13.Артериялық қансырауды барынша бүгу әдісті қолданып уақытша қанды тоқтату үшін іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: ширақ және жұмсақ заттар жоқ кезде, қансырауды тоқтату үшін буында барынша бүгу әдісті қолдану.
1.Бұғана астындағы артериядан қан кеткенде қанды тоқтатуға болады: бұғананы қабырғаға қысу – ол үшін иықты барынша арт жаққа апарып, байламмен немесе косынкамен буында бекіту.
2. Иық артериядан қан кеткнде:
Шынтақ буында білек сүйектерін барынша бүгіп, иықты, білектерді ортаңғы бөлікте нақты бекітіп, байламмен немесе косынкамен бекіту.
Тақым астындағы артериядан қан кеткенде:
Аяқты тізе буында барынша бүгіп, осы жағдайда байламмен немесе косынкамен бекіту.
Сан артериядан қан кеткенде: сан сүйегін шап аймағында барынша бүгіп, байламмен немесе косынкамен бекіту.
Есте қалдыру:
Аяқ-қолдардың барынша бүгу жеріне алдын-ала пелот мақтадан, марліден немесе басқа материалдан жасалған орналастыру қажет.
14.Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмек көрсеткен кезде
іс- әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: Мұрынның кілегей қабатының қансырауды тоқтату үшін, мұрын қуысының қабыну ауруларында, геморрагиялық диатезде, жүрек ақауларында, гипертониялық ауруларда (криздер).
Құрал -жабдықтар:
Резеңкелі қолғаптар
Лоток, мұз, дәке, клеенка
3% сутегі асқын тотығы флаконы, 3% хлорамин ерітінді
Дез.ерітінді бар ыдыс.
Іс-әрекетінің алгоритмі;
Резеңкелі қолғап кию
Пациентті отырғызып, бас жағын алға еңкейту
Пациментке лоток беру қанды жинау үшін
Пациентті тыныштандыру, ескерту, ауызға жиналған қанды лотокқа түкіріп отыру – бұл қансыраудың көлемін анықтау үшін қажет.
Дәкеге мұзды орап мұрынға, кеңсірікке қою.
Мұрын қанаттарын мұрынға 3-5 минутқа 2 саусақпен қысу, егерде қан тоқтамаса.
Марлелі турундаларды 3% cутегі асқын тотығы ерітіндісіне матырып, мұрын ішіне енгізу.
Тоқтамайтын қансыруда, марлелі турундуларды 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне матырып, пинцетпен мұрын ішіне тереңдікке 24-48 сағатқа дейін енгізу.
Мұрынға пращ тәрізді байлам салу.
Лотоққа қанды дез ерітіндіге 1 сағатқа салып қою.
Резеңкелі қолғапты шешіп, дез ерітінді ыдысқа салу.
Зәмбілге салып паицентті жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау.
Есте қалдыру:
Қансыраду біржолата тоқтату үшін, мұрынның алдыңғы тампонадасы, емдік ауруханада артқы тампонадамен өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |