Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет179/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Технологиясы:
Қосымша ыдысқа 150 мл суды өлшеп, 2,0 г натрий 
бромидін ерітеді, фильтрлейді. Келіде 1,5 г камфораны 1,5 мл 90% спиртпен 
ысқылайды (қиын ұнтақталатын зат) 1,5 г желатоза және 1,5 мл натрий бромиді 
ерітіндісін қосып жұқа пульпа түзілгенше ысқылайды: 30 мл ерітінді қосады
араластырып, 1-2 минут тыныштықта қалдырады. Бетіндегі ерітіндіні босататын 
құтыға құяды. Тұнбамен осы операцияны бірнеше рет қайталап, ерітіндінің соңғы 
бөлігімен келіні шайып, құтыға құяды. 10 мл адонизидті қосып, тығындап, 


247 
босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге» ескерту этикеткасы «Қолданар 
алдында шайқа» 
Күкірт суспензиясын
дайындау.
Күкіртті тұрақтандыру үшін шайыр, 
желатоза және басқа тұрақтандырғыштарды қолдануға болмайды, себебі олар 
күкірттің фармакологиялық белсенділігін төмендетеді. Күкірт суспензиясында 
тұрақтандырғыш ретінде калий немесе медициналық сабын қолданылады. 1,0 г 
күкіртке 0,1-0,2 г сабын алынады. Медициналық сабын дайын суспензияға ең 
соңында енгізіледі. 
 
Rp.: Sulfurіs praecіpіtatі 4,0 
Spіrіtus aethylіcі 10 ml
Glycerіnі 15,0
Aquae purіfіcatae 180 ml
M.D.S.
Бетті сүртуге 
Жазылымда салмақпен дозаланатын глицерин берілген. Ерітіндінің жалпы 
көлемін есептеу үшін, глицериннің көлемін есептейді. Ол үшін:
m
спирт
= V 



глицерин тығыздығы – 1,224 г/м

V = 
мл
m
3
,
12
224
,
1
0
,
15



V
ж
= 10 мл + 12,3 мл + 180 мл = 202,3 мл
Құрғақ заттың концентрациясы
4,0 - 202,3 мл
х - 100 мл 
х = 1,97% < 3%
Салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады. Күкіртті медициналық сабынмен 
тұрақтандырады. 
1,0 - 0,1 г сабын 
4,0 – х
х = 0,4 медициналық сабын 
Рецептіде спирттің концентрациясы көрсетілмеген, сондықтан ҚР 
Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 18.04.2000 ж. № 224 «Этил 
спиртін шығындау нормативтері мен есепке алу тәртібі» бұйрығының 
(құрамында спирт бар сұйық дәрілік түрлерді салмақ-көлемдік әдіспен 
дайындау жөніндегі нұсқауының) 3 тармағына сәйкес 90% спирт қолданылады. 
Б.П. 
Sulfurіs praecіpіtatі 4,0 
Glycerіnі 15,0
Aquae purіfіcatae 180 ml
Saponіs vіrіdіs 0,4 
Spіrіtus aethylіcі 90% 10 ml
V
ж
= 202,3 ml 


248 
Технологиясы: 
Рецептіде глицерин жазылған, ол гидрофобты қасиеті 
бар күкірт бөлшектерінің бетін жібітіп, оның майдалануын жеңілдетеді. 
Тарирленген босататын құтыға 15,0 г глицеринді өлшейді. Келіге 4,0 г күкірт 
салып, 2,0 г глицеринмен жұқа пульпа түзілгенше ысқылайды. Алынған 
қоспаға 40 мл су қосып, лайлайды, 1-2 минутқа тыныштықта қалдырып
жоғарғы қабатын босататын құтыға құйып алады. Бұл операция тұнба толық 
лайлы күйге өткенше жүргізіледі. Судың соңғы бөлігімен келіні шайып, 
құтыға құяды. 10 мл 90% спирт және 0,4 г калий сабынын қосады, 
араластырады. Құтыны тығындап, дайын өнімді босатуға безендіреді. Этил 
спирті сандық есепте тұрады, сондықтан рецепт дәріханада қалдырылады, ал 
науқасқа сигнатура беріледі. 
Егер суспензия құрамына ауыр металл тұздары және жерсілтілі металдар 
енсе, онда тұрақтандырғыш ретінде калий сабынын қолдануға болмайды
себебі ерімейтін тұнба түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет