Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет


§. Математика оқыту методикасының пән ретінде қалыптасуы



бет3/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

§. Математика оқыту методикасының пән ретінде қалыптасуы


Заманалық бастауыш білім неден тұрады? Бала 1-4 сыныпта қандай білімге ие болуы керек? Оқушыларға қашаннан бастап, қалай, қай тәсілде ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптарды үйретуіміз және оны оқушылардың санасына тереңірек сіңдіруіміз қажет, деген сұрақтар бастауыш білім жүйесінің алдындағы негізгі мәселелердің бірі болып келеді.
Соңғы жылдарда елімізде мектепте математиканы оқыту, бастауыш білім жүйесінде өзінің көлемі мен маңыздылығы жағынан үлкен өзгерістерді жүзеге асырды. Мысалы, 1997 жылғы 24 августегі «Білім туралы» заңның 12- бабында I-IV сыныптарды оқытуға арналған. Өзбекстан Республикасы
«Кадрларды дайындауыдың Ұлттық бағдарламасының»
3.3.1- банди үздіксіз білімді дамытуда I-IV сыныптарда оқытуды ұйымдастырудың жоспарлары берілген.
Мектеп білімінің алдына жаңа мақсаттардың қойылуы математиканы оқыту мазмұнының түбегейлі өзгеруіне алып келуде. Математиканың бастапқы курсының мазмұнында да, оқулық пен қолданбалардан пайдалану методикасында да даму үрдісін талап етеді.
Математика сөзі грекше «matһema» сөзінен алынып, «пәндерді білу» деген мағынаны білдіреді. Математика пәнінің үйренетін нысаны кеңістік денелері мен олардың арасындағы көлемдік қарым-қатынастардан тұрады.
Мекетеп математикасы курсының мақсаты – оқушыларға олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып, математикалық білімдердің жүйесін беруден тұрады.
Математикалық білімдер жүйесі оқушыларға белгілі әдіс-тәсілдер (методика) арқылы жеткізіледі.
«Metodika» грек тілінен алынған сөз болып, «әдіс» яғни жол деген мағынаны білдіреді.
Математика методикасы педагогика пәнінің жүйесіне жататын педагогиканың саласы болып, қоғам жағынан қойылған оқыту мақсаттарына сәйкес математиканы оқытудың заңдылықтарын математиканың дамуының белгілі басқышында енгізеді. Оқытуда жаңа мақсаттардың қойылуы математиканы оқыту мазмұнының түбегейлі өзгеруіне алып келеді.
Бастауыш сынып оқушыларына математикадан нәтижелі білім беру үшін алдымен оқытушы бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасын жан-жақты үйреніп, терең меңгеруі қажет.
Математика бастауыш білім методикасының предметі төмендегідей:

  1. Математиканы оқытуда көзделген мақсатты негіздеу(математика не үшін оқытылады, үйретіледі).

  2. Математиканы оқытудың мазмұнын ғылыми тұрғыдан жасау (нені үйрету) бір жүйеге салған білім дәрежесін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес түрде қалай бөлінсе, пән негіздерін үйренуде бірізділік қамтамасыз етіледі. Оқу жұмыстарына оқу жаттығулары беретін жүктеме жойылады және білімнің мазмұны оқушылардың жақсы білу мүмкіндіктеріне сай келеді.

  3. Оқытудың методтарын ғылыми тұрғыдан істеп шығу (қалай оқыту керек, яғни, оқушылар қазіргі кезде қажет болған экономикалық білімдерді, іскерлік пен дағдыларды және психологиялық қабілеттерді меңгеру үшін оқу жұмыстары меттодикасы қалай болуы керек?

  4. Оқыту құралдары – оқулықтар, дидактикалық материалдар, көрнекіліктер және оқу-техника құралдарынан пайдалану( ненің көмегінде оқыту).

  5. Білімді ұйымдастыруды ғылыми істеп шығу (сабақ пен білімнің сабақтан тыс қалыптарын қалай ұйымдастыру):

Оқытудың мақсаты, мазмұны, методтары, құралдары және қалыптары методикалық жақтарының негізгі құрамдарында күрделі болғандықтан оны өзіне сай графикпен суреттеу мүмкін.
Математиканы оқыту методикасы басқа пәндермен, ең алдымен, математика пәні - өзінің тірек пәнімен үздіксіз байланысты.
Қазіргі заман математикасы натурал санның түсінігін негіздеуде жиындар теориясына сүйенеді.
Бастауыш сыныптарға арналған қазіргі заман математика оқулығында бірінші сыныптар үшін берілген мынадай тапсырмалар бар: «Суретте жүк
машинасы қанша болса, бір қатардағы сонша торкөзді боя, суретте автобус қанша болса, екінші қатардағы сонша торкөзді бояп шық».
Мұндай тапсырмаларды орындау оқушыларды көрсетілген жиындардың элементтерінің арасында өзара бір мәнді сәйкестік орнатуға үндейді, ал, бұл натурал санның түсінігін қалыптастыруда маңызды орынға ие.
МОМ (математиканы оқыту методикасы) жалпы математика методикасына байланысты. Жалпы математика методикасында белгіленген заңдылықтар кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалады.
Бастауыш сынып МОМ педагогика және жаңа педагогокалық технология пәндерімен тығыз байланыста болып, оның заңдылықтарына сүйенеді. МОМ мен педагогиканың арасында екі жақты байланыс бар.
Бірінші жағынан математика методикасы педагогиканың жалпы теориясына сүйеніп, соның негізінде қалыптасады. Бұл жағдай математиканы оқыту мәселелерін шешуде методикалық және теориялық жақындықтың бүтіндігін қамтамасыз етеді.
Екінші жағынан, педагогиканың жалпы заңдылықтарын қалыптастыруда жеке методикалар жағынан алынған мәліметтерге сүйенеді, бұл оның өміршеңдігі мен анық екендігін қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, педагогика методикалардың анық материалдарымен
«азықтанады», одан педагогиканы жалпыландыруда пайдаланады және өз кезегінде методикаларды істеп шығуда жол-жорық болып қызмет атқарады.
Математика методикасы педагогика, психология және жас психологиясымен тығыз байланысты. Бастауыш сыныптың математика методикасы білімнің басқа да пән методикалары (ана тілі, табиғаттану, сурет және басқа піндерді оқыту методикасымен) тығыз байланысты.
Оқытушы оқыту барысында пәнаралық байланысты дұрыс жүзеге асыру үшін мұны есепке алуы өте маңызды.
Ғылыми-зерттеу методтары – мұндай заңды байланыстарды, қарым- қатынастарды орнату және ғылыми теорияларды жасау мақсатында ғылыми ақпараттарды алу әдісі болып табылады.
Бақылау, тәжірибе, мектеп құжаттарымен танысу, оқушылардың жұмыстарын үйрену, сұхбат пен анкеталар өткізу ғылыми-педагогикалық зерттеу методтарының құрамына жатады.
Кейінгі уақытта математикалық және педагогикалық методтардан, сондай-ақ, математиканы оқытуда моделдеу методтарынан пайдалану енгізілуде.
Математика методикасы білім үдерісімен байланыста болған төмендегі үш сұраққа жауап береді:

  1. Не үшін математиканы үйрену керек?

  2. Математикадан нені үйрену керек?

  3. Математиканы қалай үйрену керек?

Математика методикасы туралы түсінік алғаш швейцариялық педагог, математик Г.Песталоцидің 1803 жылы жарық көрген «Санды көрнекіліктермен үйрену» еңбегінде баяндалған. Бастауыш білім туралы ұлы
ғұламалар Әбу Райхан Беруни, Әбу Әли Ибн Сина тағы басқалар білім мен тәрбие жайлы өз пікірлерінде бастауыш білімнің негіздерін үйрену проблемалары туралы өз кезеңінің үздік идеяларын алға сүрген.
МОМ өзінің жасалу ерекшелігіне орай шартты түрде үш тарауға бөлінеді:

  1. Математиканы оқытудың жалпы методикасы.

Бұл тарауда математика пәнінің мақсаты, мазмұны, методологиялық қалыбы, методтары мен құралдарының методикалық жүйесі педагогикалық, психологиялық заңдар және дидактикалық принциптер негізінде ашып беріледі.

  1. Математиканы оқытудың арнаулы методикасы.

Бұл тарауда математиканы оқытудың жалпы методикасының заңдары мен қағидаларын анық тақырып материалдарына енгізудің жолдары көрсетіледі.

  1. Математиканы оқытудың тиянақты методикасы. Бұл тарау екі бөлімнен тұрады:

а) Жалпы методиканың жеке мәселелері. б) Арнаулы методиканың жеке мәселелері.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасы бүкіл педагогикалық зерттеулерде педагогикалық технология, ақпарат технологияларының жетістіктерінде қолданылатын методтардан пайдаланады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, оның теориялық негіздері мен принциптерін істеп шығу, елес жасау, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасының қалыптасуында негізгі кезеңдер болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет