Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87



бет6/9
Дата22.02.2018
өлшемі1,4 Mb.
#38151
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«5» деген баға қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл бір қатеге немесе тыныс белгісінен жеңіл бір қатесі болса қойылады.

«4» деген баға үш тыныс белгіден, үш емледен, немесе екі тыныс белгіден, екі емледен болса қойылады.

«3» деген баға алты тыныс белгіден, алты емледен, немесе сегіз тыныс белгіден, үш емледен болса қойылады.

«2» деген баға бес тыныс белгіден, тоғыз емледен, немесе тоғыз тыныс белгіден, сегіз емледен болса қойылады [6, 98].

Сондай-ақ диктанттармен қосымша өткізілетін бақылау тапсырмаларына екі баға қойылады, бірі – диктантқа, екіншісі грамматикалық тапсырмаларға қойылады. Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық және пунктуациялық қосымша тапсырмаларды бағалауға мынадай өлшемдер басшылыққа алынуы қажет: 

«5» деген баға толық дұрыс орындалған тапсырмаға қойылады.

«4» деген баға тапсырманың 75% -ті орындалса, 

«3» деген баға тапсырманың 50%-ті орындалса,

«2» деген баға тапсырманың 50%-ке жетпесе қойылады. 

Диктант жазғанда кейбір оқушылар ілесіп жаза алмай, қайталап сұрай береді, уақытты алады. Сондықтан ондай оқушыларға 7-8 сөйлемнен құралған шағын диктанттар тиімді болып саналады. 

«Есте сақтау» диктанттарда мұғалім сөйлемді бір-ақ рет (ұзақ сөйлем болса екі рет) оқиды. Дереу оқи сала «жазыңдар» дейді. Ондағы мақсаты – оқушыларды сақтыққа, естігенді есте сақтауға, айтқанды ұғып тыңдауға және жылдамдыққа баулу. Егер сынып жаза алмаса, есіне сақтап қалған оқушыға қайталаттырады. Сөйтіп, үйренеді.

Диктант тексерудің де түрлі жолдары бар. Сыныпта жазу сауаттылығына қарай топтайды.


  1. «Сенімділер тобы» үнемі «4» пен «5»-ке жазатындар.


  2. «Әрқалай» «4», кейде «3»-ке жазатындар.


  3. «Қателер».


  4. «Шимайлар» тобы. Шимайлап, түзеп, бұзып, былғап жазатындар кіреді.




Әр топтың аты-жөндері, жіберетін қателері жазылатын арнайы дәптер жүргізеді. Мынадай сызба пайда болады:

Ң,н

И,й

Ы,і

Ұ,ү

Қос дауыссыз.


Тасымал

Тыныс белгісі.

Жазуы нашар.





















Тұстарына оқушының аты-жөні жазылады. Диктантты жазу үстінде оқушы қателерін мұғалім ескертіп отырады. 

Мектеп оқушыларының білімін бағалау үшін оқу жылының басы мен соңында және әрбір тоқсанда өткізілетін диктанттардың сөз саны шамамен мынадай нормаларда белгіленуі тиіс:

ІV сынып үшін – 80 -100 сөз.

V сынып үшін -100 –110 сөз. 

VІ сынып үшін – 110 -120 сөз. 

VІІ сынып үшін – 120 –140 сөз. 

VІІІ сынып үшін – 140 -160 сөз. 

ІХ сынып үшін – 170 -180 сөз. 

Х сынып үшін - 190 - 200 сөз. 

ХІ сынып үшін – 200– 210 сөз. 


Осы диктант мәтінінде әрбір өтілген ережеге байланысты кем дегенде екі-үш орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері болуға тиіс. Сондықтан бір диктант құрамында ұшырасатын орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері төмендегідей нормалардан аспауға тиіс: 

ІV сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 12, тыныс белгісі 2-3-тен аспау керек.

V сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 12, тыныс белгісі 3-4-тен аспау керек.

VІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 20, тыныс белгісі 4-5-тен аспау керек.

VІІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 24, тыныс белгісі 5-7-тен аспау керек.

VІІІ сынып үшін әр түрлі орфограмма саны 25, тыныс белгісі 7-10-нан аспау керек.

Қазақ тілі бойынша жазба жұмысына бөлінетін сағаттар бағдарламалық тақырыптардан да, тіл дамытудан да, қайталанудан да алынады. Оқу жылы басында өткенді қайталау есебімен сынып оқушыларының сауаттылық дәрежесін анықтау үшін бір сағат және әр тоқсан соңында бір сағат бақылау жұмыстары алынады. Ал бұдан басқа уақыттағы алған жазба жұмыстар үйрету мақсатын көздейді. Жазба жұмыстарын талдауға арнайы сағаттар бөлінеді. Әр сыныптағы жазба, жаттығу, үйрету және бақылау жұмыстарының саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:

ІV сынып – сегіз диктант, төрт мазмұндама, екі сынып және екі үй шығармалары.

V сынып – сегіз диктант, төрт мазмұндама, үш сынып және бір үй шығармалары.

VІ сынып – алты диктант, үш мазмұндама, екі сынып және екі үй шығармалары.

VІІ сынып – бес диктант, екі мазмұндама, екі сынып және үш үй шығармалары.

VІІІ сынып – бес диктант, үш сынып және үш үй шығармалары.

ІХ сынып – төрт диктант, төрт сынып және үш үй шығармалары.

Х сынып – үш диктант, төрт сынып және үш үй шығармалары.

ХІ сынып – екі диктант, үш сынып және екі үй шығармалары [7, 111].


1.20 Диктант және тіл ұстарту

Кейбір ғалымдарымыз диктант жаздыруды тіл ұстарту жұмыстарымен ұштастырып жүр. Тіл ұстарту жұмыстарымен диктант жаздыруды қалай байланыстыруға болады? Тіл сабағында бұл екеуінің де өзіндік орны, ерекшелігі бар екендігі белгілі.

Диктант жаздырғанда біз белгілі бір тақырыпты аламыз, ол «Диктанттар жинағынан» алынады. Сөз санының шектеліп берілуіне байланысты мәтін түсініксіздеу болуы да мүмкін, әйтсе де, бала белгілі бір нәрседен қысқаша мағлұмат алады. Қазақ тіліндегі грамматикалық ереже, морфология, лексика, фонетика бөлімдерінің де өз талаптары бар. Жалпы қазақ тілі курсы бойынша жазылатын диктант жұмыстарының мұғалім алдына қоятын өз шарты бар. Одан ауытқымаған жөн деп жүрміз.

Диктант жаздыру оқушылардың сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың білім дәрежесін сынау екені де белгілі. Дегенмен де, біз бір жақты жұмыс істеп жүрміз бе деген ой да туындайды. Диктант жазғызу жұмысын біз неге тіл ұстарту жұмысымен байланыстырмаймыз? Мысалы, Абай өмірінен мәлімет бере отырып, ортаңғы сыныптарда Абайдың табиғат лирикасын өттік дейік, Абай шығармашылығын өткенде оның әлеуметтік жағдайы, халқына деген ыстық ықласымен қоса анасы Ұлжан, әкесі Құнанбай, әжесі Зере және бауырлар мен балалары туралы да айта кетсек артық болмайды. Ал, қазақ тілі мен тіл ұстарту сабақтарында осы ойды жалғастыра отырып, бірнеше тақырыпта диктанттар жаздыртса, жүйелі жұмыс, байланыс бола ма деп ойлаймыз. Мысалы: «Абайдың мінез-машықтары», «Құнанбай Өскенбаев», «Абайдың сүйікті ұлы - Әбіш». Тағы бір мысал, Мұхтар Мағауиннің «Доңыз жылғы балалық» жинағынан «Тассудан өткен қашқындар» атты әңгімесінен «Тассу бұлағы», «Қашқындар» атты мәтін, «Қант пен ірімшік» әңгімесінен «Ақ ірімшік» атты бір мәтін алған болатынбыз. Грамматикалық талап өз алдына, осы екі әңгімедегі қазақ халқының басынан өткен қиыншылық, кеңес өкіметінің орнаған кезіндегі халқымыздың нәубеттік өмірі туралы терең ой бала санасына, түсінігіне өте жеңіл, ұғынықты оқылады. Осы мәтіндерді диктант негізінде жазғыздық. Ол сонымен ғана қалуға тиіс пе? Мұғалім диктант жаздырғаннан кейін осы әңгімелермен оқушыларды кең көлемде таныстырса дұрыс болар еді.

Әр сыныпта тіл ұстартуға берілген сағат саны жетерлік. Тіл ұстарту сабақтарында не істейміз деп жүрген мұғалімдер де жоқ емес. Міне, тыңдағанда құлағыңның құрышын қандыратын, ал бала үшін оқуға жеңіл болып қана қоймай, халқымыздың өткен тарихының нағыз шындығын айтатын, ой тастайтын әңгімелерді оқуға жетелеу жолы осы емес пе? Әңгімені тіл ұстарту сабақтарында оқыту, оның идеясын ашу, мазмұнын ашу – еліміздің өткен тарихындағы «тар жол, тайғақ кешуін» ұғындыру, әңгіменің мазмұнын айтқыза отырып тілдік қорын табу болып табылады. Баланың ойын селт еткізер нәрсемен оның санасын халқының ұлылығы туралы ұғымды сіңіру, санасын ұштау, ұлтына деген сүйіспеншілік сезімін ояту деген сөз бұл. Сондықтан да «Тассудан өткен қашқындар» әңгімесін оқушы бар ынтасымен оқып, жақсы мен жамандықты айыруды, халқының дархандығын осындай сабақтарда ұғындыру қажет. Тіл ұстарту мен диктант жаздыру сабақтарының байланысы, бір жүйелілігі қазіргі уақытта «ақты – ақ, қараны – қара» деп жазып жүрген ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына терең бойлай алуына бастайтыны сөзсіз.

Мұхтар Мағауиннің шығармашылығын өткен кезде осы жұмыстардың әсері мол екені анық. Міне, пәндердің өзара байланысы, үндестігі, тіл ұстарту жұмыстарының жүйелігі де осында. Диктант жаздыруды осылайша тіл дамыту жұмыстарымен ұштастырған орынды. Әңгімені оқуды диктант жаздырумен сабақтастырудың тиімді жолдарының бірі – осы.

Барлық сыныптарда, барлық кезеңдерде диктант жаздыруда осы бір ізден ауытқымаған жөн деген пікір бар. Әрине, әр мұғалім тіл дамыту жұмысын өз білім дәрежесіне, іздемпаздығына қарай бағдарламаға сүйене отырып жүргізеді. Бірақ тіл дамыту мен диктант сабақтарын байланыстыру өз нәтижесін берері анық. Мысалы: Ана туралы диктант жазылған соң оқушыларға өз бетімен орындауға мынадай жұмыстар тапсыруға болады:


  • ана туралы әңгімелерді оқу;


  • өлеңдер жаттау, мақал–мәтел, нақыл сөздер жинау, оны оқу;


  • ана туралы айтылған ұлы адамдардың сөздерін дәптерлеріне жаздыру;


  • тіл ұстарту сабақтарында осы тақырыпқа әңгіме құру;


  • қысқа шығарма жазғызу.




Қазақ балаларының ауызекі сөйлеуі жатық емес, қанағаттандырмайды. Оқушының әдеби тілмен айшықтап, мақалдап сөйлеуі, теңеулер келтіріп, өз ойын анық, өз дәрежесінде жеткізуі жоқтың қасы. Баланың тілдік қоры нашар дамыған. Ойы мен сөзінің арасында алшақтық басым. Сөзінің іркілушілігі, тоқыраушылығы, мүкістенушілігі, біріншіден, логикалық ұлттық ұстанымның қалыптаспауынан болса, екіншіден, тіл қорының қордаланбауынан деп білу қажет. Оқушыға суырылып сөйлеу тұрмақ, қара дүрсін әңгімелеудің өзі бір алынбас қамалдай. Көңіліндегі небір жақсы ойды айтуға келгенде берекесі қашып, сәні болмай, еңсесі түсіп, білгенін айта алмау қазақ баласына тән қасиет болып барады. Оның ұлттық психологиялық астарларын да, қазіргі замана тауқыметімен біртұтас қарастырған жөн. Сондықтан да, баланың тілдік қорын дамытуда жан-жақты еңбектену қажет.

Қорыта айтқанда, диктант өз алдына басы бірікпейтін нәрсе сияқты көрінеді. Бір жүйеге түсірсек, оқыту да, тіл дамыту да, әдебиет пен қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылық та арта түспесе кемімейді. Ұрпақ тілі – біздің болашағымыз екенін ұмытпайық. 
Қазақ тілінен бақылау жұмысыныњ ‰лгілері


Баќылау ж±мысы №1

Таќырыбы: Ұлпан ауылы

Бақылау жұмысының мақсаты:

1. Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, орфографиялық, пунктуациялық ережелерге сәйкес сауатты жазу машықтарын байқау.

2. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында лингвистикалық материалды жүйелі меңгеру және қолдана білу дәрежесін анықтау.

3. Шығармашылық тапсырма арқылы тіл мен әдебиеттен алған білімдерін байланыстырып, қорытынды жасай білу машықтарын тексеру.


Ұлпан ауылы

Ертеңіне бүкіл Сыбан ауылдары Ұлпанның көшіне ілесе, жайлауға тұтас көшті. Бұлары Ұлпанға көрсеткен қошемет еді.

Балалар бейберекет жарысып, қай көштің тұсында, қай бала озып келе жатса, сол көштен «бәйге» сұрайды. Жүкті арбаның үстінде келе жатқан әйел бір уыс құрт, бауырсақ шашып қалады. Балалар аттан түсе қалып, шашылған бауырсақпен құртты таласып-тармасып ауыздарына тығып жібереді де, тағы да бейберекет шаба жөнеледі. Бұл басы да, аяғы да жоқ бәйге жұрт жайлауға жетіп жүгін түсіргенше сөзыла береді. 

(70 сөз) Ғ. Мүсірепов «Ұлпан».


Тапсырма

І нұсқа.

1. Бірінші сөйлемді мүшелеріне қарай талдап, мағыналық, құрамдық түрін көрсет.

2. «Ұлпанға көрсеткен қошемет» тіркесіне морфологиялық талдау жаса.

3. Мәтіннен синоним, антоним, омоним сөздерді теріп ал.


ІІ нұсқа

1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай талдап, мағыналық, құрамдық түрін көрсет.

2. «Жүкті арбаның үстінде» тіркесіне морфологиялық талдау жаса.

3. «Бәйге» сөзінің мағынасын түсіндір.


ІІІ н±сќа

«Ұлттық дәстүріміздің бірі- шешендік өнер» тақырыбында ой толға.


Бақылау жұмысы №2

Тақырыбы: Күз (диктант-жатжазу).

Бақылау жұмысының мақсаты: Негізгі курс бойынша қазақ тілінен оқушылардың міндетті деңгейдегі білім-білік деңгейлерін зерттеу.


І нұсқа

1. Топтың алдыңғы қатарында Абай, Көкбай, Шұбар- үшеуі өзгелерден озыңқырап, оқшау әңгімелесіп барады.

1-тапсырма: Синтаксистік талдау


ІІ нұсқа

1. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді.

1-тапсырма. Синтаксистік талдау


2-тапсырма. Мәтіннің стилін анықта, дәлелде.


3-тапсырма. Жүрістің ертелік мазасыздығына қарамай, күн райының мұңды, сұрқай көңілсіздігіне қарамай, ортадағы жастар тобы үнемі дабырлап, сөйлесіп, әзілдесіп күліп келе жатыр. ( 151 сөз. М.Әуезов «Абай жолы»).


Қатысқандар:15 оқушы


1 - «5/5» (Рысбаева Динара)

2 - «5/4» (Адамов Нұрлан, Омарова Нұргүл)

1 - «4/5» ( Жүсіпова Әлия)

6- «4/4» (Кобзина Салидат, Айбулдинов Е., Апаева Әйгерім, 

Апушева Іңкәр, Тажипов Диас, Төлеуханова Айнұр).

4 - «4/3» (Сәрсенбекова А., Сейсенбекова Ж., Смағұлова Ж., 

Жұбаев Рашид)

1 - «3/4» (Асаинов Ренат).


Үлгірімі- 100 %.


Бақылау жұмысы №3

Бақылау жұмысының мақсаты: 1. Сауаттылығын тексере отырып, жіберілген қателер болса, олармен жұмыс жүргізіп, болдырмау шараларын қамтамасыз ету.

2. Синтаксистік, фонетикалық талдау бойынша біліктігін арттыру.

Тақырыбы: Соңғы жаз (Диктанттар жинағынан алынды).


1-тапсырма, әр оқушыға мәтіннің ішінен бір сөйлем бөліп беріп, оған синтаксистік талдау жасау (сөйлем мүшелеріне талдау, тіркестік қатынастардың байланысын ажырату).


2-тапсырма, әр оқушыға бір сөзден беру, оған фонетикалық талдау жасату.


Қатысқандар: 13 оқушы.


2 - «5/5» (Рысбаева Д., Омарова Н.)

3 - «5/4» (Апушева І., Адамов Н., Кобзина С.)

5-«4/4»(Апаева Ә., Сейсембекова Ж., Асаинов Р., Сәрсенбеков А., 

Төлеуханова А.).

1- «4/5» (Айбулдинов Е.).

1 - «4/3» (Смағұлова Ж.).

1- «3/4» (Тажипов Д.).


Үлгерімі- 100 %.


Пән мұғалімі________________________


Бақылау жұмысы №4

Бақылау жұмысының негізгі мақсаты:

1. «Фонетика», «Лексика», «Морфология», «Синтаксис» бөлімдерін қайталап еске түсіру.

2. Оқушылардың тілін, ойын дамытуға байланысты жұмыстар өткізу.

Ескерту: Тапсырма үш нұсқаға бөлініп орындалады және тапсырма оқушылар тілін, ой-өрісін, білімі мен білігін дамытуға арғналған, нақты жауап беруге дағдыландыру көзделеді.


1-тапсырма «3»- деңгейге арналған;

2-тапсырма «4» -тік деңгейдікі.

3-тапсырма «4,5»- тік деңгей.

4-тапсырма «5»- тік деңгейге байланысты жүргізіледі.


1-тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті жерде Ы, І әріптерін жазып, қажетсіз жерде Ы, І әріптерін жазбай, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Ы, І емлесіне байланысты анықтама-ережесін беріңіз.


2-тапсырма.

Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік бойынша анықтаңыз.

а) аруақ

ә) сыйыну

б) пір


3-тапсырма

Берілген сөздердің көп мағыналы мәндерін көрсетіп жазыңыз, және сөйлем құраңыз.


Қатысқандар:13

«5»- (Айбулдинов Е.)

«4»- 11 ( Рыспаева Д., Апушева І., Адамов Н., Кобзина С., Апаева Ә., Асаинов Р., Сәрсенбекова А., Төлеуханова А., Смағұлова Ж., Тажипов Д., Жұбаев Р.).).


Үлгерімі- 100 %.


Пән мұғалімі________________________


ІІІ. МАЗМҰНДАМА


Жазба жұмыстарының бір түрі – мазмұндама жұмысы. Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама екінші сыныптан бастап жүргізуге мүмкіндік бар екендігі анықталды.

Мазұндама жұмыстары балалардың психикалық процестерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін тудырады. 

Мазмұндамаға дайындалу барысында, әсіресе екінші сынып оқушыларының психикасында 1-ші сигнал системасының қызметі мен эмоция басым болғандықтан, балалардың өмірде көрген-білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену керек. 

Мәтінді алдын-ала синтездеу жұмысына ерекше назар аударған жөн. Өйткені мәтінді алдын-ала синтездеудің, яғни жазбас бұрын мәтінді жобалап алудың, қате жібермеу үшін де тигізер пайдасы мол. Жазу процестерінің аналитикалық жағы неден көрінеді десек, ол әңгімеленгелі отырған уақиғаға сай келетін сөздерді таңдап алу, аналитикалық процеске жатады, ал осы сөздерді мәтіннің ішіне енгізу синтетикалық процесс болып есептеледі. Субъектілер мен предикаттарды және заттың белгілерін көрсететін сөзді іріктеп алу анализ болса, ал синтез – осыларды сөйлемнің ішінде орын-орнына қойып орналастыру болады. Мәтінді бірнеше бөлімге бөлу анализ болса, ал синтез – сол бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру. Мәтінге жоспар жасау жұмысы кезінде анализ іске асса, синтез сол жасалған жоспар бойынша, құрастырып айту, не жазып беру жұмысы болып саналады. 

Психология оқулықтарында бастауыш мектеп балаларының қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады. Сондықтан мазмұндауға алынатын мәтіндер балаларда болатын көңілділік, сенгіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай іріктелуге тиіс.

Сөйтіп, мазмұндама жазу процесінің психологиялық негізі жөнінде аздап болса да мағлұмат алу – оның жүйесін жасап, методикалық тәсілдердің қолайлысын таңдап алуда жол-жоба көрсете алады. 

Оқушыларды мазмұндама жазуға үйретуде дидактиканың негізгі талаптарына сүйенген жөн. Бастауыш мектептерде мазмұндамаға үйрету жұмыстарында басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысы, көрнекілігі, саналылығы, оқушылардың белсенділігі және жүйелілік пен беріктік принципі ескеріледі. 

Мазмұндама оқушылардың жас ерекшелгіне сай бірте-бірте күрделене береді. Жоғары сыныптарда мазмұндама жұмыстары көп жүргізілмейді. Өйткені жұмыстың бұл түрі кең көлемді шығарма жазуға дайындық ретінде қолданылатындықтан, ендігі жерде шығарма жазуға ауысады.


1. Мазм±ндамалар жинаќтарына талдау жасау


«IV-XI сыныптарда көркем әдебиет шығармаларын оқып үйренуде алға қойылатын негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың тілін байыту, дамыту, ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс, келісті баяндай білуге үйрету» - деп көрсетілген әдебиет бағдарламасының түсінік хатында. [8, 3]

Міне, осы аталған міндетті әдебиет пен тіл пәндерінің ұстаздары жүзеге асыру үшін, оларға көмекші құрал ретінде «Мазмұндама текстерінің жинағы» ұсынылады.

Әр жылда шыққан мазмұндамалар жинақтарын салыстырып, талдайтын болсақ, олардың құрамындағы мәтіндердің заман талабына сай өзгергендігін байқауға болады. Мысалы, 1981 жылы жарық көрген «Мазмұндама текстерінің жинағы» 1973 жылғы басылымға негізделіп жазылғанымен, оған едәуір өзгерістер, қосымшалар еңгізілген. Бірсыпыра аударма материалдар жинақтан алынып тасталып, олардың орнына төл әдебиетіміздің үлгілері берілген.

Жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес тіл дамыту жұмыстарының ең негізгі түрі болып табылатын мазмұндама мен шығарма жаздыруда оның қай түрі, қалай жаздыру керектігі мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларда көрсетіліп отырылған. Мұндай тапсырмалар мәтіндерге үлгі ретінде ғана берілген. Бұдан тіл дамыту жұмысын тіл сабақтарының тақырыбымен ұштастыра, байланыстыра жүргізілуі керек деген міндет туып отырғаны байқалады. Сондықтан да мұғалімдер жинақты пайдаланғанда, тіл тапсырмаларының берілген үлгісін басшылыққа алып, басқа мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн.

1981 жылғы «Мазмұндама текстерінің жинағының» авторлары С.Омаров пен Н. Бәйділдаев мұғалімдердің пайдалануына қолайлы жағын ескеріп, мәтіндерді мөлшермен әр сыныпқа жеке-жеке бөліп берген. Жинаққа қосымша ретінде IV-XI сыныптарда жүргізілетін шығарма жұмыстарының үлгі тақырыптары берілген. Бірақ та авторлар әр мектептің, әр сыныптың өзіне лайық ерекшелігін күні бұрын дәлме-дәл болжау қиындығын айтады. [9, 3]. Сондықтан мәтіндердің әр сыныпқа бөлініп берілуі мұғалімдердің өз сыныбының ерекшелігі мен жүргізейін деп отырған жұмыстың мақсатына қарай еркін таңдап алу, мәтіндерді бір сыныптан екінші сыныпқа ауыстырып пайдалану мүмкіншілігін жоққа шығармайды. 

Жинақтағы материал IV-XI сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту жұмысының төмендегідей түрлерін қамтиды:

а) ауызша әңгіме өткізу;

ә) берілген сұраққа ауызша, жазбаша жауаптар қайтару;

б) жай және күрделі жоспар жасау;

в) мәтіннің көркемдік ерекшелігін және шығарманың тіл, стиль ерекшелігін сақтай отырып, мәтінге жақындата ауызша және жазбаша мазмұндау;

г) мәтіннің формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мәтінді III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;

д) қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек түйінді негізгі мәселелерін ғана мазмұндау;

е) мәтіннен цитат және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;

ж) берілген мәтінге оқушы өз ой қорытындысын қоса мазмұндау;

з) шығарма жұмыстары;

и) сөздік жұмыстары.

Әр сыныпқа арналған жеке бөлімдерде хабарлау-баяндау, суреттеу және байымдау-мінездеу түріндегі шығармалардан тиісті үзінді беріледі. 

Шығармалардың бұл түр-түрлері мазмұндама, шығарма жұмыстарында сыныптың жалпы дайындығына, оқушылардың басым көпшілігін көбірек қызықтыратын тақырыптарға, мұғалімнің алдына қойып отырған мақсатына қарай IV-XI сыныптардың қай-қайсысында болсын белгілі бір дәрежеде қамтылып отыруы керек. Негізінде, IV- V сыныптар үшін хабарлау - баяндау, VI сыныпта суреттеу, VII-VIII сыныптарда байымдау-мінездеу түріндегі мазмұндамалармен жұмыс жүргізу негізгі орын алуға тиіс дейді авторлар. [9, 4].

Мемлекеттік бағдарлама IV сынып оқушыларына көлемі шағын шығармалар мен жеке үзінділерге жай және күрделі жоспар жасай білу керектігін және жоспардың әрбір тармағын сөйлемнің бір түрімен ғана емес, атаулы, хабарлы, сұраулы сөйлем түрлерімен де, цитаталар арқылы да жаза білу керектігін міндеттейді. [9, 4] VI-XI сыныптарда бұл жұмыс тереңдей түседі, бұл сыныптарда мазмұндаманың күрделі жоспарын жасауға көбірек көңіл бөлінеді.

Жинақтағы мәтіндердің басым көпшілігіне мазмұндау жоспары берілді. Бұл берілген жоспарлар мұғалімдердің міндетті қолданылуы үшін емес, оқушыларға жоспар жасату жұмысын шығарманың әр түріне қарай қалай жасау керектігіне үлгі ретінде көрсету, жоспардың әрбір тармағын түрліше сөйлем түрлерімен құрастырудың үлгілерімен таныстыру мақсатымен берілді. 

Кµркем шығарманың жоспарын түрліше сөйлем түрлерімен жасауға оқушыларды үйретіп дағдыландыруда, көрнекті жазушылардың шығармаларындағы жеке тарауларға қойылған тақырыптармен және қысқа әңгіме т.б. шығармаларға қойылған атаулармен оқушыларды таныстыру, сол кµркем шығарманың неліктен солай деп аталғандығына оқушыларға жете түсіндіру мәселелерінен туындап отыр. Осы мақсатпен авторлар жинақтағы жеке мәтіндерді мүмкіндігінше әр түрлі атаулармен атауға тырысты.

Осы мәтіндер бүгінгі күнге шейін өз мәнін жоймаған. Мысалы, «Орман санитары» (Ә. Жұмаділовтың «Қазақстан қорықтары» шығармасынан алынған үзінді), «Шын достық», «Қазыналы Қаратау», «Табиғатты сүй», «Бозторғай мен абжылан», «Тірілген түлкі», «Батыр қыз», «Күй құдіреті» сияқты көрнекті жазушылардың еңбектерінен алынған үзінділер мен ертегілер оқушыларды Отанды, табиғатты сүюге, қорғауға, еңбекқорлыққа, ерлікке, батылдыққа, адал дос болуға үйретеді.

Бірақ та осы жинақты бүгінгі күнде пайдалану мүмкін емес. Себебі ондағы мәтіндерді сараптайтын болсақ, олардың қазіргі заман талабына сай еместігін көреміз. Мәселен, мұнда мынандай мәтіндер кездеседі: «Ленин», «Октябрь шұғыласы», «Қазақ сахарасындағы Октябрь», «Ильичтің балалық шағы және мектептегі кезі», «В.И. Ленин Кашино шаруалары арасында», «Ленин мен балалар», «Жас революционерлердің тапқырлығы», «Ол – комсомол мүшесі», «Владимир Ильич қалай киноға түсірілді», «Сенбілік», «Шаштаразда». 

Аталған мәтіндер көбінесе Кеңес үкіметінің өмірімен байланысты болса, ал 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылған «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағында» қазақтың төл жазушыларының шығармаларынан үзінділері келтірілген. [7, 11]. Бұл үзінділер қазақтың әдет-ғұрпынан, мәдениетінен, тарихынан хабар береді. Мысалы: «Қасиетті домбыра», «Халық перзенті», «Бұқардың соңғы өсиеті», «Батырдың сауыт сайманы», «Туған жер төсінде», «Дарабоз», «Наурыз-тазару күні».

Осы жинақ ешбір өзгеріссіз 2001-жылы қайта басылып шықты. Жинаққа енген мазмұндамалардың мәтіндерін оқу жылы бойында оқушылардың зейін-қабілеттерін жетілдіріп, сауаттылықтарын бекіте түсу мақсатында жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабақтарында пайдалануға болады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет