Жаңа материалды нығайту. Бұл басқышта оқушыларға шығарылған қорытынды, пікірталастарын еске түсіру, одан соң нығайту үшін тапсырма беру тиіс. Бұл тапсырманы орындау арқылы өтілген жаңа білім нығайтылады және бірінші рет практикаға енгізіледі. Әдетте бірінші тапсырмалар топ болып орындалады. Кейде жаттығу мен мысалдар ерікті түрде орындалған соң, бір оқушы тақтаға шығып, осы қағиданың дұрыс екенін мысалдарды шешу арқылы көрсетіп береді.
Оқу материалының күрделілігіне қарай әр басқышта рационал жол табылады.
Бастауышсыныптардаматематикасабағынадайындалу
Математика сабағына дайындалуда бірінші кезекте оқушыларға жаңа сабақ материалы негізінен дайындығы қандай, мұның үшін нені қайталау қажеттігін анықтау керек.
Оқытушы матемтаика бағдарламасын, жұмыс жоспарын, оқулық пен оқу қолданбаларын, методикалық әдебиеттерді дайындаған соң, кезектегі сабаққа дайындықты бастайды. Ең алдымен кезектегі сабақ математика бағдарламасында қай орында, қай тақырыптармен байланысты жағдайда, ережені неге байланысты түрде түсіндіру қажеттігін анықтайды. Бұл сұрақтардың бәрі баяндалған соң, сабақтың негізгі дидактикалық мақсатының ерекшелігін орнату қажеттігі шығады. Ал бұл сабақтың мазмұнын анықтауға жәрдем береді. Сабақтың дидактикалық мақсатында оның мазмұнынан сабақтың бір жүйесіне кіреді, яғни сабақтың арнаулы бөлімдерінің орындалуы, олардың органикалық бірлігі сабақтың бөлімдерін
толықтырады және өзара бір-бірін байланыстырады. Сабақтың жоспарын немесе мәтінін түзуде тақырыптың дидактикалық мақсатына жауап беретін негізгі бөлімдерді түзуден бастау қажет. Егер сабақ жаңа білімдерді баяндаудан тұрса, мысалы: үш таңбалы сандарды жазбаша қосу туралы тақырып болса, онда оқытушы алдын оқушыларға жазбаша қосу алгоритмін баяндауды, ал одан кейін өткен сабақтан нені қайталауды, жаңа тақырыпты жақсы меңгеру мүмкіндігін, яғни, тақырыптан бұрын үй тапсырмасын тексеру қажет пе, жоқ па жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға қайсы тапсырманы ұсынуын ойлау қажет. Содан соң оқытушы қайсы оқу материалымен сабақтың кейбір бөлігін толтыру қажеттігін, оқытудың қай метод және тәсілдерін қолдану, қандай көрнекі құралдарды дайындау және қолдану мүмкіндігін есепке алады.
Сабақтың әрбір бөлімін орындау үшін қанша уақыт кетуін анықтау тиіс. Ал сабақтың негізгі бөлігі сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға бағытталуы керек.
Сабаққа дайындық жасауда оқушыларға берілген тапсырманы орындау тәсілдерін үйрету, яғни мысал мен жаттығуларды шешу, схемалық жазулар мен графикалық жұмыстарды дайындау оқытушының өзіне пайдалы. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтаған соң, сабақтың жоспары немесе мәтіні жазылады.
Сабақтың жоспарында тақырып және дидактикалық мақсат пен пайдаланылатын көрнекі құралдар беріледі. Тәртіппен сабақ бөлімдерінің аты және оның мазмұны, сондай-ақ шамаланған уақыт көрсетіледі.
Сабақтың мәтінінде мүмкіндігінше барлық пікірлері толық беріледі. Сұхбат өткізуде жәрдем беретін сұрақтардың бәрі беріліп, оқушылардан күтетін жауаптар жазылады.
Мәселе мен жаттығуларды шешуде пайдаланылатын көрнекіліктер жазылады. Сөйтіп оқытушы төмендегі міндеттерді орындауы қажет.
Оқу бағдарламасы мен оқытушының жосапарында сабақтың орнын анықтау.
Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын анықтау.
Сабақтың мазмұнын анықтау.
Сабақтың басқыштарын түзу.
Сабақтың жосапарын жасау.
Сабақтың мәтінін жазу.
Сабақ өту методтерын анықтау.
Әрбір басқышқа кеткен уақытты анықтау.
Сабақта және үйге берілетін мәселе мен жаттығуларды орындау.
Көрнекі құралдарды дайындау, т.б.
Математикасабағынөткізу.
Математика сабағының жоспар немесе мәтіні оқытушыға оқушылармен орындалатын жұмыс түрінің бағыты мен кетпе-кеттігін, алгебралық өрнек үлгілерін көрсетеді.
Оқытуышы сабақ өтуде түзген жоспар немесе мәтіннен еркін пайдаланады, кейде түзген жоспарынан тысқа шығу қажеттілігі туындайды. Мысалы, оқытушының баяндамасы оқушыларға түсініксіз болса, қосымша түсіндіреді, оқушылар түсінуге қиналса, қажетті көмек беріледі. Білімді нығайтуда орындалған жаттығулар жеткілікті болса, кейбіреулерін қалдыруға болады. Оқушылар сабақты қалай түсінгенін білу үшін сұрау, тапсырмаларды орындауды тексеру мүмкін.