Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет



бет4/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)

Бақылау үшін сұрақтар


  1. Бастауыш сынып математикасы методикасының предметі неден тұрады?

  2. Математика методикасының педагогика және психология, педагогикалық технологиямен байланысы неден тұрады?

  3. Математика методикасы бастауыш білімнің басқа да методтармен байланысын жүзеге асырудағы пәнаралық байланысының маңызы неде?



  1. §. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасы оқу предметі ретінде


Математика оқыту методикасы ең алдымен кіші жастағы оқушыларды жалпы жүйеде оқыту мен тәрбиелеу міндетін қояды.
Жалы методика бастауыш сынып математикасының мазмұны мен жүйелілігін көрсетеді, әрбір бөлімді оқытудың өзіне тән методтарын үйретеді.
Жеке методика математиканы оқытудың негізделген методтарын және оқытудың формаларын, сондай-ақ, оқу қызметін ұйымдастыру жолдарын ашып береді. Оқыту мен тәрбиелеудің бір-бірімен тығыз байланыстылығы
белгілі. Бұл методика оқытуды тәрбиелеумен бірге жүргізу жолдарын үйретеді.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту методикасы бірнеше пәндермен байланысқан:

  1. оқытудың негізі болған математикамен;

  2. педагогика;

  3. психология;

  4. басқа да оқыту методикаларымен (ана тілі, еңбек...).

Бастауыш сыныпта математиканы оқыту курсы оқу предметіне айналған.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту методикасының оқыту міндеттері:
а) тәлім-тәрбиелік және практикалық міндеттерді жүзеге асыру; б) теориялық білімдер жүйесін үйрену процессін ашып беру; в)оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдарын үйрету; г) білімді адамиландыру;
д) математиканы оқыту барысында адамды еңбексүйгіштікке, өзінің қадір-қасиеті, бір-бірін құрметтеу тәрізді қасиеттерді тәрбиелеуді көрсету;
е) оқыту методикасы I-IV сынып математикасының жалғасы болған V-VI сынып математикасының мазмұнымен байланыстырып оқытудан тұрады.
Бастауыш математика курсының міндеті мектептің алдына қойылған “оқушыларға пән негіздерінен терең білім беруде жаңа технологияны пайдалану, оларға қазіргі заман әлеуметтік-экономикалық білімдерді беру, кәсіпке, өнерге қызықтыру, саналы түрде кәсіп таңдауға үйрету” сияқты міндеттерді шешуде жәрдем беруден тұрады.
Сөйтіп, кез келген басқа оқу пәні сияқты математиканың бастауыш курсын оқытудың мақсаты төмендегідей үш жолмен белгіленеді:



  1. Математиканы оқытудың жалпы білімділік мақсаты;

  2. Математиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты;

  3. Математиканы оқытудың практикалық мақсаты.

Математиканы оқытудың жалпы білімділік мақсаты өзінің алдына төмендегі міндеттерді жүктейді:
а) оқушыларға белгілі бағдарлама негізінде математикалық білім беру. Бұл білім математика пәні туралы оқушыларға жеткілікті мәлімет беру, оларды математика пәнінің жоғары бөлімдерін үйренуге дайындау қажет. Бұдан тыс, бағдарлама негізінде оқушылар оқу барысында алған білімдерін сенімді екенін тексеруді және бақылаудың негізгі методтарын үйренуі тиіс;
б) оқушылардың ауызша және жазбаша математикалық білімдерін құрастыру қажет болады.
Математиканы үйрену оқушылардың өз ана тілінде сөйлеу мәдениетін дұрыс қалыптастыру, өз пікірін нақты баяндау дағдыларын игеруге көмектесуі тиіс;
в) оқушыларды математикалық заңдылықтар арқылы шындықты білуге үйрету.
Мұндай білім беру арқылы оқушылардың елестету қабілеттері қалыптасады және логикалық білімдері одан әрі дамиды.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты өз алдына төмендегідей міндеттерді жүктейді:
а) оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; б)оқушылардың математика пәніне деген қызығуын тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқытушысының міндеті оқушыларда еркін логикалық тұрғыдан пікірлей алу қабілетін қалыптастырумен бірге математиканың заңдылықтарын үйренуге даген ынтасын тәрбиелеу;
в) оқушыларда математикалық ой-сана мен математикалық мәдениетті қалыптастыру.
Математика сабағында үйренілетін амал белгілері, түсінікпен олардың арасындағы заңдылықтар оқушыларды жан-жақты пікірлеуге үйретеді.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың практикалық мақсатының міндеттері төмендегідей:
Оқушыларды математика сабағында алған білімдерін күнделікті тұрмыста кездесетін қарапайым мәселелерді шешуге үйрету, олардың арифметикалық амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру және одан әрі нығайтуда арнайы түзілген мәселелерді шеше алуға үйрету;
г) математиканы оқытуда техникалық құрылғыларды және көрнекі құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Мұнда негізгі назар оқушылардың кестелер мен есептеу құрылғыларынан пайдалана алу дағдыларын құрауға қаратылған;
д) оқушыларды ерікті түрде математикалық білімді иелеуге үйрету. Оқушылар мүкіндігінше, ерікті түрде заңдылық қатынастарын ашуы,
күші жететін деңгейде жалпыландырулар жасауы, сондай-ақ ауызша және жазбаша қорытындылар шығаруға үйренуі қажет.
Оқыту тиімділігінің қажетті және маңызды шарты оқушылардың үйреніп жатқан материалын меңгеруінің үстінен бақылау жасау. Дидактикада оны жүзеге асырудың түрлі қалыптары жасалған. Бұл оқушылардан ауызша сұрау: бақылау жұмысы мен өзіндік жұмысы; үй жұмысын тексеру; тест алу сияқты әдістер болып табылады. Дидактикада сабақтың түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне т.б. байланысты бақылаудың ол немесе бұл қалыбынан, жеткілікті түрде бақылауды жүзеге асырудың методикасы жасалған.
Бастауыш мектептің математиканы оқытудың методикасында өзіндік және бақылау жұмыстары, оқушылардан жеке (индивидуал) жазбаша сұрау өткізудің нәтижелі құрылғылары жаратылған. Кейбір дидактикалық материал бағдарламаларының шектеулі шеңбердегі мәселелерінің меңгерілуін рейтинг жүйесімен бақылауға, ал басқалары бастауыш мектеп математика курсының барлық негізгі тақырыптарын бақылауға арналған. Кейбір дидактикалық материалдарда (әсіресе, аз комплекті мектепке арналған) оқыту характеріндегі материалдар, ал басқаларында бақылауды жүзеге асыру үшін материалдар көптеу.
Бастауыш мектептің математикасында барлық дидактикалық матераиалдар үшін жалпы тапсырмалардың күрделілігі бойынша классификациялау. Бұл материалдар таңдап алынған идеяға орай, белгілі тақырып бойынша тапсырманың кейбір әдісін орындағаны оқушының бұл тақырыпты тек меңгергені ғана емес, толық анықталған дәрежеде меңгергені туралы куәлік береді.
Практикада оқытушылар көбінесе кейбір тапсырма әдістерінің бірі екіншісінен жеңіл немесе күрделі деп айтады. Бұдан тыс, дидактиткалық материалдар қаншалықты шебер жасалған болса да, олардың мазмұны мен құрылымында қаншалық өнімді және терең идеялар жүзеге асырылса да бәрібір олар барлық методикалық міндеттерді жылдам шеше алмайды.
Сонымен, дидактикалық материалдарды оқушылардың оқу материалдарын меңгеру дәрежесін бақылау әдістерінің бірі ретінде қарау керек. Сонымен қатар белгілі әдіс осы сынып, осы оқытушы үшін ең жақсы әдістің бірі болуы мүмкін. Сондықтан да дидактикалық материалдар оқытушы оқушылардың білімдерін меңгерту денгейін анықтау мүмкіндігін беретін индивидуал тексеру үшін бақылау түрлерін түзуден арылта алмайды. Бұл жалпы методиканың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Оқушыларды математика курсын үйренуге дайындау
I-IV сыныптарда математиканы оқытудың негізгі міндетіне жататын тәлім-тәрбиелік міндеттерді шешуде олардағы математика курсы бойынша қай деңгейде дайындығына байланысты. Сондықтан 1-сынып оқушыларының білімін анықтау, сынып оқушыларының білімін теңестіру, яғни, білімі төмен оқушылардың білімдерін жақсы білетін оқушыларға жеткізу міндеті тұрады. Оқытушы оқушылардың білімін төмендегі тәртіппен арнайы дәптерге жазып барады:

  1. Нешеге дейін санауды біледі?

  2. Нешеге дейін сандарды қосуды біледі?

  3. Нешеге дейін сандарды азайтуды біледі?

  4. >,<, = белгілерін қолдана алады ма?

  5. Белгісіздермен берілген қосу мен азайтуда бұл белгісіздіктерді таба алады ма?

  6. Қалыптың қайсы нормаларын біледі және сыза алады?

  7. Нешеге дейінгі сандарды жаза алады?

  8. Оңға, солға, аз, көп “еу”, “рет”, тең сияқтыларды ажырата алады ма?

  9. Ақша, баға, сағат, минут, ұзындық, масса өлшем бірліктерімен істей алады ма?

Оқушыларды оқытуға дайындауда негізгі жұмыс методы талқылау, синтез, салыстыру, жалпыландыру, класификациялау тәрізді ой операцияларын орындау дағдыларын қалыптастыруға қаратылған болуы тиіс. Мұндай жұмыстар оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуін дамытуға үлкен жәрдем береді, сондай-ақ математикалық білімдерді меңгеруге қызығуы арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет