17.Құлақтан қан кеткенде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: құлақтың жарақатында қансырауды тоқтату үшін.
Құжаттар:
Резеңкелі қолғаптар;
Бикс тану материалымен;
3% сутегі ақын тотығы флаконы;
Дез.ерітінді бар ыдыс.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Резеңкелі қолғап кию.
Пациентті отырғызып тыныштандыру.
Тану материалы бар лоток дайындау, 3% сутегі ақын тотығы флаконы.
Турундаларды 3% сутегі ақын тотығы ерітіндісіне матырып, құлақ қуысына тығыздап енгізу.
Пациенттің құлағына асептикалық байлам салу.
Пациентті жатқызып, ауруханаға тасымалдау.
Резеңкелі қолғапты шешіп, дез.ерітінді ыдысқа салу.
18.Өкпеден қан кеткенде (қанды қақырық) мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: кеуде қуысының жарақатында (өкпе, бронхтардың жыртылуы), өкпе ауруларынан (туберкулез, ісікте, абсцесстер) қанды тоқтату үшін.
Құжаттар:
Резеңкелі қолғаптар;
Лток, мұз;
Дез.ерітінді бар ыдыс.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Резеңкелі қолғап кию.
Пациентті отырғызып тыныштандыру.
Пациентке түсіндіру қажет жөтелмеу, терең және ақырын демалу, сөйлемеу.
Толық физикалық, психикалық тыныштық сақтау.
Мұзбен лотокты дайындау
Әр 15 минут сайын мұз бөліктерін жұтып отыру.
Пациентті жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау.
Резеңкелі қолғапты шешіп, дез.ерітінді ыдысқа салу.
19.Асқазаннан, өңештен қан кеткенде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: асқазан жара ауырғанда, геморрагиялық гастритке, өңештің көк тамырларының кеңеюінде қанды тоқтату үшін.
Құжаттар:
Резеңкелі қолғаптар;
Мұйық, мұз;
Құсық массасын жинайтын ыдыс;
Дез.ерітінді бар ыдыс.
Дәрілік заттар: 10% 10 мл хлористі кальций, 12,5% этамзилат 2 мл, 5% аминокапрон қышқылы 100 мл.
Достарыңызбен бөлісу: |