Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет



бет6/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

Сабақтың барысы. Сабақты мақсатқа орай бастау қажет, яғни, барлық оқушылар оқу міндеттерін белсенділікпен орындауға кірісетін болсын. Сол мақсатта үлкен болмаған өзіндік жұмыстарды үлестірмелі қағаздарға жазып бару қажет. Ал, мұндай жағдай оқушылардан мәселенің шартын жазбай, есептеу нәтижелерін ғана жазуды талап етеді. Осындай өзіндік жұмыстар оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындайды.
Сабақтың бірінші бөлімінде егер үй жұмысы мазмұндық тұрғыдан жаңа материалға байланысты болса, оны тексеру де мүмкін. Керісінше, егер үй жұмысы жаңа тақырыпқа байланысты болмай, жаңа тақырыпты өтуде оны оқушылар қолдамаса ондай жағдайда жаңа білімдерді баяндау сабағында үй жұмысын тексеру қажет емес. Сөйтіп, сабақтың бірінші бөлімі оқушылардың белсенділігі мен назарын бағыттауға қаратылған болуы керек және бұл басқышта көп уақыт жұмсамау тиіс.
Оқушылардың назарын бағыттау әдістерінің тағы бір түрі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсінікті етіп жариялау. Мұнда әрине, оқушылардың қызығуын арттыру және проблемалы жағдай жасау қажет. Мысалы: оқушылар тек қана есептеудің ауызша түрімен таныс болса, оларға екі үш таңбалы санды қосу ұсынылса, мұндай жағдайда оқушылар өздерінің артықша білім мен іскерліктерін қолданады. Оқушылар белгілі қиындықтардан өтеді. Сөйтіп алдын-ала үйренілген есептеу кезеңімен бұл мысалды орындаудың ешбір қиындығы жоқ екеніне сенеді. Жаңа ауызша әдісті меңгеру қажет. Сабақ міне сондай әдістерге арналған болады.
Екінші жағдайда сабақ барысында оқушылармен қысқа сұхбат жүргізілуі мүмкін. Мұндай сабақты бір таңбалы сандарды көбейтуді түсіндіруде пайдалану мүмкін.
Жаңа оқу материалын меңгеруге оқушыларды белсенді дайындау мақсатымен алдын меңгерілген материалдар қайталанады. Қайталаудағы материалдар көбінесе ауызша есептеу арқылы орындалады. Сондай-ақ, жаңа материалды меңгеруге негізделген мысалдарды шешуге де болады.
Сабақтың екінші бөлімінде жаңа математикалық түсінік беріледі немесе арифметикалық мысалдардың жаңа түрі шешіледі. Бұл оқушылардың баяндауы немесе сұхбат арқылы жүргізіледі. Кейде оқушыға еркін таңдап алу да ұсынылады. Мысалы бұрын өтілген тақырыпқа байланысты мысалды шешу көзделіп отырса, ондай жағдайда оқушылар бұл мысалды нығайту, еркін шешу арқылы өздерінің білім мен іскерліктерін арттыру мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет