары жүргізіліп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. 

Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ерекшеліктерін анық түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастырғаны жөн. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі факторларға негізделеді: 

1. Көру, қимыл жасау факторларына негізделетін көшіріп жазу.

2. Есту арқылы қабылдауға сүйенетін мәтінді жазу.

3. Орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар- қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу.

Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске аспайды. Сондықтан жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде мәселенің қайсысы негізгі екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр. 

Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынандай: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет