Елімізде болып жатқан әлеумкттік-экономикалық қарым-қатынастар, халыққа білім беру жүйесіндегі өзгерістер «Білім туралы» заңда және
«Кадрларды дайындаудың Ұлттық бағдарламада» көрсетілгендей, әрбір бастауыш сынып оқытушыларының алдына маңызды міндеттер қойылуда. Бұл міндеттер бастауыш біліміне тән буындарды ажырату мүмкіндігін береді. Мұндай буындар әр түрлі оқу пәндерінің бағдарламаларында, оқу жоспарларында, оқулықтарда білімнің енгізілуі және методикалық жүйеде бір саланы пайда ету мүмкін.
Мемлекеттік білім стандарттары оқу пәні бойынша оқу-методикалық жиынтықтар (бағдарламалар, оқу жоспары, оқулықтар) жазу үшін мүмкіндіктер жасаумен бірге оқу пәнаралық байланыс және білімдерді сәйкесетендіру принципі негізінде оқу пәндерінің өзара байланысы мен пәнаралық байланысын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Бастауыш сынып оқытушысының методикалық дайындығы дегенде оның ғылыми дүниетанымы негізінде математиканы оқытудың методикасын жалпы педагогикалық және психологиялық сондай-ақ, математикалық дайындығымен үздіксіз байланыстағы дайындығын түсініледі. Мұндай дайындықтың міндетіне бастауыш білім саласында математикадан белгілі білімді иелеу және оыушыларды оқыту арқылы тәрбиелеуді игеру жатады.
Методикалық және математикалық дайындық бастауыш сынып оқытушысының дайындығының құрамдық бөлігі саналады, сондықтан да оны оқытушының тәлім-тәрбиелік қызметінен бөліп қарауға болмайды. Екіншіден математиканы оқыту бастауыш сыныптың бсатапқы кезеңі яғни, оқушыларды алдағы математика курсын меңгеруге дайындаудың кезеңі болып табылады. Математикадан бастауыш білімнің бұл екі аспекті (бастауыш білімнің құрамдық бөлігі мен математикалық дайындығы) методикада өзінің лайықты көрінісін табуы қажет.
Бастапқы математика курсы оқушылардың ой-санасының дамуына жәрдем береді. Сондай-ақ бастапқы білімдердің жеке кешенін құрайды, екіншіден қажетті методологиялық елестері мен пікірлердің логикалық құрылымын қалыптастыруға бағытталған болады
Психологтар 6-10 жас баланың пікірлеу қабілеттерінің қалыптасуындағы жауапты кезең екенін дәлелдеген. Сондықтан бастауыш білім методикасының, әсіресе, математикадан басатауыш білім методикасының міндеттерінің бірі – оқытудың жоғары нәтижелілігін арттыруды қамтамасыз етуде оқытуды оқушылардың ой-санасының дамуына әсерін жеделдетуден тұрады.
Математикадан бастапқы тәлімдік-тәрбиелік міндеттерді теориялық білім жүйесінің негізінде ғана орындау мүмкін. Бұл ғылыми дүниетаным, психология, дидактика, математиканы оқытудың теориясын (математика дидактикасы) өз ішіне алады. Дегенмен, тек қана теориялық білімдердің өзі
жеткілікті емес. Оқытудың белгілі бір мазмұнын және оқытушылардың саналық қызметінің деңгейімен әсерленетін ол немесе бұл оқудың бағыты үшін нәтижелі тәсілдерді қолдана білу сабаққа дайындалуда немесе сабақтың өзінде пайда болатын анық методикалық міндеттерді орындай білу қажет.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың саналық тұрғыдан дамуына негіз қаланады, сол себепті бастауыш сынып оқытушысы үшін оқушылардың саналық қызметінің дәрежесі мен мүмкіндіктерін білу және оларды есепке алу қажет.
Практикада теориялық білімдерді пайдалану кезеңінде пайда болатын түрлі методикалық мәселелер шешілуі тиіс.
Методикалық мәселелер әрбір сабақта пайда болады, сонымен қатар олар бір мәндегі шешімге ие емес. Оқытушыдан сабақта пайда болатын методикалық мәселенің осындай жағдайда ең қажетті шешімін тез таба білуі үшін бұл салада жеткілікті дайындықты талап етіледі.
Бастауыш білім методикасы оқыту құралы ретінде дидактикалық ойындардың логикалық және математикалық тұрғыдан мазмұн жағынан жеткіліксіздігі себепті дидактикалық ойындардан пайдаланады және үйренілген материалдарды тек қана нығайту құралы ретінде пайдаланылады.
Балаларды 6–7 жастан бастап оқытуда проблемалар (ділгірліктер) туындайды. Бұл бала-бақша мектептерінде оқыту арқылы шешіледі. Санауды үйрену, қосу мен көбейтуді бірінші басқышта үйрету (20 ішінде) бастауыш білімнің негізгі міндеті болып келген. Бірақ, мұндай міндет жеке болып қалмай, оқушыларды математиканы үйренуге кең түрде және жан-жақты дайындау жұмысының құрамдық бөлігі болған екі негізгі жолмен белгіленеді: 1) педагогикалык жол, яғни, балалардың пікірлеуін қолданылатын математикалық пікірталастарға дайындау; 2) математикалық жол, яғни, оқушыларды ең негізгі математикалық түсініктер мен натурал сандарды және геометриялық формалардың түсініктерін үйренуге дайындау.