1-қадам. Балалардан «жолдас» сөзін қалай түсінетінін, осы сөзге мағыналас (синоним) сөздерді табуын сұраймыз. Балалар әртүрлі жауап береді: «бірге оқитын», «құрбы», «дос», «серік», т.б. Әр оқушы өз жауаптарын жобаға жазады.
2-қадам. Мәтіннің аты оқылады: «Жаман жолдас». Сұрақ қойылады: «Балалар әңгіме кім (не) жайлы болады?» «Екі дос жайлы», «Жаман адам» туралы, т.б.
3-қадам. Оқушылардан әңгіменің басын тыңдау сұралады. Мәтіннің белгіленген жерге дейін I бөлігі оқылады: «Екі дос жігіт жол үстінде келе жатып, бір Аюға ұшырасыпты. Бұл екі жігіттің біреуі әлсіз, ауру екен де, екіншісі мықты екен».
Балалар мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтіннің бірінші бөлігін мұғалім белгіленген жерге дейін оқып болған соң, оқушыларға сұрақ қойылады. (Ескерту: әңгімелесу, пікірлесу, әр бөлікпен жұмыс төмендегі сызба бойынша жүргізіледі: мұғалімнің сұрағы жеке ойлану жұппен талқылау жобаға жазу топпен талқылау).
Аю деген не?
Ол қайда өмір сүреді?
Екі достың түр-пішінін жазушы қалай сипаттайды? («Біреуін – ауру, әлсіз; екіншісін – мықты»).
Мәтіннің бұл бөліміне қандай ат қоюға болады? (Әр оқушы өз жобасына өзінің бөлімге қойған аты, ақын ойын жазады жұппен талқылайды топта айтады: «Жолдас», «Жол үстінде», «Орманда», т.б.)
Ескерту. Мұғалімге тақтаға әр бөлімнің шартты атауын жазудың қажеті жоқ. Себебі тақтадағы жазылған жоспарды балалар үлгі есебінде пайдалануы мүмкін. Онда жұмыстың мұндай түрі оқушылардың ешқандай шығармашылығын, өз бетімен жұмыс жасауын дамытпайды. Олар тек мұғалімнің шешімін ғана күтіп отыратын болады.
Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың бастамасы бойынша мәтіннің не жайлы болатынын айтуға бола ма? («Болады, меніңше екі дос туралы», «қиындау, міндетті түрде бірдеңе болатын шығар»).
4-қадам. Мәтіннің II бөлігі оқылады. «Аюды көрген кезде әлгі мықты жігіт ауру жолдасын тастап, өзі жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді.
Әңгімелесу әрмен қарай жалғасады.
Неліктен мықты жігіт ағаш басына шығып кетті?
Ауру жігіт не істейді?
Бұл бөлікке қандай ат қоюға болатынын жазыңдар.(«Қорқақ», «Қашу» т.б.)
5-қадам. Мәтіннің III бөлігі оқылады. «Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені болмай, жерге етбетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан, жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен».
(«Етпетінен», «өлген кісідей», «дем алмастан»).
- Шынымен аю өлген кісіге тимей ме? («Тимейді». «Тисейін деп жатқанда аңшылар келіп қалады да, аюды атып түсіреді», т.б.).
Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? («Айла», «Табылған ақыл», «Амалсыздық», т.б.).
6-қадам. Мәтіннің IV бөлігі оқылады. «Аю жатқан жігіттің қасына келіп иіскелеп, дыбысы мен демі білінбеген соң, жөніне тартып кетті. Аю кеткен соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, ауру жігіттен сұрапты:
Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті?»
Аю жатқан жігітке неліктен тиіспеді? («Аш емес шығар», «Өліп қалған деп ойлады», т.б.).
Аю жігіттің құлағына не деп сыбырлады деп ойлайсыңдар? («Жатқан жерің жайлы болсын», «Әттең, аш емеспін – бір, сен тірі емессің – екі», «Жаманмен дос болма», т.б.).
Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? («Қуаныш», «Тірі қалды», т.б.).
7-қадам. Соңғы бөлігі оқылады. «Сонда ауру жігіт тұрып:
Аю құлағыма ақыл сыбырлады: екінші рет тар жерде жолдасың тастап қашатын, өзінің ғана басын қорғайтын «доспен» жолдас болма деді».
Әңгіме қалай аяқталады?
Аюдың берген ақылын сендер қалай қабылдайсыңдар?
Бөлімге қандай ат қоюға болады? («Аюдың ақылы», «Кеңес», т.б.).
8-қадам. Бөлімдер бойынша мәтінді талқылап болған соң, мәтін үзіліссіз екінші рет оқылады.
Оқушылар жоспарларын таза қағаздарына көшіреді. Әркім өз жобасына өз қалауы бойынша өзгерістер енгізіп, әңгімеден алған әсерін негізге ала отырып, мазмұндама жазады. Кейін оқушыларға тапсырмалар беріледі. Яғни әркім өз жобасына сүйене отырып мазмұндама жазады.
Мәтінді бөліктерге бөліп, оқушыларды ойландыратын, ынталандыратын сұрақтар қою, әр баланың өзіндік қабылдауын байқататын жоспардың әртүрлілігі, мәтінді бөлімдер бойынша талқылау – оқушылардың мазмұндаманы ықыласпен жазуына, жұмыстың жемісті болуына көп әсерін тигізеді. Бұл жұмысты балалардың барлығы зор қызығумен орындайды. Әр оқушының әңгімеге, оқиғаға деген жеке-дара өз көзқарасы, ой-пікірі мазмұндамаларынан айқын байқалып тұратындығы сөзсіз.
Мазм±ндау- оќушыныњ шыѓарма мазм±нын ќабылдауыныњ сапалыќ кµрсеткіші
Психолог ғалымдар: “Адамның сезім мүшелеріне әртүрлі заттар бір мезгілде әсер етіп отырады. Бірақ оның барлығы бірдей тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады да, басқалары бұлыңғыр, көмескі болып қабылданады”, - дейді. [14, 93] Сол тәрізді оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуі, ондағы сөз кестелерін, түрлі суреттеулерді қабылдаулары бір мезгілде, бір деңгейде болмайды, солардың ішінен оқушы өзіне ерекше әсер еткендерін ғана толық қабылдап, соларды баса жазады. Ал оқушы назарына мәтін мазмұнына ұйытқы болып тұрған негізгі мәселелер емес, екінші қатардағы, қосалқы жайлардың көбірек ілігуі де ықтимал.
Мазмұндама жазуға кіріспес бұрын бірқатар әзірлік жұмыстары жүргізіледі. Мәтіннің баяндалу формасы, диалог сөздер, суреттеулер анықталады. Әр сынып оқушының мәтінді мазмұндау дағдыларын салыстырғанда байқайтынымыз:
бастауыш сыныптан басталған азды-көпті дағдылары бола тұра V сынып оқушылары үшін бірінші жақта баяндалған мәтінді 3-жақта әңгімелеудің ауырлығы;
мәтін мазмұнын меңгеру, қабылдау, мазмұндату алдындағы әзірлік жұмыстар, мәтіннің міндеті мен мақсатын түсіну;
оқушылардың мазмұндаудағы сөз құрамының жазушы тілінен көп алшақ болып отыратыны байқалады. Бұл тәрізді кемшіліктер жаттығу алдындағы әзірлік барысында ескерілгені дұрыс. Сондықтан, әңгімедегі оқиғаның ішкі (тура және жанама суреттер) мәнділігі жағынан топтауға; оқушылар өздігінен міндетті түрде орын алатын жаңа сөздер мен тосын тіркестерді, идиом сөздерді белгілеуге баса көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді.
Ескеретін жай: мазмұндауда оқушылар ең басты мәселелерді, негізгі кейіпкерлерді қамтымайды, олардың арасында дәнекерлік қызмет атқаратын детальдарды елемейді, сондықтан ұстаз бұл тұстарға оқушы назарын аударып, жазу процесінде байқап отырғаны жөн.
Мазм±ндама мєтінініњ кµлемі
Мазмұндама мәтінінің көлемі төмендегідей болады:
-
Сыныбы
|
Сөздер саны
|
5
6
7
8
9
10
11
|
100-150 сөз
150-200 сөз
200-250 сөз
250-300 сөз
300-350 сөз
350-400 сөз
400-450 сөз
|
1.8 Баѓалау нормалары
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестілігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.
Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.
Бағалау нормалары:
Баға
|
Қателер саны
|
5
4
3
2
|
1/0 1/0 0/1
3/3 2/4 1/5
6/5 5/6 3/8
9/5 8/9
|
Диктант жазуға астрономиялық екі сағат, мазмұндамаға төрт сағат беріледі.
Қорыта айтқанда, мазмұндама оқушылардың көркем шығарамашылық қабілетін дамытуда ерекше рөл атқарады. Көркем сөздің, көркем ойдың, ұшқыр қиялдың құдіреті сол: сөздің тазалығын, шынайылығын қалыптастыратын, адамның психикасын дамытатан сиқыр күш, жан бар онда. Балаға көркем сөз өнерін үйретудің, баулудың ең басты қажеттілігі – осында. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда мазмұндама мен шығарма жаздырудың алар орны ерекше. Әсіресе, бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында мазмұндаманың мәні зор. Мазмұндама:
1. Оқушылардың әдеби тілдік нормаға сәйкес өз ойларын жеткізе білуге үйретеді.
2. Сөздік қорын молайтады.
3. Ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі.
4. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады.
5. Оқуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйретеді.
Жұмыстың бұл түрлері балалардың тілін дамытуға, ойларын байланыстырып сөйлеуге үйретуде, тіпті әрбір мәдениетті адамға қажетті іскерлік пен дағдылардың қалыптасуына көп әсері бар. Сондықтан да мектепте мазмұндама жұмыстары жиі өткізілуі тиіс. Ал мазмұндама жазуда балалардың қызығуын арттыру үшін аталған түрлердің барлығын қолдану қажет.
ІV. ШЫҒАРМА
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.
Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.
Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:
Оқушының ойлау қабілетін арттыру;
Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;
Ақын – жазушылардың шығармаларын білу;
Оқыға – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;
Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;
Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;
Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере білу;
Цитаттарды (дәйектеме сөз) келтіре білу;
Бөлімдердің арасындағы байланысты сақтау.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Тақырыпты толық аша білу;
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;
Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;
Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.
Шығарма көлемі мен уақыты
5– сынып – 0,5-1 бет;
6 - сынып – 1-1,5 бет;
7 - сынып – 1,5-2 бет;
8 - сынып – 2-3 бет;
9 - сынып – 3-4 бет;
10 - сынып – 4-6 бет;
11 - сынып – 6-8 бет;
Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі. Бітіру емтиханында (шығарма жазылатын жағдайда) – 6 сағат беріледі.
Шығарманың бағалануы туралы оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен 4 салаға бөліп қарайды.
Мазмұндылығы мен идеялылығы;
Ой – пікірдің жүйелілігі;
Стилі;
Граматикалық сауаттылығы;
Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.
Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады.
Ой – пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.
Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер жатады.
Грамматикалық сауаттылыққа емле, тыныс белгісіне байланысты жайлар қаралады.
Шығарма процесі
Оқушыға нақты жұмыс берілді. Ендігі жерде оқушы әрекет істеуі керек, 10 минутқа дейін үнсіздік басып, оқушы алған білімін еске түсіріп, мида қрыту процесі басталады. Осы арада мұғалім көмегі қажет. Ұстаз шығарманың эпиграфын таңдауға көмектесуі мүмкін. Себебі шығарманың қаншалықты нәтижелі шығуының кепілі – эпиграф. Эпиграф үшін оқушыға арнайы папка аштырып, газет, журнал қиындыларын жинатып, ақындардың өлең – жолдарын, көсем сөздерін жиғызып, кітапхана каталогын жасатып үйрету керек.
Шығарма жазу мынандай кезеңдерден тұрады: әзірлік кезеңі, жазу, аяқтау кезеңі, тексеріп бағалау, талдау жасау кезеңдері.
Оқушының теориялық білімі толық болғанымен, шығарма жазғанда ойын шашыратып жүйелі баяндай алмаса, сөздік қорының тапшылығы өз бетімен кітаптыаз оқитыны байқалады.
Шығарманың жазылуында ұшырасатын кемшіліктердің негізгі бөлігі мына жағдайларға байланысты:
Оқушы шығармашылық жұмысқа құлықсыз болған жағдайда шығарма мақсатына жетпейді;
Шығармаға бағыт берілмесе, мақсатына жетпейді;
Қате түсініп, көңілсіз жазылған шығармаларды қайта құрастыру, ойын жүйелеп, жаңарту оңайға түспейді. Сондықтан алдыңғы сәтсіз шыққан шғармадағы кемшілікті жою үшін басқа тақырыптағы шығарманы ұсынған тиімді.
Шығарма жаздырудың ең басты
мақсаттары мыналар:
1. Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру.
2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін
практикалық жұмыстарда пайдалана білу.
3. Ойлану еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
4. Оқушылардың қабілеті, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны «Көркем шығарма» дейміз. «М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз»,- деп жатады.
Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектептегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстардың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделілігі сол, бұл- оқу процесіндегі бірден-бір жеке-дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы, сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты. Дегенмен шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен (басқа тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып қоюдың тиімділігі зор.
Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі
1. Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды, тақырып дәйексөз ретінде алынған жағдайда ғана тырнақшаға алынады.
2. Эпиграф оң жақта, тырнақшаға алынбай жазылады. Авторы бір жол төменірек жақшаға алынбай жазылады. Егер шығарма жазушы эпиграф алынған туындыны көрсеткісі келсе, автордың аты – жөнінен кейін үтір қойып, шығарманың атын тырнақшаға алып жызады.
3. Жоспар деген сөз эпиграф болса, одан төмен, ал эпиграф болмаса, тақырыптан соң, жол ортасына жазылады. Жоспар сөзінен кейін нүкте қойылады.
4. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. (рим сандарымен белгіленеді, олардан кейін нүкте, жақша қойылмайды).
а) Негізгі бөлім тақырыпты ашуға бағытталып, араб санымен белгіленген, кемінде үш пунктен тұруы керек. Араб сандарынан кейін нүкте қойылады. Әр пункт жан-жақты қамтылса, бірнеше бөлшектен тұруы мүмкін, ондай жағдайда әр бөлшек әріппен белгіленіп, жақша арқылы жазылады. (екі бөлшектен кем болмау керек).
5. Шығарма бөлімдерінің аты бір жолға сыймай қалса, келесі жолға жазылады, бірақ жоспардағы рим, араб сандары мен әріптердің асты ашық көрініп тұратындай тәртіппен жазылады.
6. Шығарманың әр бөлімінің атынан кейін нүкте қойылады.
7. Келесі бөлімнің аты бас әріппен жазылады. Әр пунктің бөлшектері болса, қос нүкте қойылып, бөлшек атының соңына нүктелі үтір қойылады. Содан кейінгісі жаңа жолдан басталып жазылады. Ең соңғы бөлшектен кейін нүкте қойылады. Келесі бөлім жаңа жолдан бас әріппен басталады.
8. Шығарманың бөлімдері мен бөлшектерінің аты қысқа, нақты түрде берілуі керек.
9. Жоспардың бөлімдері сұраулы сөйлемдермен берілмейді.
10. Егер шығарма авторы жоспарды дәйексөздермен (цитатамен) берсе, дәйексөз тырнақшаға алынып, соңына оның авторы жақшаға алынып жазылады.
11. Жоспарға сәйкес әр бөлім абзац арқылы жазылуы керек.
12. Шығармада берілетін сандық мәліметтер: ғасырлар – римше, жыл, күн – араб сандарымен, ал басқа сан есімдер сөздермен берілуі керек. Ғасырды араб санымен көрсетуге болмайды, дей тұрғанмен кездессе, баға кемітуге ықпал жасамайды.
Ескерту: диктантта барлық сан есімдер, тіпті күндерді көрсететіндері де сөзбен жазылады.
13. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.
14.Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.
15. Дәйексөз жазғанда, қазақ тілі оқулықтарындағы тыныс белгілеріне байланысты барлық ережелерге сүйену керек. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.
16. Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, шығарма жаздыру- балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. Шығарманы үйде де, сыныпта да жаздырады. Бағдарламада шығарма жаздыру сағаттары берілген. Тақырыптың ауыр-жеңілдігіне, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шығарма жазудың уақыты белгіленеді. Мысалы, сыныпта – 2-3 сағат, үйде – 1 апта, не 10 күнге дейінгі мерзімге беріледі.
Мұғалім қосымша сабақ өтеді, жекелеген оқушылармен жұмыс жүргізеді, қосымша материалдар іріктеуге, эпиграф алуға көмектеседі. Оқушы шығарманы үйде жазып жатса, оның алғашқы сұлбасын оқып, ақыл-кеңес береді. Басында үлгісі берілген нұсқау-көмекті естеріне түсіріп, шығармаға қояр талапты қайталайды. Егер тақырып қиын болса, сыныпта немесе қосымша сабақта жоспар құруға көмек жасайды. Кейде оқушылардың пікірі, ойына ерік беру керек. Қай тақырыпта шығарма жазады, қай тақырып маңызды- өздері шешсін. Шығарма жазу үшін, ең басты мәселе- оқушының сол тақырыпты білуіне ғана емес, сонымен бірге білгенін көркем, тиянақты тілмен жеткізу қабілеті, тіл байлығы, сауаттылығы, әдеби талдауы, негізгі мәселелерді дөп тауып, соны тұжырымды бере білуі, дүниетанымы да үлкен рөл атқарады. Қосымша материалдарды пайдалана білу өте алғырлықты, зеректілікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім балаларды шығармаға баулуда көп еңбектенуі, тер төгуі қажет.
Шығарма жазуда жоспардың жай, күрделі түрлері пайдаланылады. Егер оқушы шығармасының мазмұны, тілі, стилі, сауаттылығы жағынан талапқа сай жазылса, жоспар бар ма, жоқ па оны негізге алмау керек. Эпиграф жайлы да осыны айтуға болады.
Шығарма – оқушының білім деңгейін көрсететін творчестволық жұмыс. Бұндай жұмыстар оқушыларға кең ойлауға, ойын дәлелдей алуға, өзіндік көзқарасын нақтылауға үйретеді.
V. МАЌАЛА
1.Маќала – газет жанрыныњ кењ таралѓан т‰рі
Маќала жазу ‰шін оѓан шеберлік керек. Корреспонденция оќиѓаны болѓан жері мен уаќытымен шектелсе, маќала кењ ауќымды мєселелерді ќамтиды .Онда автордыњ µзіндік пікірі байќалады .
Маќала жазудаѓы журналистіњ маќсаты – наќты факт, дєлел келтіре отырып, аќпаратты оќырманѓа , б±ќараѓа жеткізу . Автордыњ кµрген оќиѓаны ќалыњ б±ќараѓа д±рыс жеткізуі , б±л оќиѓаѓа µз пікірін, кµзќарасын білдіруі, мєселені д±рыс баѓалауы – оныњ шеберлігі болса керек. Маќала кењ ауќымдылыќты талап етеді.
Маќалалардыњ мынандай т‰рлері бар : алдыњѓы ќатарлы, фонтдыќ , редакциялыќ , теориялыќ , сыни , т‰сіндірмелі. Маќалалар таќырып жаѓынан мынандай топтарѓа бµлінеді : экономика, саясат, этика , µнер, єдебиет, халыќаралыќ жањалыќтар ,т.б.
Ќорыта келгенде, маќала дегеніміз – белгілі бір газетте, журналда жарияланатын ѓылыми – публицистикалыќ кµлемі шаѓын шыѓарма. Б±л жанрды алѓаш дамытќан адамдар М.Ж.Кµпеев,А.Байт±рсынов,Ш.Ќ±дайбердиев, т.б.Олар сол кезде болып жатќан ќоѓамдыќ ќ±былыстар мен µзгерістерге пікірлерін білдіріп, халыќтыњ м±њын шертті.
ХІХ ѓасырда ќазаќ тілінде тек бір ѓана газет («Дала уалаяты») шыѓып т±рѓан болса,ХХ ѓасырдыњ алѓашќы жылдарында ќазаќ тілінде алты газет-журнал шыќты . ХІХ ѓасырда небары ж‰з шаќты кітап басылса, ХХ ѓасырдыњ басында ‰ш ж‰зге жуыќ кітап басылды.Б±лардыњ ішіне кейін аќталѓан арыстарымыздыњ ењбектері енбеген . Сол кітаптардыњ жартысына жуыѓы ќазаќтыњ сол кездегі аќын-жазушылардыњ к‰нделікті таќырыпќа, сол заман таќырыбына арнап жазѓан тµл шыѓармалары : µлењ жинаќтары , дастан- поэмалары , єњгіме, романдар еді.Ал ќалѓандары маќалалар болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |