Оқулық шымкент, 2018 жыл


Сұйық дәрілік құралдармен ұнтақтар дайындау



Pdf көрінісі
бет85/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 Сұйық дәрілік құралдармен ұнтақтар дайындау. 
Күрделі ұнтақтар 
құрамына 
 
сұйық дәрілік құралдар
 
тұндырмалар, сұйық экстрактылар, эфир 
майлары және т.б. енгізілуі мүмкін.

Оларды дйындау тәсілі енгізілетін 


сұйықтықтың мөлшеріне және түріне ғана емес, сонымен бірге жазылымдағы 
дәрілік құралдардың физика-химиялық қасиеттеріне де байланысты.
Егер күрделі ұнтақ құрамындағы сұйықтық мөлшері шамалы (1,0 г ұнтақ 
қоспасына 2-3 тамшы) болса, бұл кезде бар сұйықтық ұнтақпен 
адсорбцияланады және ұнтақтың сусымалдығы бұзылмайды. Кейбір 
жағдайларда сұйықтықты көбірақ қосуға болады, егер қосылған сұйықтық 
ұнтақтың неғұрлым аз мөлшерін ерітсе, онда соғұрлым көп мөлшерде 
сұйықтық қосуға болады. Сұйықтық ұнтақ қоспасымен біркелкі араласуы 
үшін, араластыруды күрделі ұнтақтарды дайындау ережесі бойынша жүргізу 
керек. 
Бір ұнтақ салмағы жалпы ұнтақтар қоспасының салмағымен анықталады, 
себебі қосылатын сұйықтық ұнтақты дайындау процесі кезінде жартылай 
буланады. 
 
 


130 
Rp.: Phenobarbitali 0,03
 
 
 
 
0,03 • 10 = 0,3 
Phenacetini 0,3

0,3 • 10 = 3,0 
Tincturae Valerianae gtt II 
 
 
 
2 т. • 10 = 20 тамшы 
Mіsce fіat pulvіs 
Da tales doses № 10
 
Sіgna.
1 ұнтақтан күніне 2 рет 
Жазылым құрамына естен тандыратын қасиеті бар күшті әсер ететін зат 
– фенобарбитал және шүйгіншөп тұндырмасы кіретін күрделі дозаланған 
ішуге арналған ұнтақ берілген. 
Б.П. 
Phenacetini 3,0
Phenobarbitali 0,3
 
Tincturae Valerianae gtt XX
Технологиясы. 3,0 г фенацетинді келіде ұнтақтап, шамамен 0,3 г келіде 
қалдырады, қалғанын капсулаға төгеді. Содан соң келіге 0,3 г 
фенобарбиталды қосады, араластырады. Алынған қоспаға 20 тамшы 
шүйгіншөп тұндырмасын тамшылатып қосып, бірнеше минутқа кептіруге 
қалдырады, араластырады және фенацетиннің қалған мөлшерін біртіндеп 
қосады. Дайын біркелкі ұнтақ қоспасын өлшеп, бір ұнтақтың мөлшерін 
анықтайды. 10 пергамент капсулаға дозалап, орамдап, босатуға безендіреді.
Егер ұнтақ құрамына сұйық дәрілік зат едәуір мөлшерде кірсе, онда 
ылғалдығы жоғары немесе кейде – қамыр тәрізді масса алынады. Бұл кезде 
сұйықтың бір бөлігін су моншасында 60
0
С температурада буландырады 
(итжидек 
тұндырмасы, 
строфант 
тұндырмасы, 
субұрышы 
сұйық 
экстрактысы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет