Есте сақтау керек:
Егерде, ширақ болмаған жағдайда, пациенттңғ сау жағынан қолын орналастырып, ширақпен бекітеді. Бұнда, құрсау ретінде иықты қолданады.
11.Қансырап тұрған тамырға қанды тоқтататын қысқыш салған кезде іс –әрекет алгоритмі
Көрсеткіші: Артериялық қансырауды уақытша тоқтату.
Құрал -жабдықтар:
екі үшкір ілгектер
қанды тоқтататын қысқыштар
таңу материалдар
резеңкелі қолғаптар
дез ерітінді бар ыдыс
бинт
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Резеңкелі қолғап кию
Заласыздандырылған лоток, екі үшкір ілгектер, қанды тоқтататын қысқыштар дайындау.
Жараның шетін ілгектермен ашу.
Қансырап тұрған тамырдың екі шетін табу.
Залалсыздандырылған қысқыштармен тамырдың шетін ұстап бекіту.
Жарамға асептикалық байлам салу.
Зәмбілге салып, пациентті ауруханаға тасымалдау.
Резеңкел қолғапты шешіп, дез ерітінді ыдысқа салу.
12.Қысып тұратын байлам салған кездегі іс-әрекет алгоритмі
Көрсеткіші: Жұмсақ тіндер жарақаттанған кездегі көктамырлы қансырауды тоқтату.
Құрал -жабдықтар:
1% иодонат флаконы
Залалсыздандырылған салфеткалар
Бинт, мақта, жеке таңу пакеті
Лоток, қайшылар, пинцеттер (3)
Резеңкелі қолғаптар дез.ерітінді бар ыдыс
Іс-әрекетінің алгоритмі;
Резеңкелі қолғап кию
Жараны, тіндерді тексеру
Жара аймағын 1% иодонатпен өңдеу (ортасынан шетіне дейін) екі рет
Пинцетті айырбастау
Жараның бетін 1% иодонатпен өңдеу (сорғыш әдісімен)
Пинцет арқылы жараға залалсыздандырылған салфеткалар салу, бет жағына бинт, немесе қатты шиыршықталған гигироскопиялық мақта.
Таңу материалды бинт байламмен бекіту.Пациентті ауруханаға тасымалдау қансырауды біржолата тоқтату үшін.
Резеңкелі қолғапты шешіп, дез.ерітінді ыдысқа салу.
Есте қалдыру:
Егерде жеке таңу пакеті қолданса, жара бетіне бір жастықшаны оның үстіне екінші жастықшаны орналастырып, бинтпен бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |