Методтар:көрнекіліктер, хикая, сұхбат арқылы баяндау.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтыңбарысы
Оқытушының хикаясы.
Адамдар уақытты өлшеу үшін сағатты ойлап тапқан. Алғашында күн сағаты болған. Оларды тек қана күндізі пайдаланатын болған.
Египеттік күн сағаттарында 2 ұзын тақтай бұрыш түрінде қойылған. Таңертең күннің шығуымен ұзын тақтайда көлеңкені белгілеген. Бұл уақытта таңертеңгі сағат 6 00 деп есептеген. Сосын таңғы көлеңкенің ұзындығын 6 бөлімге бөлген. Нәтижеде барлығы 12 сағат болып, 6 сағат күндіз, 6 сағат түн келіп шыққан. Кейінірек басқа сағаттар пайда болды. Олар кешкі уақытты да анықтаудың мүмкіндігін берді. Мысалы: су сағаттары, құм сағаттары, механикалық және электрондық сағаттар бар.
Қазіргі сағаттардың цифербалты 12-ге бөлінген. Әр бөлімнің алдына 1- ден 12-ге дейін жазылған.Сағаттың кіші стрелкасы 1 саннан 2 санға 1 сағатта өтетін етіп түзілген. Сағаттың үлкен стрелкасы 1 сағаттың ішінде барлық сандарды басып өтеді.
1.Мәселелерді шешіңіз.
Сағаттарқа қарап уақытты анықтаңыз.
Төмендегі уақыттарда сағаттың стрелкалары қалай орналасады? а) 4-тен 15 минут өткенде.
ә) 9-дан 48 минут өткенде? б) 15-тен 55 минут өткенде? в) 22-ден 10 минут өткенде?
Ұшақ сағат 7-ден 15 минут өткенде аспанға көтерілді, сағат 10-нан 20 минут өткенде жерге қайта қонды. Ұшақ аспанда қанша уақыт ұшқан?
Поэзд таңертең сағат 9-дан 18 минут өткенде жолға шықты, баратын жеріне 21-ден 56 минут өткенде жетті. Поэзд қанша уақыт жол жүрген?
Театр қойылымы кешкі сағат 10-нан 50 минут өткенде аяқталды. Егер ол 3 сағат 20 минут болса, қойылымның қашан басталғанын анықтаңыз.
Салыстырыңыз.
3 сағат 48 минут
36 секунт 48 минут
1 сағат 18 минут 118 минут
5 сағат 6 минут 56 минут
20 минут 40 секунт 200 секунт
минут 8 секунт 48 секунт