Ұзындық өлшем бірлігі
Алғашқы басқышта оқытушы, оқушылардың мөлшер туралы қандай түсінікке ие екенідігімен қызығады. Бұл мақсатқа екі бірдей түсті, бірақ түрлі ұзындықтағы қарындаштар алып, оқушыларға қарындаштарды суреттеп беруді ұсынады. Оқытушы балалардың жауабын бағыттаушы сұрақтармен олардың көңілін қарындаштың ұзындығына аударады, яғни, олардың біреуі ұзындау, екіншісі қысқалау екінін, қарындаштарды бір-біріне салыстыру жолымен дәлелдеуге қол жеткізеді. Оқытушы мұндай жаттығуларды тағы басқа да предметтерде, моделлдерде, суреттерде жалғастырып, оқушыларда әрбір предмет үшін қажетті болған сапа — ұзындық болуын, оларды бір- біріне салыстыру жолымен және болжамдау жолмен анықтау мүмкіндігін түсіндіреді.
Түрлі кесінділерді салыстыру үшін өлшемдерді пайдалану оқушыларды өлшеу процесінің қажеттілігін анықтауға дайындайды. Мысалы: тақтаға ұзындықтары 90 см және 120 см болған екі сызық тартылады. Бұл сызықтарды орналастырғанда олардың қайсы бірі ұзын және қысқа екенін лезде негіздеп берудің мүмкіндігі болмаса, (оларды салыстырудың лажы жоқ). Оқытушы оқушыға ұзындығы 30 см болған өлшемді беріп, оның жәрдемімен сызықтарды бір-біріне салыстыруды сұрайды. Қол жеткізілген нәтиже 3<4 себепті сондай қорытынды шығарылады, сызықтардың біріншісі екіншісіне қарағанда қысқа екен. Сондай жаттығудың ұзындығы 15 см болған өлшеммен де орындалады. Нәтиже 6<8 себепті тағы бұрынғы қорытынды — бірінші сызық екіншісінен қысқалау екені қайталанады.
Оқушыға бірінші өлшемді екінші сызыққа қойып, ал екінші өлшемді бірінші сызыққа қойып өлшеуді ұсынады. Бірінші кезекте 4, екіші кезекте 6 цифыры шығады, яғни, 4<6. Оқытушы “бірінші сызық екіншісінен ұзын шығып жатыр ма?”, “Мүмкін біз жаңылыс ойлаған шығармыз?” деп сұрайды. Пайда болған жағдай оқушыларда өлшеу процесінде мұндай өлшемдерді пайдалану қажеттелігін түсініп жетуге қызмет етеді. Ал бұл мөлшерлердің цифырлы өрнегі өлшем бірлігімен байланыстылықты түсінуге әкеп соғады. Бұл түсінікті түсіну түрлі жаттығулар арқылы қол жеткізіледі. Топтарда, мысалы төмендегі формада практикалық жұмысты өткізу мүмкін. Әр партаға көк түсті өлшем моделі мен екі өлшем кесіндісі (бірі қызыл, екіншісі жасыл түстер) қойылады.
Оқытушы сыныпқа қарап сол жаққа қарай қызыл өлшеммен, оң жақта отырғандар “жасыл өлшеммен өлшейді” дейді. Өлшеу барсында түрлі
цифрлар шығады. Сонда оқытушы балалардың назарын аударып, “Бір нәрсе өлшенсе, түрлі нәтиже шығуы мүмкін бе?” деп сұрақ береді. Оқушылар бұл процес барысында түрлі өлшем бірліктерімен өлшенгенін түсінуі қажет.
Міне осындай тапсырмаларды да беру мүмкін: “Үш оқушы бір өлшемді өлшеді (кесінді алдымен дәптерге сызып беріледі) балалардың бірінің нәтижесі 8, екіншісі 4, үшіншісінде 6 шықты. “Неге мұндай шықты? Олардың қайсы бірі дұрыс?”. Ал оқушылар өлшеу жүргізген балалардың біріншісі өлшем бірлігі ретінде бір торды, екіншісі екі торды, үшіншісі төрт торды алғанын аңғаруы қажет болады. “Нақты өлшеу алып барған балалар өлшем бірлігін анық белгілеп, көрсетіп өткенде барлығы туры болар еді”— деген қорытындыға келуі қажет. Содан соң оқытушы тақтадағы төмендегі шартты жазуларды көрсетеді. 8.., 4.., 2..,..
Міне осы сияқты практикалық жаттығулардан соң оқушылар ұзындықты өлшеу үшін өлшем бірлігі — сантиметрді қолдану керек деген қорытынды жасайды. Оқытушы балаларды сызғышпен таныстырып,оның көмегінде кесінділердің ұзындығын өлшеу шеберлігі түсініледі. Оқушылар бір атаудағы өлшемдерде берілген ұзындықтарды қосу және азайту, кесінділерді ұзарту және салыстыру, ұзындықтардың жалпы қосындысын табу сияқты жаттығуларды орындайды.
8>4>
Достарыңызбен бөлісу: |