Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87


Мазм±ндама т‰рлері жєне оларды мењгертудіњ жолдары



бет8/10
Дата11.01.2017
өлшемі1,58 Mb.
#6790
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мазм±ндама т‰рлері жєне оларды мењгертудіњ жолдары

Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады.

Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру талап етіледі. Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуы тиіс:


  1. оқушының өз ойы болуы;

  1. өз жанынан қосымша оқиға қосуы;

  1. өздігінен қорытынды жасауы;

  2. мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мєтінді, III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндауы;

  3. қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқартуы;

  4. кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз (цитата) және эпиграф келтіре отырып мазмұндауы;

  5. берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасауы.

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда методистер Бегман Ысқақ және Эльмира Оразбаева мазмұндаманың мынандай түрлерін ұсынады:

1. Дайын мәтін бойынша мазмұндама;

2. Сурет бойынша мазмұндама;

3. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама. [5. 82-89 беттер].

Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады:

1. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;

2. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;

3. Қысқарта баяндау;

4. Толықтырып мазмұндау.
а) Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау

Мазмұндаманың бұл түрінде мәтіннің мазмұны бүтіндей қайталанбағанмен, түгелге жуық меңгеріледі. Мәтіндегі сөз тіркесі, сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы мүмкін, алайда кейбір жаңа сөздердің, сөйлемдердің, көркемдегіш құралдардың оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкін. Бұл дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па? Мұны әртүрлі түсінуге болады. Бірінде оқушы мәтін мазмұнын терең меңгеріп, ондағы кейбір сюжеттің, көріністің, өзіне ұнаған сөз йірімнің бастапқы қалпын сақтағысы келсе, кейбір оқушы мәтін мазмұнын өз сөзімен беруге сөз қолданыс, сөйлем құрау дағдыларының қалыптасуынан шығарма авторын сөзбе-сөз қайталауға әкеліп соғады. Бірінші жағдайда, сол жазған мазмұндамасындағы жаңадан игерген сөз қолданыстары оқушының актив лексикасына айналса құба-құп. Ал, өткінші, тек баға алу үшін бір-ақ рет пайдаланып, кейіннен жадынан шығарса, онда алға қойған мақсаттың орындалмағаны.

Мазмұндама жазғанда көркем мәтінді қаз қалпында қайталауға жол бермеу үшін белгілі әдіскер-ғалым С. Тілешева мұғалімдердің мына мәселелерді мазмұны тартымды, оқиғасы қызғылықты, көркемдік қуаты жағынан жоғары талапқа сай мєтін тањдауын, мазмұндама жазар алдында мәтінді оқу, әңгімені негізгі бөлімдерге бөліп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тілін талдау, т.б. жұмыстарын орындатқан жағдайда мәтіндегі барды қайталау болмай, мазм±ндама нағыз шығармашылық жұмысқа айналатынын айтады. [10, 21]

Жазу техникасы: мазмұндама жазылатын мәтін, ең алдымен, сыныпта мәнерлеп оқылады. Қандай да болмасын әсерлі шығарма ұсынылғанмен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, қызығушылық сезімін тудыра алмайды. Өйткені мазмұндама мәтіндерін оқушыларға оқып беруде мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болуының маңызы зор. Бұл жөнінде орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинский: «…Бізде анық дауыстап, ырғағына келтіріп, әсерлі етіп оқи алатын мұғалім табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, алайда зейіні жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет», - дейді. [11, 84]

Бала психологиясын жете зерттеген А.С. Макаренко да балалармен қарым-қатынаста дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Ол балаларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы керек екенін айтады. Сондықтан мазмұндама мәтінін оқығанда мұғалім дауыс ырғағын бірқалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты көңіл бөлгені жөн.

Мәнерлеп оқуға екі түрлі талап қойылады. Олар – физикалық және психикалық. Біріншіден, оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бірқалыпты сақтау болса, ал екіншісіне, оқудың ритмін сақтау, сөзді анық айту, бір қалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру, т.б. жатады.

Міне, сондықтан мазмұндама мәтінін мұғалімнің өзі оқып бергені жөн. Одан кейін мазмұны айтылып, мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестері (фразеологизмдер) түсіндіріледі. Мазмұндау жоспары түзіледі. Алғашқы кезде мұғалімнің көмегімен, кейіннен оқушылар өз беттерінше жоспар құрады. Жоспар жазылмақшы мәтіннің мазмұнына байланысты жай және күрделі болып келеді. Мәтінге жоспар құру, оның мазмұнын жоспарлап жазу дегеніміз – мәтін мазмұнын бөлім-бөлімге бөліп беру деген сөз. Мәтінді жоспарлау – оқылған шығарманың мазмұнын жүйелі беру, ондағы оқиғаның, іс-әрекеттің орындарын алмастырып алмау үшін қажет. Жоспарлау мәтіндегі әңгіме болып отырған негізгі мәселені тани білуге баулиды. Мәтінге жоспар жасау, әдетте, жай жоспар, күрделі жоспар жолымен жүзеге асырылады.
є) Мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, баяндау формасын өзгертіп мазмұндау

Мұнда I жақта баяндалған мәтінді III жақта, өткен шақта құрылған мәтінді келер шақ формасында өзгерте мазмұндау.


б) Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың келесі түрі – ықшамдап мазмұндау

Мазмұндаманың бұл түрінде берілген мәтіннің айтылайын деген негізгі ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып, ең негізгі, түпкі ойды жазады.

Қысқарта, ықшамдап мазмұндаудың да өзіндік маңызы бар, өйткені әңгімедегі іс-әрекеттердің негізгі мен қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады. Мәтінді ықшамдау барысында әңгімедегі қосымша детальдардан түйінді ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып, қажетті материалды жинақтауға, көп ойды аз сөзбен беруге, пікірін қысқаша баяндауға дағдыланады. Ұсынылып отырған мазмұндаманың бұл түрін оқушыларды сөзді талғап, таңдап қолдануға, сөйлемді жинақы құруға, аз сөзбен көп мағына беруге, тілін ширатуға септігін тигізеді.
д) Дайын мәтін бойынша жазылатын мазмұндаманың келесі бір түрі – толықтырып мазмұндау

Бұл жоғарыда айтылған ықшамдап мазмұндауға керісінше берілген әңгіме мазмұнын толықтырып, кеңейтетін, ұсынылған ойға тың пікірлер, жаңа сюжеттер тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мақсат етіледі.

Жұмыстың бұл түрінде бұл әңгіменің қысқаша мазмұны беріледі. Негізгі ой ұсынылады. Оқушы өз жанынан берілген ойды күшейтетіндей детальдар қосып, мәтінді толықтырады. Жаңа сюжеттер қосып, баяндалған іс-әрекетті дәлелдей түседі. Мұндай жұмыстар оқушылардың таным процестерін дамытып, тілін ширатады.

Мазмұндаманың бұл түрін жаздыру мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді. Тыңғылықты дайындалуын қажет етеді. Ұстаздардың үнемі есінде болатын мәселе: оқушыларға ұсынылатын мәтіндер мазмұнына олардың күнбе-күн араласып, көріп-біліп жүрген етене таныс зат, құбылыс, оқиға және іс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар сонда ғана жұмыс барысында онша қиналмай, тез төселіп кетеді.


1.2 Сурет бойынша мазмұндама жаздыру
Жұмыстың бұл түрін жүргізуде дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндамаға ұқсас жүргізіледі. Олай дейтініміз, мұнда да әңгіме мәтінін мұғалім алдын-ала әзірлейді. Бұл жұмыстардың бір-бірінен айырмашылығы сөз болып отырған мазмұндамада дайын мәтінге қосымша сол оқиға желісін ашатын сурет болады. Жұмыс барысында қылқалам туындысын пайдалана отырып, мазмұндама жазу оқушылардың сурет мазмұнын түсінуге, шығармада бейнеленген зат не құбылыстарды бейнелі де көркем сөзбен өрнектеуді үйретеді. Баланың эстетикалық талғамын байытып, шығармашылық қиялына қанат бітіреді.

Суретті пайдалана отырып жазылатын мазмұндаманың мынандай түрлері бар:



  1. Белгілі оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама;

  1. Бір оқиға мазмұнын ашатын сюжетті суреттер арқылы жаздырылатын мазмұндама.

Сурет және сюжетті суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндамаларды түрлендіріп өтуге мүмкіндік мол. Атап айтқанда, сюжетті сурет бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі қайырымдар мен сөйлемдердің орындарын ауыстырып беріп, оны суреттің сюжетіне байланысты түзеттіріп немесе орны ауыстырылған суреттерді мәтін мазмұны бойынша жүйеге түсіретін түрлері оқушының ойлауы мен қиялын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады.

  1. Сурет бойынша мазмұндаманы мына жүйеде жүргізуге болады:

Алдын-ала дайындалған қыс келбеті бейнеленген суретті іліп, сұрақ-жауап тәсілі бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі.

  1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны немен дәлелдейсіңдер?

  2. Суреттің алдыңғы жағында кімдер көрінеді? Олар не істеп жүр?

  3. Балалардың көңіл-күйлері қандай?

  4. Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар?

  5. Суретке қандай ат қоямыз?

  6. Қандай ой қорытындысын жасаймыз?

Суреттің мазмұны жоғарыдағы жоспар бойынша талқыланып, сұрақтарға дұрыс берілген жауаптар іріктеледі.

Мұғалім осы сурет бойынша дайындап келген мәтінді мәнерлеп оқып шығады.

Мұғалім мазмұндама мәтінін оқып болған соң, әрбір қайырым суретпен салыстырады. Балаларға мағынасы түсініксіз деген сөздер мен сөз тіркестері синоним сөздер арқылы түсіндіріледі. Кейбір сөздердің орфографиясын есте сақтау қажеттілігі ескеріліп, тақтаға жазылады.

Ұжым болып мазмұндаманың жоспары түзіледі.

Жоспардың үлгісі:


  1. Таңертеңгі табиғат көрінісі.

  2. Өзен жағасында.

  3. Балалардың қызығы.

  4. Балалар соққан аққала.

  5. Қорытынды.

Мәтін мазмұны құрылған жоспар мен суретті салыстыра отырып бірнеше оқушы айтып шығады.

Мұғалім қорытынды жасайды. Балалар мазмұндама жазуға кіріседі.


1.3 Сюжетті суреттер арқылы мазмұндама жаздыру
Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін алдын-ала мәтін дайындайды. Сол әңгіме мазмұнына сай бірнеше суреттер әзірлейді.Мұғалім дайын мәтіннің мазмұнын жоғарыдағы біз ұсынған әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларға меңгертеді.

Әңгіме мазмұнын толық меңгертіп алғаннан соң, балалардан ұсынылып отырған мәтін мазмұнына сай қанша сурет салуға болатыны сұралады. Оқушылар өз нұсқаларын алып, ұсыныстарын дәлелдеуге тырысады. Нәтижеде мәтінді негізгі бөліктерге бөлуге, баяндалған оқиғаның құрамды бөлшектерін тануға, ең бастысы – ондағы идеяны тап басуға дағдыланады. Сюжетті суреттер арқылы мазмұндаманың тағы бір ерекшелігі, біріншіден, сөзден сурет, екіншіден, суреттен сөз тудыру қабілеті қалыптасады. Яғни, шәкірттердегі ойлаудың абстрактологикалық түрінің дамуына игі ықпал етеді.


1.4 Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама
Оқушының өмірге белсенді позициясын оның адамгершілік мінез-құлқының қажетті жағдайына айналатындай етіп қалай қалыптастыру керек? Жеке бастың белсенділігінің қандай қырларын осы процеспен байланыстыруға болады? Бұл сұраққа танымал ғалым Т.И. Шамова оқушының танымдық әрекеті қиял мен ойлау белсенділігіне, сыртқы әсер ішкі белсенділіктің нығаюына себепші, оның өтуіне бақылау жасаушы орта болып саналатындығына байланысты дегенді айтады. Әрине, аталған әрекеттің жемісті болуына септесетін фактор бұл ғана емес, өз бетінше қиялдау мен ойлауды да белсенді ету керек. Академик А.Д. Александров бұл орайда мектеп балаларға тек білім беріп қана қоймай, өз бетінше ойлауға да тәрбиелейтіндігін, ал мұның өз қоғамының саналы мүшесіне керек қасиет екендігін атап айтады. Бұл тұжырымды академик М.А. Лаврентьев те қостайды.

Оқушының өз бетінше ойлауын проблемалы ситуация туғызу негізінде қалыптастыру керек, шығармашылық ойлау оқушылардың кез-келген танымдық мәселесін шешуде әр алуан тәсілдерді іздестіру процесінде жүзеге асырылады.

Оқушының өз бетінше ойлау қызметін белсенді етудің жолы проблемалы ситуация туғызу, ең тиімді тәсіл екендігін осы салада ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысқан ғалымдардың көпшілігі қуаттайды. Сонымен бірге, қабілеттілік, әсіресе, оқушылардың өз бетінше ойлау қызметі процесінде табысты дами түсетіндігі айқын. Осыған орай ойлауды белсенді ету үшін проблемалы оқытуды қолдану тиімді болмақ. Танымал психолог С.Л. Рубинштейн өз бетінше жұмыс істеу саналы әрекеттің қалыптасуына негіз болады. Міне, сондықтан оқушының шығармашылық ойлауын дамытуда дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздырудан гөрі, аяқталмаған мәтін бойынша жұмыс жаздыру анағұрлым тиімді.

Оқушылар мазмұндама мәтінін сәтті аяқтауы үшін логикалық байланысқа түскен сюжет ойластырумен бірге оны көркем тілде баяндап жеткізу талап етіледі. Белгілі бір толық мәтінді түзу үшін оқушылардан ұшқыр қиял мен шығармашылық ойлауды талап етеді. Егер оқушы мазмұндаманы талап деңгейінде орындап шықса, оның тасасында ұзақ ойлау процесі тұрғандығын естен шығармағанымыз жөн. Сол себепті оқушыларға мұндай қасиетті қалыптастыру үшін қажетті ситуация туғызылады деп түсіну керек.

Аяқталған мәтін бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат – оқушыларды өз бетінше сюжет ойлап, әңгімені әрі қарай жалғастыра отырып, сәтті шешім тауып аяқтауға дағдыландыру.

Бұндай жазба жұмысының түрінде мазмұндама мен шығарманың элементтері кездеседі. Бұрын ылғи дайын мәтінмен жұмыс істеп қалыптасқан оқушы алғаш рет өз ойынан әңгіме құрап, өзіндік ой қорытындысын жасайды. Оқушы мазмұндама мәтінін сәтті не сәтсіз аяқтауы мүмкін. Ол басты мұрат емес. Мұғалімнің негізгі мақсаты – баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзіндік «менінің» қабілетіне қанат бітіру, қайнар бұлағын ашу. Бала бойындағы «туа біткен тілдік қабілетін» ояту. Мұғалім бұл жұмысты «жеңілден ауырға қарай жүру» принципі негізінде істейді.

Алғаш рет оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған әңгіменің оқиға желісі, сюжетті суреттер арқылы бағыт-бағдар беру негізінде жүргізіледі. Демек, оқушылар аяқталмаған мәтінді сюжетті суреттерге және ұжым болып құрылған жоспар негізінде жазып шығады. Атап айтқанда:

а) келесі кезеңде аяқталмаған мәтін, жарты түзілген жоспар, әңгіме соңына бағыт-бағдар беретін сюжетті суреттер негізінде мазмұндама жаздыру;

ә) аяқталмаған мәтін мен әңгіменің, сәтті тұжырымдауға сілтеме жасайтын жоспар негізінде мазмұндама жаздыру;

б) соңына дейін түзетілмеген жоспар мен аяқталмаған мәтін арқылы мазмұндама жаздыру.

Міне, осылайша, мазмұндама жаздыру бірте-бірте күрделеніп, оқушыларға «өнер алды» болып табылатын тілдің қыр-сырын игертуге, байланыстырып сөйлеуге игі ықпал етеді.

Ал методист-ғалым Рахметова С. бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келіп мынадай түрлерін көрсетеді: дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама [13, 150]

Ғалымдардың пікірінше мазмұндаманың соңғы түрі әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға күшті әсерін тигізеді. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бүл жөнінде Я.А. Коменский мұғалім үшін «Алтын ереже – бала сезім арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын т.б. Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы», - дейді. [8, 156]

Оқушылардың белсенділігін арттырып сөйлеуге үйретуде техникалық құралдардың алатын орны мен пайдасы жөнінде баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен кітаптарда талай айтылды. Әсіресе қазақ мектептері үшін мұндай құралдардың жетімсіз екенін басым көрсетудің нәтижесінде соңғы кездері қазақ тілінде шығарылып жатқан диафильмдер, фильмдер молшылық. Мұндай фильмдер әңгімелер бойынша да («Елтай екілік елінде», «Біздің аналарымыз» т.б.), танымдық материалдар бойынша да жасалуда.

Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда да балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. Бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте-бірте үйреткен дұрыс. Экран материалдарын игеру де күрделі жұмыс. Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін реминисценсия құбылысына байланысты, яғни бұл балалардың эмоциясы жоғары болғандықтан, оны тежеуге шамалары келе бермейтіндіктен, олар кинодан көргендерін іле-шала ұмытып қалады, ал кейін бірте – бірте естеріне түсуі мүмкін. Сондықтан кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жүргізуде мұндай ерекшеліктерді ескеріп (диафильмді көрсете салып, оның мазмұны бойынша мазмұндама жүргізу нәтижесіз болатындықтан), біраз уақыт өткізіп барып сұраған жөн. Мысалы, «Жол жабық» диафильмін көрсеткеннен кейін, 11 – сыныптың «Қазақ тілінен» «Қырағылық» әңгімесі оқылып, оның мазмұны сұрақ – жауап арқылы талқыланады. Келесі сабақта балалардан қандай фильм көргендері, онда не жөнінде әңгіме болғаны сұралады. Фильмді екінші рет әр кадрына тоқтап, мазмұнын ашып, кеңірек түсіндіру үшін тағы көрсетуге де болады. Қандай да болмасын, кино, диафильм көрсетілгенде оны не «Ана тіліндегі» материалдармен байланыстыру, немесе мұғалімнің өзі алдын- ала мәтін құрастырып алуы керек. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.

Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте-бірте күрделеніп отыру жағын мәтін таңдағанда мұғалім ескеруі тиіс. Мәтін оның ішіндегі көріністері жағынан болсын, сөздік, синтаксистік жағынан болсын бірінен екіншісі аз-кем қиындау болу керек.

Егер де жоғарғы сыныптарда мазмұндалатын мәтін тек қана мәнерлеп оқылатын болса, бастауыш сыныптарда мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын-ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іліп қояды. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, «Қарлығаш пен торғай» әңгімесін алайық. «Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Қарлығаштар түгел жиналды. Олар торғайды ұядан қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өзінің ұясына қайтадан қоныстанды». (33-сөз).(«Мазмұндамалар жинағы»)

Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардың торғайды, қарлығашты көрген-көрмегендерін, бұл құстарды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір-бірінен қандай өзгешеліктері барын, бұл құстар жөнінде қандай ертегілер, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да яки сол мазмұндама жазатын күні ұйымдастыруға да болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтіп салынған суреті немесе муляжын пайдаланған тиімді.

Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтін ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды сөздері түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдер арқылы (дайын - әзір, шамасы келмеу - әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу – ұяға кіріп алу, ұяны меншіктеніп алу, ұяны иемдену, т.б.) ұғындырылады. Сонан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты сөздер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасында берген жөн. Ал кейбір әртүрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, оқушыларға сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын-ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.

Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша мынадай сұраулар қоюға болар еді: Қарлығаш не салды? Ұяға кім орналасып алды? Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды? Көп қарлығаш ұядан кімді қуып шықты? Қарлығаш қайда қоныстанды? Жазуға кірісер алдында тақтадағы сұрақтардың құрылысы мен тәртібін өзгертпей, ондағы сұраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дұрыс.


    1. Оќушыларды мазм±ндама жазуѓа ќызыќтыру

Неліктен балалар мазмұндама жазуды аса ұната бермейді? Біздіңше, мұғалімнің мазмұндаманы өткізуіне байланысты (бір сарынды, қызықсыз ғып өткізсе, әрине, балалар қызықпайды), екіншіден, мазмұндаманың негізгі мағынасын сақтай отырып, жоспар бойынша басқа біреудің ойын жеткізу қиын, үшіншіден, мұғалімнің айтқанымен, дайын оймен, ұсынылған бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бұл оқушы үшін қызықсыз және баланың ешқандай шығармашылығы дамымайды, мазмұндаманы құлықсыз жазады.

Оқушыларды мазмұндама жазуға қалай құлшындыруға болады? Ол үшін мұғалім мазмұндама жазудың басқаша жолын қарастыруы керек, екіншіден, бұрынғы жаздырып жүрген үлгіден (классикалық) бас тартудың қажеті жоқ, қайта оны жаңа әдістемемен байланыстырып өткізгені жөн. Оқушылардың шығармашылығын, ынтымақтастығын, белсінділігін арттыру үшін өздері жасап шығарған ережесін жұмыс барысында басшылыққа алған абзал. Тіпті оны көрнекті жерге іліп те қоюға болады.

Жұмыс жасаудың ережелері мыналар:



  • Жұмысқа белсенді қатысу;

  • Бір-бірінің сөзін бөлмей тыңдау;

  • Бір-бірін мұқатпау;

  • Сөйлеушінің (айтушының) пікірін құрметтеу.

Мысал ретінде бір мазмұдама сабағының өткізілу жоспарын талдап өтейік.

Сабақ тақырыбы: «Жаман жолдас».

Мәтінді алдын-ала бес бөлікке бөліп, сұрақтары дайындалып қойылады.

1-қадам. Балалардан «жолдас» сөзін қалай түсінетінін, осы сөзге мағыналас (синоним) сөздерді табуын сұраймыз. Балалар әртүрлі жауап береді: «бірге оқитын», «құрбы», «дос», «серік», т.б. Әр оқушы өз жауаптарын жобаға жазады.

2-қадам. Мәтіннің аты оқылады: «Жаман жолдас». Сұрақ қойылады: «Балалар әңгіме кім (не) жайлы болады?» «Екі дос жайлы», «Жаман адам» туралы, т.б.

3-қадам. Оқушылардан әңгіменің басын тыңдау сұралады. Мәтіннің белгіленген жерге дейін I бөлігі оқылады: «Екі дос жігіт жол үстінде келе жатып, бір Аюға ұшырасыпты. Бұл екі жігіттің біреуі әлсіз, ауру екен де, екіншісі мықты екен».

Балалар мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтіннің бірінші бөлігін мұғалім белгіленген жерге дейін оқып болған соң, оқушыларға сұрақ қойылады. (Ескерту: әңгімелесу, пікірлесу, әр бөлікпен жұмыс төмендегі сызба бойынша жүргізіледі: мұғалімнің сұрағы жеке ойлану жұппен талқылау жобаға жазу топпен талқылау).



  • Аю деген не?

  • Ол қайда өмір сүреді?

  • Екі достың түр-пішінін жазушы қалай сипаттайды? («Біреуін – ауру, әлсіз; екіншісін – мықты»).

Мәтіннің бұл бөліміне қандай ат қоюға болады? (Әр оқушы өз жобасына өзінің бөлімге қойған аты, ақын ойын жазады жұппен талқылайды топта айтады: «Жолдас», «Жол үстінде», «Орманда», т.б.)

Ескерту. Мұғалімге тақтаға әр бөлімнің шартты атауын жазудың қажеті жоқ. Себебі тақтадағы жазылған жоспарды балалар үлгі есебінде пайдалануы мүмкін. Онда жұмыстың мұндай түрі оқушылардың ешқандай шығармашылығын, өз бетімен жұмыс жасауын дамытпайды. Олар тек мұғалімнің шешімін ғана күтіп отыратын болады.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың бастамасы бойынша мәтіннің не жайлы болатынын айтуға бола ма? («Болады, меніңше екі дос туралы», «қиындау, міндетті түрде бірдеңе болатын шығар»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет